Старая версия сайта

Перейти
TenX, Tenero

Шағын крем-опа

Қоңыр-сарғыш түс

Крем-опа – бір өзінің бойына тоналды крем мен опаның артықшылықтарын жинаған, жаңа заман құралы. Құрамында гиалурон қышқылын, Е және С дәрумендерін қамтыған күтім жасағыш формулалар теріні ылғалдандырылған, нәзік әрі жұмсақ етіп, әп сәтте HYDRA-BOOST эффектін береді. Бұл өнім барлық тері түрлеріне жарайды: опа құрғақ теріні одан сайын құрғатып жібермейді, ал майлы теріде ол жылтырды жояды. Ұзаққа сақталатын табиғи тегіс жабын түзеді. Беттің реңін мүлтіксіз тегістер, кемшіліктер мен ұсақ әжімдерді жасырады. 

Нетто массасы: 7 г/ 0,28 oz

Еуропада жасалған 

1080 ₽

Бұл реңк бет терісі сарғыш келетін қыздарға жарасады. Шағын опа-крем – күнделікті және кешкі макияж жасаудағы нағыз must have. Гиалурон қышқылы, Е және С дәрумендері өосылған бірегей формуланың арқасында ылғалдандырылған, күтім жасалған әрі жұмсақ тері эффектісіне қол жеткізуге болады. Бұл опа терідегі кемшіліктерді мүлтіксіз жасырып, терінің табиғи жылтырын арттырады. 

Кімдерге арналған?

  • Жарқын, батыл да сәнқой аруларға. 
  • Сән-салтанатты сақтап жүретіндерге. 
  • Трендтегі түстерді іздеп жүретіндерге. 
  • Косметиканың тұрақтылығын бағалайтындарға. 
  • Тұрақты жабын түзіп, түсіп қалмайды. 
  • Теріге күтім жасайтын арнайы формуланың құрамында гиалурон қышқылы, Е және С дәрумендері бар. 
  • Теріге балғын әрі күтім жасалған түр береді. 
  • Тығыз әрі тұрақты текстураның арқасында терідегі барлық кемшіліктерді тамаша жасырады. 
  • Терінің тыныс алуына мүмкіндік береді, терідегі ұсақ тесіктерді бітемейді. 
  • Шағын әрі ыңғайлы, сөмкеге оп-оңай сыйып кетеді. 
  • Дерматологтардың тексеруінен өткен. 
  • ЕО-та шығарылған. 
  • Е дәрумені – терінің созылғыштығын арттырады, терідегі айқын көрінетін қартаю белгілерінің пайда болуын кешеуілдетеді, антиоксиданттық әрекет етеді, теріні қоректендіріп, ылғалдандырады. 
  • С дәрумені – күшті антиоксидант, бос радикалдармен күресуге септеседі, эпидермис жасушаларын қалпына келтіреді, ісу-қызару процестерінің алдын алады, коллагеннің өндірілуіне себептеседі.
  • Гиалурон қышқылы – күшті физиологиялық ылғалдандырғыш, теріні жұмсақ, балғын етіп жасартады. Құрғақ климаттың өзінде ылғалдандырғыш әсерін жоғалтпайды. Әжімдерді азайтып, олардың пайда болуына тосқауыл қояды.  

TALC, ALUMINA, MICA, DIMETHICONE, SILICA, OCTYLDODECYL STEAROYL STEARATE, CAPRYLYL GLYCOL, POLYBUTENE, PHENOXYETHANOL, HEXYLENE GLYCOL, NYLON-12, AQUA, SODIUM HYALURONATE, DEHYDROACETIC ACID, BENZYL ALCOHOL, TOCOPHEROL, LECITHIN, ASCORBYL PALMITATE, GLYCERYL STEARATE, GLYCERYL OLEATE, CITRIC ACID, [+/-] CI CI 77491, CI 77492, CI 77499, 77891.

Спонж немесе қылқаламның көмегімен опаны бетке түгел жағыңыз. Тек теріге жағып қолдануға арналған. 

Сіздің тұрғылықты жеріңіз