Сайттың ескі нұсқасы

Аударым жасау
Occuba Professional

Blonde сусабыны

Табиғи және боялған ақшыл түсті шашқа арналған

Түймедақ сығындысы қосылған Occuba коллагенді сусабыны түссіздендірілген шашты белсенді түрде қалпына келтіріп, шаш түсінің сарғыш тартуы мәселесін шешеді, сондықтан сіз үйде отырып-ақ сұлулық салонындағыдай кәсіби шаш күтімінің әсеріне қол жеткізе аласыз.

250 мл-лік құты

Германияда шығарылған

790
!Сыйлық шотынан төлеуге болады

Сусабын боялған шашты қалпына келтіріп, ылғалдандырады. Ақшыл шаштардың сарғыш тартуы мәселесін тиімді шешеді. 

AFG-System® кешені бояу құрамындағы аммиактың зақымдағыш әрекетін бейтараптандырып, шаштың құрылымын қалпына келтіріп, ылғалдандырады. 

Коллаген зақымдалған шашты ішінен қалыпқа келтіреді: күтім жасайды, ылғалдандырады, кеуектілігін азайтады. Оған қоса, бояушы пигменттің тез шайылуына жол бермей, түсті ұзақ сақтауға көмектеседі.

Түймедақ сығындысы зат алмасу процестері мен май бездерінің жұмысын тұрақтандырады, бас терісі мен шашқа ұқыпты күтім жасап, шашты жібектей жұмсақ әрі жылтыр етеді.

 

Кімдерге арналған?

Үйде жасалатын күтімнің кәсіби деңгейде болғанын қалайтындарға.

Шашының сау әрі күшті болғанын қалайтындарға.

Сульфатсыз сусабын іздеп жүргендерге.

Өнім құрамының қауіпсіз болғанына мән беретіндерге.  

Белсенді компоненттерге бай

Occuba Professional құралдарының құрамында 20-ға жуық белсенді компоненттер бар, сондықтан сіз үйде отырып-ақ сұлулық салонындағыдай кәсіби күтімге қол жеткізе аласыз. Occuba сусабындарының негізі судан емес, коллагеннен құралған. Гидролизденген биобелсенді коллаген су секілді ББЗ-ды ерітіп қана қоймай, шашты тазарту сатысында-ақ қарқынды күтім көрсетуді бастап кетеді.

Неміс сапасы

Occuba Professional құралдарын сусабынның отаны саналатын Германиядағы JoJo Hairсosmetics компаниясы жасап, әзірлейді. Бұл компания 30 жылдан астам уақыт (1983 жылдан бері) шаш күтіміне арналған кәсіби косметикаларды шығарып келеді, сондай-ақ олардың өз зерттеу орталықтары мен зертханалары бар.

Қауіпсіздік

Occuba Professional-дың барлық өнімдерінің құрамында SLS тобының зиянды беткі-белсенді заттары, зиянды консерванттар, формальдегидтер мен парабендер жоқ. Occuba Professional-да қолданылатын жұмсақ жуғыш негіз – кокос пен пальма майларына негізделген ББЗ – бас терісінің қорғаныш қабатын зақымдамай әрі оны тітіркендірмей, шаштағы май мен кірді кетіреді.

Айқын нәтиже

Occuba Professional құралдары шашты ұқыптап тазалап қана қоймай, ылғалдандырып, қоректендіріп, жылтыратады, шаштың құрылымын қалпына келтіріп, бас терісіне күтім жасайды. Бұл құралдардың жинақтаушы әсері бар, яғни шашыңыз күн сайын жақсара беретін болады.

Әр шаш түріне арналған дербес шешім

Occuba Professional коллекциясында кез келген шаш түрін күнделікті күтуге арналған құралдар бар. Шаш пен бас терісінің нақты мәселелерін шешу үшін, өнім құрамына қосымша белсенді компоненттер енгізілген.

AQUA, DISODIUM LAURETH SULFOSUCCINATE, SODIUM COCOAMPHOACETATE, POTASSIUM COCOYL HYDROLYZED COLLAGEN, GUAR HYDROXYPROPYLTRIMONIUM CHLORIDE, HEXYL CINNAMAL, BENZYL SALICYLATE, D-LIMONENE, LINALOOL, PHENOXYETHANOL, BENZOIC ACID, DEHYDROACETIC ACID, HEXYLENE GLYCOL, FRUCTOSE*, GLUCOSE*, SUCROSE, UREA, DEXTRIN, ALANINE*, GLUTAMIC ACID*, ASPARTIC ACID*, HEXYL NICOTINATE, CITRUS LIMON PEEL EXTRACT, CHAMOMILLA RECUTITA FLOWER EXTRACT, OLEA EUROPAEA (OLIVE) LEAF EXTRACT, CI 60730, PARFUM (FRAGRANCE).

* AFG-System®.

Сусабынның негізі

  • Жұмсақ ББЗ
    Occuba Professional сусабындарына негізгі жуғыш зат ретінде Disodium Laureth Sulfosuccinate – теріні тітіркендірмейтін жұмсақ ББЗ қосылады. Бұл бейионогенді ББЗ-ны әдетте ақылды сабын деп атайды, себебі ол терінің қорғаныш қабатын зақымдамай, бас терісінің бетіндегі кір мен майды кетіреді. 
  • Коллагенді негіз
    Occuba Professional сусабынының құрамында шашты қалпына келтіруге пайдасы зор, коллаген негізіндегі Potassium Cocoyl Hydrolyzed Collagen компоненті, және кокос пен пальмоядро майынан жасалған өсімдік майлары бар.
  • Кондициялайтын қоспа
    Өнім құрамында арнайы Guar Hydroxypropyltrimonium Chloride қондициялағыш қоспасы бар, соның арқасында Occuba Professional сусабындарын кондиционерсіз-ақ қолдана беруге болады, шаш оңай таралып, реттеледі.

Белсенді компоненттер

AFG-System® – топтамадағы әр құралдың құрамына кіретін, фруктоза мен глюкозадан және амин қышқылдарынан құралған бірегей кешен.  Бұл кешен шашты қалпына келтіріп, оны едәуір созылғыш әрі иілгіш етеді.

PANTHENOL (пантенол) ылғал ұстағыш, жұмсартқыш және ылғалдандырғыш қасиеттерге ие тамаша құрал, ылғалдандырғыш әсерді ұзақ уақыт сақтай алады. Сондай-ақ, бұл кумулятивті эффект болып табылады, яғни пантенол қосылған өнімдерді қолданған сайын әсері күшейе түседі. Оның үстіне, бұл компоненттің шаштағы ылғалды сақтау қабілеті шашты фенмен кептіргенде де сақталатынын атап өткен жөн.

CHAMOMILLA RECUTITA FLOWER EXTRACT (түймедақ гүлдерінің сығындысы) тітіркенген бас терісін тыныштандырып, зат алмасу процестері мен май бездерінің жұмысын тұрақтандырады, шаршауды басып, қанның микроциркуляциясын жақсартады, бас терісі мен шашқа ұқыпты күтім жасап, шашты жібектей жұмсақ әрі жылтыр етеді.

  • Алақанға аздаған сусабын құйып, оны көпіршітіп, жеңіл көбікке айналдырыңыз. 
  • Сусабынды шаштың ұзына бойына біркелкі етіп жағыңыз.
  • Бас терісін 30 секундтай жеңіл қимылмен уқалаңыз.
  • Кем дегенде 2 минуттай жуып, шайыңыз.
  • Қажет болса, тағы бір қайталаңыз. 
Өнім туралы пікірлер

Сіздің тұрғылықты жеріңіз