Сайттың ескі нұсқасы

Аударым жасау
Occuba Professional

Color Balm бальзам-кондиционері

боялған шашқа арналған

Боялған шашқа арналған күтім

Бальзам-кондиционер боялған шаштың түсінің жылтыры мен қанықтығын сақтай отырып, қарқынды түрде қалпына келтіреді. Бұл құрал шашты жүйелі түрде қоректендіріп, оны сыртқы әсерлерден қорғап, жылтыр әрі созылғыш етеді. 

200 мл-лік құты

Германияда шығарылған

790

Бальзам-кондиционердің арнайы формуласы боялған шашты қорғап, қарқынды түрде қалпына келтіруге арналған. 

Тиаре сығындысы бояудан зақымдалған шаштың құрылымын белсенді түрде қалпына келтіріп, шаштың реңкі мен жылтырын ұзақ уақыт сақтайды. 

Жожоба, лайм және лемонграсс майлары шашты қарқынды түрде қоректендіріп, ішіне ылғал толтырады, шашты жұмсартып, иілгіш әрі зақымға төзімді етеді. 

AFG кешені шаштың өзегіндегі бос орындарды толтырып, оны қалпына келтіріп, қалыңдатады, шаш тығыздалып, өмірлік күшке толып, серпімді болып шыға келеді.

Кімдерге арналған?

  • Үйде жасалатын күтімнің кәсіби деңгейде болғанын қалайтындарға.
  • Шашының сау әрі күшті болғанын қалайтындарға.
  • Сульфатсыз сусабын іздеп жүргендерге.
  • Өнім құрамының қауіпсіз болғанына мән беретіндерге.  
  • Белсенді компоненттерге бай
    Occuba Professional құралдарының құрамының 50 %-ы белсенді компоненттерден тұрады, сондықтан сіз үйде отырып-ақ сұлулық салонындағыдай кәсіби күтімге қол жеткізе аласыз.
  • Неміс сапасы
    Occuba Professional құралдарын сусабынның отаны саналатын Германиядағы JoJo Hairсosmetics компаниясы жасап, әзірлейді. Бұл компания 30 жылдан астам уақыт (1983 жылдан бері) шаш күтіміне арналған кәсіби косметикаларды шығарып келеді, сондай-ақ олардың өз зерттеу орталықтары мен зертханалары бар.
  • Қауіпсіздік
    Occuba Professional-дың барлық өнімдерінің құрамында SLS тобының зиянды беткі-белсенді заттары, зиянды консерванттар, формальдегидтер мен парабендер жоқ. Occuba Professional-да қолданылатын жұмсақ жуғыш негіз – кокос пен пальма майларына негізделген ББЗ – бас терісінің қорғаныш қабатын зақымдамай әрі оны тітіркендірмей, шаштағы май мен кірді кетіреді.
  • Айқын нәтиже
    Occuba Professional құралдары шашты ұқыптап тазалап қана қоймай, ылғалдандырып, қоректендіріп, жылтыратады, шаштың құрылымын қалпына келтіріп, бас терісіне күтім жасайды. Бұл құралдардың жинақтаушы әсері бар, яғни шашыңыз күн сайын жақсара беретін болады. 
  • Қайталанбас хош иістендіру тәсілі
    Иіссу нарығындағы көшбасшы – «Аржевиль» компаниясы (Франция) әзірлеген танымал хош иістер.
  • Әр шаш түріне арналған дербес шешім
    Occuba Professional коллекциясында кез келген шаш түрін күнделікті күтуге арналған құралдар бар. Шаш пен бас терісінің нақты мәселелерін шешу үшін, өнім құрамына қосымша белсенді компоненттер енгізілген. 

AQUA, CETYL ALCOHOL, DISTEARYLDIMONIUM CHLORIDE, CETRIMONIUM CHLORIDE, PUNICA GRANATUM FRUIT EXTRACT, GARDENIA TAITENSIS FLOWER EXTRACT, HEXYLENE GLYCOL, FRUCTOSE*, GLUCOSE*, SUCROSE, UREA, DEXTRIN, ALANINE*, GLUTAMIC ACID*, ASPARTIC ACID*, HEXYL NICOTINATE, COCAMIDE MEA, SIMMONDSIA CHINENSIS SEED OIL, CITRUS AURANTIFOLIA FRUIT EXTRACT, CYMBOPOGON FLEXUOSUS HERB OIL, PHENOXYETHANOL, BENZOIC ACID, DEHYDROACETIC ACID, PARFUM (FRAGRANCE): HEXYL CINNAMAL, CITRONELLOL, BENZYL SALICYLATE, D-LIMONENE, BUTYLPHENYL METHYLPROPIONAL; CITRIC ACID, CI 16255, CI 19140.

* AFG-System®.

Белсенді компоненттер

AFG-System® – топтамадағы әр құралдың құрамына кіретін, фруктоза мен глюкозадан және амин қышқылдарынан құралған бірегей кешен.  Бұл кешен шашты қалпына келтіріп, оны едәуір созылғыш әрі иілгіш етеді.

CITRUS AURANTIFOLIA FRUIT EXTRACT (лайм сығындысы) құрамында С дәрумені мен флавоноидтер бар, осының арқасында терідегі микроциркуляция жеделдеп, май бездерінің жұмысы тұрақталады. Оның сергіткіш жұпар иісі бойға күш-қуат береді. Ол шаш түйіншесін емдеп, шашты нығайтып, өсуін жеделдетеді.

CYMBOPOGON FLEXUOSUS HERB OIL (лемонграсс майы) теріде ылғалдың сақталуын қамтамасыз етіп, оны сергітіп, иілгіштік қасиетін сақтайды. Оның жағымды әсері шаштың шамадан тыс майлану мәселесін де шеше алады, себебі ол май бөлінуді теңгерімде ұстауға бейім.

GARDENIA TAITENSIS FLOWER EXTRACT (тиаре сығындысы) бояудан зақымдалған шаштың құрылымын белсенді түрде қалпына келтіріп, шаштың реңкі мен жылтырын ұзақ уақыт сақтайды.

SIMMONDSIA CHINENSIS SEED OIL (жожоба майы) шашты ылғалдандырып, құрылымын жақсартады, шаш түйінінің өміршеңдігін қалпына келтіреді. Шаштың сыртқы келбетін айтарлықтай жақсартады.

  • Жуылған, сулы шашқа кондиционердің қажетті мөлшерін жағыңыз. 
  • Шаштың түбінен ұшына дейін біркелкі етіп жағыңыз. 
  • Жақсы нәтижеге жету үшін, оны жаққан соң бас терісін уқалап жіберіңіз. 
  • 3-5 минутқа қалдыра тұрыңыз. 
  • Кем дегенде 2 минут жуып, шайыңыз. 

Жақсы нәтижеге жету үшін, Occuba топтамасындағы өз шашыңызға сәйкес келетін сусабынмен бірге пайдаланыңыз.

Өнім туралы пікірлер

Сіздің тұрғылықты жеріңіз