Сайттың ескі нұсқасы

Аударым жасау
Occuba Professional

Cure маскасы

Зақымдалған шашты қоректендіреді

Маска өте құрғақ әрі зақымдалған шаштың өзін қарқынды қоректендіріп, қалпына келтіру арқылы бірінші рет қолданғаннан-ақ айқын нәтиже көрсетеді. Өнім құрамындағы табиғи ши және жожоба майлары шашты жұмсартып, құнарландырып, жібектей етеді. Бидай протеиндері шаштың құрылымын ішінен қалпына келтірсе, авокадо сығындысы шашқа өмірлік күш-қуат беріп, оны жылтыратып, иілгіш етеді.

200 мл-лік құты

Германияда шығарылған 

890
!Сыйлық шотынан төлеуге болады

Cure маскасы — зақымдалған, өңі кеткен шашқа қарқынды күтім жасайтын жедел жәрдем. Құрамындағы белсенді компоненттер бас терісін сауықтырып, шашты қоректендіріп, жаңартады.

AFG-System® — шаштың құрылымын қалпына келтіріп, ылғалдандырады.

Бидай протеиндері — шаштың өзегіне тереңнен еніп, құрылымын қайта қалпына келтіреді.

Ши және жожоба майлары — шашты қоректендіріп, жібектей жұмсартып, жарқыратады.

Авокадо сығындысы — шашқа өмірлік күш береді, жылтыратып, иілгіш етеді.

Кімдерге арналған?

  • Үйде жасалатын күтімнің кәсіби деңгейде болғанын қалайтындарға.
  • Шашының сау әрі күшті болғанын қалайтындарға.
  • Өнім құрамының қауіпсіз болғанына мән беретіндерге.  
  • Белсенді компоненттер мөлшері көп
    Occuba Professional құралдарының құрамының 50%-ы белсенді компоненттерден тұратындықтан, үйде шашыңызға сән салонындағыдай күтім жасай аласыз.
  • Неміс сапасы
    Occuba Professional құралдарын сусабынның отаны саналатын Германиядағы JoJo Haircosmetics компаниясы жасап, әзірлейді. Бұл компания 30 жылдан астам уақыт (1983 жылдан бері) шаш күтіміне арналған кәсіби косметикаларды шығарып келеді, сондай-ақ олардың өз зерттеу орталықтары мен зертханалары бар.
  • Қауіпсіздік
    OCCUBA® Professional-дың барлық өнімдерінің құрамында SLS тобының зиянды беткі-белсенді заттары, зиянды консерванттар, формальдегидтер мен парабендер жоқ. OCCUBA® Professional-да қолданылатын жұмсақ жуғыш негіз – кокос пен пальма майларына негізделген ББЗ – бас терісінің қорғаныш қабатын зақымдамай әрі оны тітіркендірмей, шаштағы май мен кірді кетіреді.
  • Айқын нәтиже
    OCCUBA® Professional құралдары шашты ұқыптап тазалап қана қоймай, ылғалдандырып, қоректендіріп, жылтыратады, шаштың құрылымын қалпына келтіріп, бас терісіне күтім жасайды.  Бұл құралдардың жинақтаушы әсері бар, яғни шашыңыз күн сайын жақсара беретін болады. 
  • Бірегей хош иістендіру тәсілі
    Иіссу нарығының көшбасшысы — «Аржевиль» компаниясының (Франция) трендтегі хош иістері.
  • Әр шаш түріне арналған дербес шешім
    OCCUBA® Professional коллекциясында кез келген шаш түрін күнделікті күтуге арналған құралдар бар. Шаш пен бас терісінің нақты мәселелерін шешу үшін, өнім құрамына қосымша белсенді компоненттер енгізілген.

Құрамы: AQUA, CETYL ALCOHOL, CETRIMONIUM CHLORIDE, DISTEARYLDIMONIUM CHLORIDE, COCAMIDE MEA, HYDROLYZED WHEAT PROTEIN, SODIUM BENZOATE, SIMMONDSIA CHINENSIS OIL, HEXYLENE GLYCOL, FRUCTOSE*, GLUCOSE*, SUCROSE, UREA, DEXTRIN, ALANINE*, GLUTAMIC ACID*, ASPARTIC ACID*, HEXYL NICOTINATE, BUTYROSPERMUM PARKII BUTTER, PERSEA GRATISSIMA FRUIT EXTRACT, ARCTIUM LAPPA ROOT EXTRACT, PROPYLENE GLYCOL, POTASSIUM SORBATE, ALTHAEA OFFICINALIS ROOT EXTRACT, ALCOHOL, PHENOXYETHANOL, BENZOIC ACID, DEHYDROACETIC ACID, PARFUM (FRAGRANCE): BENZYL ALCOHOL, AMYL CINNAMAL, LINALOOL; CITRIC ACID.

* AFG-System®.

Белсенді компоненттер

AFG-System — осы топтамадағы әр құралдың құрамына кіретін, фруктоза мен глюкозадан және амин қышқылдарынан құралған бірегей кешен. Шашты қалпына келтіріп, иілгіш әрі созылғыш етеді.

Бидай протеиндері (HYDROLYZED WHEAT PROTEIN) — кератиннің түзілуіне септесіп, шаштың түбін күшейтеді, антиоксиданттық әсер береді. Шаш құрамындағы ақуызды қалпына келтіреді. Шаштың ұшталуын, сынуын болдырмайды.

Жожоба майы (SIMMONDSIA CHINENSIS OIL) — шашты ылғалдандырып, құрылымын жақсартады, шаш түйінінің қалыпты тіршілігін қайтарады. Шаштың сыртқы келбетін едәуір жақсартады. 

Ши майы (BUTYROSPERMUM PARKII BUTTER) — сірқабықтың жарылған жерлерін толтырып, шаштың құрылымын қалпына келтіріп, қуатты етеді. Шаштың таралуын жеңілдетеді. Құрамы дәрумендер мен майлы қышқылдарға бай болғандықтан, шашты тамаша қалпына келтіріп, қоректендіріп, ылғалдандырып, қорғайды. Бұл майды химиялық әсерге (шашты бояу, бұйралау, шашты әрлеу құралдарын пайдалану) және термиялық өңдеуге көп түсетін әлсіз, сынғыш, ұшталған шаш күтіміне қолдану ұсынылады.

Авокадо жемістерінің сығындысы (PERSEA GRATISSIMA FRUIT EXTRACT) жаңа піскен авокадо жемісінен алынады, оның құрамы майлар мен дәрумендерге, микроэлементтер мен лецитинге, өсімдік текті балауызға бай. Консистенциясы нәзік, тіндердің түбіне дейін енеді. Терінің қорғаныш механизмдерін күшейтіп, мерзімінен бұрын қартаю процесін бәсеңдетеді.

1-ші тәсіл: нәтижесі жақсы болу үшін, масканы құрғақ шашқа жағыңыз. 20-30 минутқа қалдырыңыз. Жылы сумен шайып, сосын шашыңызды сусабынмен жуыңыз. 

2-ші тәсіл: масканы жуылған шашқа жағыңыз. Біркелкі етіп жағыңыз. 5-10 минутқа қалдырып, сосын мұқият жуып тастаңыз. 

Аптасына бір рет немесе қажетіңізге қарай қолданыңыз. 

Нәтижені жақсарту үшін, Occuba топтамасындағы шашыңыздың түріне сәйкес келетін сусабын мен бальзам-кондиционермен бірге қолданыңыз. 

Өнім туралы пікірлер

Сіздің тұрғылықты жеріңіз