Старая версия сайта

Перейти
TenX, Tenero

Шағын аква-опа

203 Ақшыл-сарғыш түс

TenX топтамасындағы құрамына гиалурон қышқылы қосылған алғашқы өнім. Гиалурон қышқылы терінің табиғи ылғалдық деңгейін сақтап тұрып, бет терісін тегіс мінсіз жабынмен жауып, жарқыратады. Теріні балғын әрі күтім жасалған түрге келтіріп, ұсақ әжімдерді тегістеп, терінің созылғыштығын арттырады. Теріні жағымсыз факторлардың әсерінен қорғап, оның жас күйінде сақталуына ықпал етеді. 

Нетто массасы: 7 г/ 0,25 oz

950 ₽
!Сыйлық шотынан төлеуге болады

Крем тәріздес жеңіл реңк пен тегіс табиғи жабынды үйлестірген ақшыл тон. Гиалурон қышқылы қосылған барқыттай аква-опа теріні түбінен ылғалдандырып, оның табиғи ылғалдық деңгейін сақтап тұрып, бет терісін тегіс мінсіз жабынмен жауып, жарқыратады. Бетті жылтыратпай, біркелкі өң жасайды, терідегі кеңейіп кеткен тесіктерді тамаша жасырып, ұсақ әжімдерді тегістейді. Нәтижесі – балғын әрі күтім жасалған келбет, ультракүлгін сәулелердің зиянды әсерінен сенімді қорғау және дені сау, жарқыраған бет терісі. 

Кімдерге арналған?

  • Жарқын, батыл да сәнқой аруларға. 
  • Сән-салтанатты сақтап жүретіндерге. 
  • Трендтегі түстерді іздеп жүретіндерге. 
  • Косметиканың тұрақтылығын бағалайтындарға. 
  • Жібектей жұмсақ текстура теп-тегіс, мінсіз жабын түзеді. 
  • Жарық шағылыстырғыш микробөлшектер терідегі кемшіліктерді жасырады: көзге анық көрінетін әжімдер мен тесіктерді азайтып, кедір-бұдыр тұстарды тегістейді. 
  • Теріні кептіріп жібермейді, терідегі майда тесіктерді бітемейді. 
  • Барлық тері түрлеріне, тіпті сезімтал теріге де жарайды. 

Гиалурон қышқылы – күшті физиологиялық ылғалдандырғыш, теріні жұмсақ, балғын етіп жасартады. Құрғақ климаттың өзінде ылғалдандырғыш әсерін жоғалтпайды. Әжімдерді азайтып, олардың пайда болуына тосқауыл қояды.

Құрамы: TALC, NYLON-12, AQUA, ISODECYL NEOPENTANOATE, POLYMETHYLSILSESQUIOXANE, MAGNESIUM STEARATE, DIMETHICONE, CAPRYLYL GLYCOL, SODIUM DEHYDROACETATE, PHENOXYETHANOL, DISODIUM EDTA, HEXYLENE GLYCOL, BENZYL ALCOHOL, DEHYDROACETIC ACID, SODIUM HYALURONATE, [+/-] CI CI 77491, CI 77492, CI 77499.

Қалыңдатып жағу үшін, опаны бетіңізге тоналды флюидті жаққан соң жағыңыз. Жұқалап жаққыңыз келсе, бетіңізді опа жағатын қылқаламмен сәл опалап жіберіңіз. Сондай-ақ, айтылған екінші тәсілмен дайын макияжды бекітсеңіз болады.

Өнім туралы пікірлер

Сіздің тұрғылықты жеріңіз