Ақпараттарды пайдалану шарттары
NL International орыс тілді ресми сайттарында жарияланған ақпараттарды пайдалану шарттары
1. Ресми ресурстар тізімі
Компанияның ресми сайттарына төмендегі мекенжайларда орналасқан ресурстар жатады:
- http://nlstar.com
- http://nlstar.com/catalog/
- http://nlstar.by
- http://www.nlstar.com/ru/eu/
- http://www.energydiethd.com
NL International сауда маркалары атап өтілетін барлық орыс тілді өзге сайттарға компанияның ешқандай қатысы жоқ.
Сондай-ақ компанияның әлеуметтік желілерде ресми парақшалары бар, онда ресми сайттардың ақпараттары да (жаңалықтар, презентациялар), эксклюзивті хабарламалар да жарияланады:
- https://youtube.com/nlinternational
- https://youtube.com/user/ProductsNL
- https://youtube.com/user/EnergyLifeNL
- https://vk.com/nlcoalition
- https://vk.com/e_nergylife
- https://instagram.com/nl_int
- https://instagram.com/e_nergylife/
- https://vimeo.com/nlint
- https://www.periscope.tv/NL_Int/
- https://t.me/nl_news
- https://t.me/nl_assistant_bot
iOS және Android-қа арналған NL Store қосымшасы
iOS және Android-қа арналған NL Reader қосымшасы
iOS және Android-қа арналған табысты кәсіпкерліктің үлгісі
2. Ақпараттар мен сауда белгілеріне берілетін құқықтар туралы
NL International орыс тілді ресми сайттарында және әлеуметтік желі парақшаларында жарияланған ақпараттардың иесі «НЛ Континент» ЖШҚ, Ресей және ТМД елдеріндегі NL International басқарушы компаниясы болып табылады. Барлық контент – мәтіндер, иллюстрациялар, видео мен сайттардың дизайны, Ресей Федерациясының Азаматтық кодексімен қорғалады. Контенттен бөлек, компанияның тауар белгілері де – «NL International» атауынан бастап барлық өнімдердің атауларына дейін заңмен қорғалады.
Ресей Федерациясының Азаматтық кодексі, төртінші бөлім
VII бөлім. Зияткерлік қызмет нәтижелері мен даралау құралдарына берілетін құқықтар
3. Сайттардан қандай ақпараттарды алуға болады, және оны қалай алған дұрыс
Компания кез келген адамның пайдалануына болатын өзіне тиесілі материалдарды қолданудың бірнеше тәсілін ұсынады.
- Ресми сайттардың немесе онда қамтылған материалдардың тікелей сілтемесін қою. Біздің ресурстарымыз аптасына 7 күн, тәулігіне 24 сағат бойы ашық, сондықтан адамдар өздеріне жіберілген сілтеме арқылы өтіп, сондағы материалдармен кез келген уақытта таныса алады. Сілтемені бөлісу үшін, оны өз блогыңызға немесе кез келген әлеуметтік желідегі парақшаңызға жариялауыңызға болады.
- Әлеуметтік желілерге сілтеме қоюды жеңілдету үшін, әр мақала мен маңызды посттың астында «Бөлісу» бөлімі орнатылған. Оқырман керекті ақпаратты бөлісу үшін, әлеуметтік желілер тізімінен қажеттісін таңдап, соны басса болды – барлығы автоматты түрде жарияланады.
- Сайттардан материалдарды көшірудің басқа тәсілдерін (мақалаларды, жаңалықтарды және өзге де жарияланымдарды толығымен көшіру) қолдануға NL International редакциясының жазбаша рұқсатымен, жеке-жеке рұқсат етіледі.
4. Интернет-дүкендердің иелеріне арналған ақпарат
NL International өнімдерін ресми nlstar.com дүкенінен басқа бөгде интернет-дүкендерге сатуға Компанияның стандарттарының негізінде тыйым салынған. Компания тарапынан интернет-дүкендерге компанияға тиесілі кез келген контентті, соның ішінде Интернетте жарияланған контентті пайдалануға рұқсат етілмейді. Мұндай шаралар NL International компаниясының беделін қорғау саясатының бір тармағы болып табылады.