Жаңа интернет-дүкен ұнады ма?

Пікір қалдыру Ескі нұсқа
TenX, Tenero

Көз бояйтын қарындаш

403 Қоңыр түс

Қанық қою қоңыр түсті қарындаш көздің қарасына көрік қосып, макияж жасауда шексіз шығармашылық мүмкіндіктер туғызады. Оның жұмсақ формуласы мен мақпалдай текстурасы жинақы «стрелкалар» сызып, қарындашты қабақтың үстіне тұтастай жағып, шырышты қабыққа кайал ретінде жағуға мүмкіндік береді. 

Нетто салмағы: 1,2 г – 0,042 oz.

Еуропада жасалған

730 ₽
660 ₽
!Сыйлық шотынан төлеуге болады

Қарындаш құрамындағы пигмент мөлшерінің көп болуы оның біркелкі әрі күңгірт болып жағылуын қамтамасыз етеді. Карнауб балауызына негізделген иілгіш текстура жіңішке әрі анық сызық жүргізіп, қаласаңыз оны оп-оңай smoky eyes макияжының реңкіне айналдырып жіберуге мүмкіндік береді. Бұл қарындашпен күндізгі және кешкі макияж жасауға болады. 

Кімдерге арналған?

  • Батыл да сәнқой аруларға. 
  • Сән-салтанатты сақтап жүретіндерге. 
  • Трендтегі түстерді іздеп жүретіндерге. 
  • Косметиканың тұрақтылығын бағалайтындарға. 
  • Smoky eyes жасайтын сәнді реңктердің мінсіз үйлесімі. 
  • 8 сағат бойы сақталатын супертұрақтылық –​ қарындаш түсіп не жан-жаққа жағылып қалмайды. 
  • Жұмсақ текстураның арқасында жеңіл жағып, реңкін келтіруге болады. 
  • Ыңғайлы –​ қарындаш пішіні бояуды жеңіл әрі дәл жағуды қамтамасыз етеді. 
  • Еуропада жасалған –​ TenX-ті декоративті косметика өндірісіндегі әлемдік көшбасшылар әзірлейді. 

Isododecane, Synthetic Wax, Hydrogenated Polydicyclopentadiene, PEG/PPG-18/18 Dimethicone, Polybutene, Glyceryl Tribehenate/Isostearate/Eicosandioate, Nylon-12, Polyethylene, Perfluorononyl Dimethicone, Polyglyceryl-4 Diisostearate/Polyhydroxystearate/Sebacate, Synthetic Beeswax, Pentaerythrityl Tetra-Di-T-Butyl Hydroxyhydrocinnamate, Copernicia Cerifera Cera, [+/-] Mica, CI 77499, CI 77491, CI 77492, CI 77510, CI 77891.

Көздің ішкі бұрышынан сыртқы бұрышына қарай түзу де тұтас сызық жүргізіңіз. Сондай-ақ қабақтың ішін бояйтын кайал есебінде де қолдануға болады. 

Құрамындағы жеке компоненттерді көтере алмаған жағдайда қолданбаған жөн. 

Өнім туралы пікірлер

Сіздің тұрғылықты жеріңіз