Старая версия сайта

Перейти
TenX, Tenero

Бетті модельдейтін шағын еңлік

301 Карамель

Табиғи қызыл шырай эффектін жасап, жақ сүйегін бір қимылмен көлеңкелеп жіберіңіз! Гиалурон қышқылы қосылған, бетті модельдейтін еңлік беттің сопағын тамаша түзетіп, оны анық әрі айшықты ете түседі. Кез келген қыз балаға жараса кететін әмбебап карамель реңкі бейнеңізді сезімтал нүктемен аяқтап, келбетіңізді кіршіксіз етеді. 

Нетто массасы: 7 г/ 0,25 oz

1050 ₽
!Сыйлық шотынан төлеуге болады

Жылы реңкті, мақпалдай тегіс еңлік бетті жарқыратып, құрамындағы гиалурон қышқылының арқасында теріге керемет күтім жасайды. Гиалурон қышқылы теріні қарқынды түрде ылғалдандырып, оның созылғыштық қасиетін сақтап, оны жас әрі сұлу кейпінде сақтайды. Жеңіл текстура табиғи тегіс жабын түзеді. Барлық тері түрлеріне жарайтын, бетті модельдейтін еңлік бетте ұзақ тұрады әрі күні бойы қанық түсін жоғалтпайды. Бұл құралдың көмегімен сіз жақ сүйектеріңізді ерекшелеп, бетіңіздің сопағын түзетіп, дайындаған бейнеңізді оңай әрі тез аяқтайсыз. 

Кімдерге арналған?

  • Жарқын, батыл да сәнқой аруларға. 
  • Сән-салтанатты сақтап жүретіндерге. 
  • Трендтегі түстерді іздеп жүретіндерге. 
  • Косметиканың тұрақтылығын бағалайтындарға. 
  • Келбетіңізді әп сәтте тыныққан, сергек күйге келтіреді. 
  • Өте жіңішке әрі жеңіл жабын түзеді. 
  • Реңкі оңай келтіріледі. 
  • Барлық тері түрлеріне, тіпті сезімтал теріге де жарайды. 

Гиалурон қышқылы – күшті физиологиялық ылғалдандырғыш, теріні жұмсақ, балғын етіп жасартады. Құрғақ климаттың өзінде ылғалдандырғыш әсерін жоғалтпайды. Әжімдерді азайтып, олардың пайда болуына тосқауыл қояды.

Құрамы: TALC, NYLON-12, WATER, ISODECYL NEOPENTANOATE, POLYMETHYLSILSESQUIOXANE, MAGNESIUM STEARATE, DIMETHICONE, CAPRYLYL GLYCOL, SODIUM DEHYDROACETATE, PHENOXYETHANOL, DISODIUM EDTA, HEXYLENE GLYCOL, BENZYL ALCOHOL, DEHYDROACETIC ACID, SODIUM HYALURONATE, [+/-] CI 77491, CI 77492, CI 77499, CI 15850, CI 77891, CI 77007.

Еңлік жағуға арналған қылқаламның көмегімен еңлікті опаның үстінен жағыңыз. 

Бетті модельдеу үшін, еңлікті жақ сүйегінің астына, кеңсірікке және бетті нәзігірек ету үшін, беттің контуры бойынша жағу керек. 

Сіздің тұрғылықты жеріңіз