Сайттың ескі нұсқасы

Аударым жасау
Sklaer

Sklaer Sensitive

Сезімтал тістерге арналған гель-паста

Тіс тазалау көңіл күйіңізді көтеруі мүмкін бе? Егер Sklaer Sensitive гель-пастасын қолдансаңыз, иә. Тіс пастасы эмальді минералдармен тиімді қанықтырып, тістердің сезімталдығын төмендетіп қана қоймай, сонымен қатар өзінің ашық жасыл түсі мен жағымды ментол иісінің арқасында жарқын сезімдер сыйлайды. Құрамындағы АРЕ-кешен ауыздың шырышты қуысын ылғалдандырады, қызылиектің жазылуын жақсартады. Шырғанақ пен Е витамині сезімтал эмаль мен қызылиекті тиімді тыныштандырады және қорғайды. 

75 мл-лік құты

Ресейде шығарылған

190 ₽
!Сыйлық шотынан төлеуге болады

Кәсіби мамандармен бірге жасалған, сезімтал тістер мен қызылиекке арналған Sklaer Sensitive тіс паста-гелі үш бағытта белсенді әсер береді: тістің сезімталдығын төмендетеді, қызылиекті қалыпқа келтіреді, эмальді қатайтады. 

1. Тіс өңезін тиімді кетіреді

Папаин ферменті щетка жете бермейтін қиын бөліктердің өзіндегі тіс өңезін ыдыратады, ал кремний диоксидінің жұмсақ абразиві өңезді тіс эмалін бүлдірместен жояды.

2. Ауыз қуысының саулығын сақтайды

Құрамында қабынуды жоятын, пантенол қосылған қайта қалыпқа келтіргіш АРЕ-кешені және күміс иондары бар бактерияға қарсы кешен бар.

Белсенді компоненттер

Кальций гидроксиапатиті (кальций+фосфор)  тіс эмалінің 97%-ін құрайды.

  • эмальдегі минералдың қажетті мөлшерін толықтырады.
  • эмальді нығайтады, тісжегінің алдын алады.

Кальций цитраты

  • Кальцийдің тісжегінің бастапқы формасы бар бөліктерге жетуін қамтамасыз етеді.
  • Эмальді жақсартады, тістердің саулығын қалыпқа келтіреді

Калий нитраты мен гидроксиапатит

  • жүйке ұштарының реакциясын азайтып, эмальға минералдар береді.

Шырғанақ және Е дәрумені

  • сезімтал эмаль мен қызылиекті тиімді тыныштандырады;
  • шырықты қабықты қалыпқа келтіреді, тыныштандырады және қорғайды.

Өсімдік сығындылары

  • Түймедақ, гаммамелис, мандарин, апельсин және тәрәнжі қабынуға қарсы, микробқа қарсы, анестезиялық әсер береді.

Трегалоза

  • жағымсыз иіс туғызатын бактериялардың көбеюіне кедергі келтіреді;
  • ұзақ уақытқа дем балғындығын қамтамасыз етеді. 

Кімдерге арналған?

  • Фторсыз тіс пастасын іздеп жүргендерге.
  • Пастаның тісті тазартып, қалпына келтіргенін қалайтындарға.
  • Тісті ұқыпты ағарту маңызды деп санайтындарға. 
  • Ауыз қуысына күтім жасаудың соңғы жетістіктерінің негізінде стоматологтармен бірлесе отырып жасалған өнім.
  • Құрамында фтор мен сульфаттар жоқ – шырышты қабықты тітіркендірмейді және байқамай жұтып қойған жағдайда қауіпсіз.
  • Ұқыпты тазарту – ыдыратқыш ферменттер мен жұмсақ абразивтер тіс өңезін жояды, тіс эмаліне зақым келтірмейді. Бұл сезімталдыққа және тісжегінің асқынуына жол бермейді.
  • Жағымсыз иіс себептерін жасырмай, жояды – тіс пен тілдегі бактериялық өңезді азайту арқасында деміңіз балғын күйге түседі, сондықтан да пастада хош иістендіргіштер мөлшері өте аз.
  • Қайта қалпына келтіретін АРЕ-кешен (аллантоин + пантенол + эритрол) – микрожарақаттарды жазады және қабынуды жояды, қосымша ауыз қуысының шырышты қабатын ылғалдандырады.
  • Күміс иондары бар бактерияға қарсы кешен - тісжегіден қосымша қорғауды қамтамасыз етіп, патогенді микрофлора әсерін басады.

AQUA, GLYCERIN, SILICA, POTASSIUM NITRATE, ERYTHRITOL, GLYCERETH-17 COCOATE, AQUA (AND) SODIUM LAUROYL SARCOSINATE, HYDROXYAPATITE, CHAMOMILLA RECUTITA FLOWER EXTRACT, HAMAMELIS VIRGINIANA LEAF EXTRACT, HIPPOPHAE RHAMNOIDES FRUIT EXTRACT, GLYCERIN, CITRUS RETICULATA FRUIT EXTRACT, CITRUS AURANTIUM AMARA FRUIT EXTRACT, CITRUS AURANTIUM SINENSIS PEEL EXTRACT, ASCORBIC ACID, CITRIC ACID, LACTIC ACID, DEMINERALIZED WATER, PANTOLACTONE, PANTHENOL, XANTHAN GUM, TREHALOSE, TOCOPHEROL, ALLANTOIN, MENTHOL, SODIUM BENZOATE, SILVER CITRATE AND CITRIC ACID, AROMA, +/– CI 42090, CI 75130.

Тіс пастасын щеткаға аздап жағып, күніне кем дегенде екі үш рет 2-3 минуттан тазалап немесе стоматологтың нұсқауы бойынша пайдалану керек. Күн сайын пайдалануға болады. 

Сіздің тұрғылықты жеріңіз