Старая версия сайта

Перейти
Sklaer

Sklaer Sensitive Sea-buckthorn

Сезімтал тістерге арналған гель-паста

Шырғанақтың шырынды дәмі сезілетін, сезімтал тістерге арналған тіс пастасы. Ашық қызғылт сары түсі мен керемет хош иіс жаңа эмоциялар тудырады және күні бойына жағымды көңіл күй сыйлайды. Гель-паста тістің сезімталдығын төмендетіп, эмальді тиімді түрде минералдарға қанықтырады. Құрамындағы АРЕ-кешен ауыздың шырышты қуысын ылғалдандырады және қызылиектің қалыпқа келуін жақсартады. Шырғанақ пен Е дәрумені сезімтал эмаль мен қызылиекті тиімді тыныштандырады және қорғайды. 

75 мл-лік құты

Ресейде шығарылған

270 ₽
!Сыйлық шотынан төлеуге болады

Кәсіби мамандармен бірге жасалған, сезімтал тістер мен қызылиекке арналған Sklaer Sensitive гель-пастасы үш бағытта белсенді әсер береді: тіс сезімталдығын төмендетеді, қызылиекті қалыпқа келтіреді, эмальді қатайтады. 

1. Тіс өңезін тиімді кетіреді

Папаин ферменті щетка жете бермейтін қиын бөліктердің өзіндегі тіс өңезін ыдыратады, ал кремний диоксидінің жұмсақ абразиві өңезді тіс эмалін бүлдірместен жояды.

2. Ауыз қуысының саулығын сақтайды

Құрамында қабынуды жоятын, пантенол қосылған, қайта қалпына келтіргіш АРЕ-кешені және күміс иондары бар бактерияға қарсы кешен бар.

Белсенді компоненттер

Кальций гидроксиапатиті (кальций+фосфор)  тіс эмалінің 97%-ін құрайды.

  • эмальдегі минералдың қажетті мөлшерін толықтырады;
  • эмальді нығайтады, тісжегінің алдын алады.

Кальций цитраты

  • кальцийдің тісжегінің бастапқы формасы бар бөліктерге жетуін қамтамасыз етеді.
  • эмальді жақсартады, тістердің саулығын қалыпқа келтіреді

Калий нитраты мен гидроксиапатит

  • жүйке ұштарының реакциясын азайтып, эмальға минералдар береді.

Шырғанақ және Е дәрумені

  • сезімтал эмаль мен қызылиекті тиімді тыныштандырады;
  • шырықты қабықты қалыпқа келтіреді, тыныштандырады және қорғайды.

Өсімдік сығындылары

  • Түймедақ, гаммамелис, мандарин, апельсин және тәрәнжі қабынуға қарсы, микробқа қарсы, анестезиялық әсер береді.

Трегалоза

  • жағымсыз иіс туғызатын бактериялардың көбеюіне кедергі келтіреді;
  • ұзақ уақытқа дем балғындығын қамтамасыз етеді. 

Кімдерге арналған?

  • Фторсыз тіс пастасын іздеп жүргендерге.
  • Пастаның тісті тазартып, қалыпқа келтіргенін қалайтындарға.
  • Тісті ұқыпты ағарту маңызды деп санайтындарға. 
  • Ауыз қуысына күтім жасаудың соңғы жетістіктерінің негізінде стоматологтармен бірлесе отырып жасалған өнім.
  • Құрамында фтор мен сульфаттар жоқ – шырышты қабықты тітіркендірмейді және байқамай жұтып қойған жағдайда қауіпсіз.
  • Ұқыпты тазарту – ыдыратқыш ферменттер мен жұмсақ абразивтер тіс өңезін жояды, тіс эмаліне зақым келтірмейді. Бұл сезімталдыққа және тісжегінің асқынуына жол бермейді.
  • Жағымсыз иіс себептерін жасырмай, жояды – тіс пен тілдегі бактериялық өңезді азайту арқасында деміңіз балғын күйге түседі, сондықтан да пастада хош иістендіргіштер мөлшері өте аз.
  • Қайта қалпына келтіретін АРЕ-кешен (аллантоин + пантенол + эритрол) – микрожарақаттарды жазады және қабынуды жояды, қосымша ауыз қуысының шырышты қабатын ылғалдандырады.
  • Күміс иондары бар бактерияға қарсы кешен - тісжегіден қосымша қорғауды қамтамасыз етіп, патогенді микрофлора әсерін басады.

AQUA, GLYCERIN, SILICA, POTASSIUM NITRATE, ERYTHRITOL, GLYCERETH-17 COCOATE, AQUA (AND) SODIUM LAUROYL SARCOSINATE, HYDROXYAPATITE, CHAMOMILLA RECUTITA FLOWER EXTRACT, HAMAMELIS VIRGINIANA LEAF EXTRACT, HIPPOPHAE RHAMNOIDES FRUIT EXTRACT, GLYCERIN, CITRUS RETICULATA FRUIT EXTRACT, CITRUS AURANTIUM AMARA FRUIT EXTRACT, CITRUS AURANTIUM SINENSIS PEEL EXTRACT, ASCORBIC ACID, CITRIC ACID, LACTIC ACID, DEMINERALIZED WATER, PANTOLACTONE, PANTHENOL, XANTHAN GUM, TREHALOSE, TOCOPHEROL, ALLANTOIN, MENTHOL, SODIUM BENZOATE, SILVER CITRATE AND CITRIC ACID, AROMA, +/– CI 42090, CI 75130.

Аптасына кем дегенде екі үш рет 2-3 минуттан немесе стоматологтың нұсқауы бойынша пайдалану керек. Күн сайын пайдалануға болады. 

Өнім туралы пікірлер

Сіздің тұрғылықты жеріңіз