Старая версия сайта

Перейти
Sklaer

Sklaer White

Тісті ағартатын паста

Паста тісжегіден сенімді қорғайды және тістердің үш есе жақсы ағаруын қамтамасыз етеді. Ферменттермен үйлесім тапқан жылтыратқыш жұмсақ компонеттер тіс өңезін жояды, тіс тасының пайда болуының алдын алады және тіс эмалін ағартады. Минералдар тісті тісжегіден қорғап, зақымданған бөліктерді қалпына келтіреді. Арнайы кешендер қабынуды жояды және бактерияға қарсы әсер етеді. 

75 мл-лік құты

Ресейде шығарылған

270 ₽

Үш кезең бойынша ұқыпты ағартуды қамтамасыз етеді.

1. Тіс өңезін ыдыратады

Папаин және бромелайн эмаль бетінен тіс өңезін жою үшін қолайлы жағдай жасайды, тіс өңезін ыдыратады.

2. Ағартады

Жұмсақ абразивті-жылтыратушы компоненттер (кремний диоксиді және натрий бикарбонаты) эмальге оның табиғи ақтығын қайтарып, тіс өңезін тиімді жояды.

3. Эмальді қалпына келтіреді және нығайтады

Гидроксиапатит жылтыратудан кейін эмальді қайта минералдандырады және тістің саулығын нығайтып, оның микроскопиялық зақымдарын қалыпқа келтіреді.

Жаңа тіс өңезінің пайда болуын баяулатады

Мырыш цитраты және кальций пирофосфаты тіс өңезі мен тіс тасының пайда болуын баяулатады. 

Ауыз қуысының саулығын сақтайды

Құрамында қабынуды жоятын пантенолды қалыпқа келтіретін АРЕ-кешені және күміс иондары бар бактерияға қарсы кешен бар.

Кімдерге арналған?

  • Фторсыз тіс пастасын іздеп жүргендерге.
  • Паста тісті тазартып және қалыпқа келтіргенін қалайтындарға.
  • Тісті ұқыпты ағарту маңызды деп санайтындарға. 
  • Ауыз қуысына күтім жасаудың соңғы жетістіктерінің негізінде стоматологтармен бірлесе жасалған өнім.
  • Құрамында фтор мен сульфаттар жоқ – шырыштық қабықты тітіркендірмейді және байқамай жұтып қойған жағдайда қауіпсіз.
  • Ұқыпты тазарту – ыдыратқыш ферменттер мен жұмсақ абразивтер тіс өңезін жояды, тіс эмаліне зақым келтірмейді. Бұл сезімталдыққа және тісжегінің асқынуына жол бермейді.
  • Жағымсыз иіс себептерін жасырмай, жояды – тіс пен тілдегі бактериялық өңезді азайту арқасында деміңіз балғын күйге түседі, сондықтан да пастада хош иістендіргіштер мөлшері өте аз.
  • Қайта қалпына келтіретін АРЕ-кешен (аллантоин + пантенол + эритрол) – микрожарақаттарды жазады және қабынуды жояды, қосымша ауыз қуысының шырыштық қабатын ылғалдандырады.
  • Күміс иондары бар бактерияға қарсы кешен -  тісжегіден қосымша қорғауды қамтамасыз етіп, патогенді микрофлора әсерін басады.

Aqua, glycerin, silica, sodium bicarbonate, hydroxylapatite, erythritol, calcium pyrophosphate, zinc citrate, bromelain, papain, glycereth-17 cocoate, pantenol, aqua (and) sodium lauroyl sarcosinate, xanthan gum, aroma, cellulose gum, titanium dioxide, mentha piperita oil, allantoin, vanilla planifolia fruit oil, sodium benzoate, silver citrate and citric acid, menthol.

Тіс пастасының аздаған мөлшерін тіс щеткасына жағыңыз, тісіңізді аптасына кем дегенде екі үш рет 2-3 минуттан немесе стоматологтың нұсқауы бойынша тазалаңыз. Аптасына 2-3 рет немесе күніне 2 рет үш апта бойы пайдалануға, содан кейін 2-3 ай үзіліс жасауға кеңес береміз. Аралық үзілістен кейін курсты қайта жалғастыруға болады. 

Өнім туралы пікірлер

Сіздің тұрғылықты жеріңіз