Сайттың ескі нұсқасы

Аударым жасау
TenX, Tenero

Бетке жағатын консилер

213 Қоңыр-сарғыш түс

Текстурасы тығыз, крем тәріздес консилер. Құрамында түзеткіш компоненттердің мөлшері көп болғандықтан, терідегі кемшіліктерді, мимикалық әжімдер мен көздің астындағы дақтарды тамаша жасырады. Консилер терінің табиғи реңімен бірігіп, шаршау мен стресс іздерін оңай жасырады. Бет терісіне табиғи әрі таза өң беріп, жеп-жеңіл жабынмен қаптайды. 

Нетто салмағы: 2,8 г - 0,099 oz

730 ₽
!Сыйлық шотынан төлеуге болады

TenX консилері – беттің өңін мінсіз тегіс етуде must have құрал. Көзге анық көрініп тұратын кемшіліктерді жасырады: көздің астындағы дөңгелек дақтарды, безеу іздерін, қызаруларды, пигменттік дақтарды оңай жасырады. Бет терісінің табиғи өңімен тұтасып кететін тығыз жабын түзеді. Құрамында түзеткіш компоненттердің мөлшері көп болғандықтан, шаршау мен стресс іздерін оңай жасырады.

Кімдерге арналған?

  • Жарқын, батыл да сәнқой аруларға. 
  • Сән-салтанатты сақтап жүретіндерге. 
  • Трендтегі түстерді іздеп жүретіндерге. 
  • Косметиканың тұрақтылығын бағалайтындарға. 
  • Бет терісіндегі кемшіліктер мен көздің астындағы дөңгелек дақтарды жасырады. 
  • 10 сағатқа дейін сақталатын супертұрақтылық – түсіп не жан-жаққа жағылып қалмайды. ​
  • Барлық тері түрлеріне жарайды. 
  • Безеу шығармайды. 
  • Дерматологтар мен офтальмологтардың тестілеуінен өткен.
  • Жұмсақ текстурасы оңай жағылады. 
  • Ыңғайлы – қарындаш пішіні консилердің оңай әрі дәл жағылуын қамтамасыз етеді. 
  • Еуропада жасалған –​ TenX-ті декоративті косметика өндірісіндегі әлемдік көшбасшылар әзірлейді.

Isododecane, Dimethicone, Dimethicone/ Vinyl Dimethicone Crosspolymer, Silica, Synthetic Wax, Sucrose Tetrastearate Triacetate, Coco-Caprylate/ Caprate, Polybutene,  Polyglyceryl-4 Diisostearate/ Polyhydroxystearate/ Sebacate, Trimethylsiloxysilicate/ Dimethiconol Crosspolymer, Glyceryl Caprylate, Pentaerythrityl Tetra-Di-T-Butyl Hydroxyhydrocinnamate, Isoceteth-10, Phenoxyethanol, [+/-] CI 77891, CI 77491, CI 77492, CI 77499

Негізгі тонды жағар алдында, терінің жасырғыңыз келетін тұстарына корректорды жағыңыз. Тек теріге жағып қолдануға арналған. 

Құрамындағы кей компоненттерді көтере алмаған жағдайда қолданбаған жөн. 

Сіздің тұрғылықты жеріңіз