Сайттың ескі нұсқасы

Аударым жасау
TenX, Tenero

Көз бояйтын қарындаш

405 Қоңыр-сарғыш металлик түсті

Қарындаштың табиғи слюда бөлшектері қосылған жылт-жылт еткен қоңыр-сарғыш реңкі мен мақпалдай текстурасы көзқарасты әп сәтте жаңартып жібереді. Әдеттегі жұмыс күндеріне сәл-пәл мерекелік көңіл күй қосып, осы ерекше қарындашпен сән-салтанатты кешкі бейне жасап шығарыңыз. 

Нетто салмағы: 1,2 г – 0,042 oz.

Еуропада жасалған

730 ₽
620 ₽

Қарындаш құрамындағы пигмент мөлшерінің көп болуы оның біркелкі әрі күңгірт болып жағылуын қамтамасыз етеді. Карнауб балауызына негізделген иілгіш текстура жіңішке әрі анық сызық жүргізіп, қаласаңыз оны оп-оңай smoky eyes макияжының реңкіне айналдырып жіберуге мүмкіндік береді. Бұл қарындашпен күндізгі және кешкі макияж жасауға болады. 

Кімдерге арналған?

  • Батыл да сәнқой аруларға. 
  • Сән-салтанатты сақтап жүретіндерге. 
  • Трендтегі түстерді іздеп жүретіндерге. 
  • Косметиканың тұрақтылығын бағалайтындарға. 
  • Smoky eyes жасайтын сәнді реңктердің мінсіз үйлесімі. 
  • 8 сағат бойы сақталатын супертұрақтылық –​ қарындаш түсіп не жан-жаққа жағылып қалмайды. 
  • Жұмсақ текстураның арқасында жеңіл жағып, реңкін келтіруге болады. 
  • Ыңғайлы –​ қарындаш пішіні бояуды жеңіл әрі дәл жағуды қамтамасыз етеді. 
  • Еуропада жасалған –​ TenX-ті декоративті косметика өндірісіндегі әлемдік көшбасшылар әзірлейді. 

Isododecane, Synthetic Wax, Hydrogenated Polydicyclopentadiene, Calcium Sodium Borosilicate, PEG/PPG-18/18 Dimethicone, Polybutene, Glyceryl Tribehenate/Isostearate/Eicosandioate, Silica, Nylon-12, Polyethylene, Perfluorononyl Dimethicone, Polyglyceryl-4 Diisostearate/Polyhydroxystearate/Sebacate, Synthetic Beeswax, Pentaerythrityl Tetra-Di-T-Butyl Hydroxyhydrocinnamate, Copernicia Cerifera Cera, Tin Oxide, [+/-] CI 77000, 77400, 77891, Mica.

Көздің ішкі бұрышынан сыртқы бұрышына қарай түзу де біртұтас сызық жүргізіңіз. Сондай-ақ қабақтың ішін бояйтын кайал есебінде де қолдануға болады. 

Құрамындағы кей компоненттерді көтере алмаған жағдайда қолданбаған жөн. 

Өнім туралы пікірлер

Сіздің тұрғылықты жеріңіз