Старая версия сайта

Перейти
Sklaer

Sklaer Protect Blackberry

Реминералдандыратын тіс пастасы

Піскен қара бүлдіргеннің қанық және жағымды дәмі – классикалық жалбыз дәмді тіс пастасынан жалыққан жандар үшін таптырмас таңдау. Паста тіс өңезін ұқыпты және тиімді кетіріп, тіс тасының пайда болуын баяулатады, ауыздың шырышты қуысын қалыпқа келтіреді және ылғалдандырады. Кальцийдің үш формасы эмальді қалпына келтіреді және нығайтады, оның тұрақты қайта минералдануын қамтамасыз етіп, «ақ дақтардың» пайда болуының алдын алады.

75 мл-лік құты

Ресейде шығарылған

190 ₽
!Сыйлық шотынан төлеуге болады

Кальцийдің үш формасы эмальді қалпына келтіреді және нығайтады.

Кальций гидроксиапатиті (кальций+фосфор)  тіс эмалінің 97%-ін құрайды.

  • Эмальдегі минералдың қажетті мөлшерін толықтырады.
  • Эмальді нығайтады, тісжегінің алдын алады.

Кальций цитраты

  • Кальцийдің тісжегінің бастапқы формасы бар бөліктерге жетуін қамтамасыз етеді.
  • Эмальді жақсартады, тістердің саулығын қалыпқа келтіреді

Кальций лактаты

  • Эмальдің микрозақымдануларының орнын толтырады.
  • Тісжегінің асқынуын тоқтатады.

Тіс өңезін тиімді кетіреді

Папаин ферменті щетка жете бермейтін қиын бөліктердің өзіндегі тіс өңезін ыдыратады, ал кремний диоксидінің жұмсақ абразиві өңезді тіс эмалін бүлдірместен жояды.

Ауыз қуысының саулығын сақтайды

Құрамында қабынуды жоятын, пантенол қосылған, қайта қалпына келтіргіш АРЕ-кешені және күміс иондары бар бактерияға қарсы кешен бар.

Кімдерге арналған?

  • Фторсыз тіс пастасын іздеп жүргендерге.
  • Пастаның тісті тазартып, қалыпқа келтіргенін қалайтындарға.
  • Тісті ұқыпты ағарту маңызды деп санайтындарға. 
  • Ауыз қуысына күтім жасаудың соңғы жетістіктерінің негізінде стоматологтармен бірлесе отырып жасалған өнім.
  • Құрамында фтор мен сульфаттар жоқ – шырышты қабықты тітіркендірмейді және байқамай жұтып қойған жағдайда қауіпсіз.
  • Ұқыпты тазарту – ыдыратқыш ферменттер мен жұмсақ абразивтер тіс өңезін жояды, тіс эмаліне зақым келтірмейді. Бұл сезімталдыққа және тісжегінің асқынуына жол бермейді.
  • Жағымсыз иіс себептерін жасырмай, жояды – тіс пен тілдегі бактериялық өңезді азайту арқасында деміңіз балғын күйге түседі, сондықтан да пастада хош иістендіргіштер мөлшері өте аз.
  • Қайта қалпына келтіретін АРЕ-кешен (аллантоин + пантенол + эритрол) – микрожарақаттарды жазады және қабынуды жояды, қосымша ауыз қуысының шырышты қабатын ылғалдандырады.
  • Күміс иондары бар бактерияға қарсы кешен - тісжегіден қосымша қорғауды қамтамасыз етіп, патогенді микрофлора әсерін басады.

Аqua, glycerin, silica, hydroxylapatite, erythritol, calcium lactate, papain, xanthan gum, glycereth-17 cocoate, aqua (and) sodium lauroyl sarcosinate, titanium dioxide, panthenol, calcium citrate, zinc citrate, cellulose gum, aroma, mentha piperita oil, allantoin, sodium benzoate, silver citrate and citric acid, menthol, CI 42090, CI 59040.

Тіс пастасын щеткаға аздап жағып, күніне кем дегенде екі үш рет 2-3 минуттан тазалап немесе стоматологтың нұсқауы бойынша пайдалану керек. Күн сайын пайдалануға болады. 

Өнім туралы пікірлер

Сіздің тұрғылықты жеріңіз