Сайттың ескі нұсқасы
Аударым жасауСіздің елдімекеніңіз:
73 3D көлем қара түс
Қара түсті 3D тушь кірпіктеріңіздің қалпын ерекше көлемді, арасы тамаша бөлінген әрі айрықша ұзын етіп түрлендіреді. Ең жіңішке де ұсақ кірпіктердің өзін бояп, кірпік жапсырып алғандай эффект беріп, нағыз голливудтық бейне жасауға көмектеседі. Көзқарасты ашық әрі айшықты етіп, кірпіктерді кез келген адамның назарын ұрлайтындай иілгіш етеді.
Түсі: қара
Көлемі: 13 мл/ 0.44 fl.oz.
Германияда шығарылған
Аса сәнді күнделікті және кешкі бейнелер жасауға таптырмас құрал. Бұл тушь көзді визуалды түрде үлкейтіп, көркін айшықтай түсетін 3D эффект береді. Оның көлемді щеткасы кірпікті ұзартып, арасын жабыстырмай бөліп, көрген жанды еліктіретіндей иілгіш етеді. Тушьтің икемді текстурасы оңай жағылып, кірпіктің ұзына бойына біркелкі таралады. Ешқандай түйіршік қалдырмай, кірпікті ерекше көлемді әрі ұзын етеді.
Белсенді компоненттер:
Канола майы – күшті регенерациялағыш әрекет етеді, кірпікті қарқынды түрде қоректендіріп, қалпына келтіріп, оларды қалыңдатып, ұзартады.
Ши майы – шашты қарқынды түрде қоректендіріп, ылғалдандырады әрі ішінен күшейтеді. Шашты ультракүлгін сәулелер мен қоршаған ортаның жағымсыз әсерлерінен қорғайды.
Кімдерге арналған?
Аqua, Dimethicone, Cera Alba, Ozokerite, Copernicia Cerifera Cera, Styrene/Acrylates/Ammonium Methacrylate Copolymer, Stearic Acid, Butylene Glycol, PEG-15 Glyceryl Isostearate, Canola Oil, Hydrogenated Vegetable Oil, Polyglyceryl-3 Methylglucose Distearate, Butyrospermum Parkii Butter, Hydroxyethylcellulose, Silica, Tromethamine, Caprylyl Glycol, Sodium Laureth-12 Sulfate, Caprylhydroxamic Acid, Glycerin, Ammonium Hydroxide, Phenoxyethanol, Potassium Sorbate, [+/-]CI 77499.
Кірпіктің түбінен ұшына қарай сәл майыстырып, ұзына бойына тушьті біркелкі таратып жағыңыз.