Сайттың ескі нұсқасы

Аударым жасау
Occuba Professional

Шашқа арналған Shine Spray екі фазалы спрейі

шашты ылғалдандырып, жылтыратуға арналған

Бұл құралдың екі фазадан тұратын құрылымы әлсіз шашты ауырлатпай, оған барынша күтім жасайды. Шаш құрылымын қайта қалпына келтіретін компоненттер теріге қажетті ылғалдық мөлшерін қамтамасыз етсе, коллаген шашқа тереңнен еніп, оның құрылымын қалпына келтіріп, жылтыратады. Бұл құралды қолданған соң жуып тастаудың қажеті жоқ әрі оны күнделікті қолдануға болады. 

200 мл-лік құты

Германияда шығарылған

830
!Сыйлық шотынан төлеуге болады

Спрейдің екі фазалы құрылымы шашқа максималды күтім көрсетеді: пантенол мен коллаген қосылған көк фаза шашты белсенді түрде ылғалдандырып, қоректендіріп, ішінен қалпына келтірсе, қызылша сығындысы қосылған ақ фаза шаштың беткі қабатын тегістеп, жылтыратады.

AFG кешенінің қайта құрылымдаушы компоненттері шаштың өзегіндегі бос орындарды толтырып, оны қалпына келтіріп, қалыңдатады, шаш тығыздалып, өмірлік күшке толып, серпімді болып шыға келеді.

Кімдерге арналған?

  • Үйде жасалатын күтімнің кәсіби деңгейде болғанын қалайтындарға.
  • Шашының сау әрі күшті болғанын қалайтындарға.
  • Тиімділігі жоғары құрал іздеп жүргендерге.
  • Өнім құрамының қауіпсіз болғанына мән беретіндерге.  
  • Белсенді компоненттерге бай
    Occuba Professional құралдарының құрамының 50 %-ы белсенді компоненттерден тұрады, сондықтан сіз үйде отырып-ақ сұлулық салонындағыдай кәсіби күтімге қол жеткізе аласыз.
  • Неміс сапасы
    Occuba Professional құралдарын сусабынның отаны саналатын Германиядағы JoJo Hairсosmetics компаниясы жасап, әзірлейді. Бұл компания 30 жылдан астам уақыт (1983 жылдан бері) шаш күтіміне арналған кәсіби косметикаларды шығарып келеді, сондай-ақ олардың өз зерттеу орталықтары мен зертханалары бар.
  • Қауіпсіздік
    Occuba Professional-дың барлық өнімдерінің құрамында SLS тобының зиянды беткі-белсенді заттары, зиянды консерванттар, формальдегидтер мен парабендер жоқ. Occuba Professional-да қолданылатын жұмсақ жуғыш негіз – кокос пен пальма майларына негізделген ББЗ – бас терісінің қорғаныш қабатын зақымдамай әрі оны тітіркендірмей, шаштағы май мен кірді кетіреді.
  • Айқын нәтиже
    Occuba Professional құралдары шашты ұқыптап тазалап қана қоймай, ылғалдандырып, қоректендіріп, жылтыратады, шаштың құрылымын қалпына келтіріп, бас терісіне күтім жасайды. Бұл құралдардың жинақтаушы әсері бар, яғни шашыңыз күн сайын жақсара беретін болады. 
  • Қайталанбас хош иістендіру тәсілі
    Иіссу нарығындағы көшбасшы – «Аржевиль» компаниясы (Франция) әзірлеген танымал хош иістер.
  • Әр шаш түріне арналған дербес шешім
    Occuba Professional коллекциясында кез келген шаш түрін күнделікті күтуге арналған құралдар бар. Шаш пен бас терісінің нақты мәселелерін шешу үшін, өнім құрамына қосымша белсенді компоненттер енгізілген. 

AQUA, CYCLOPENTASILOXANE, CYCLOTETRASILOXANE & DIMETHICONOL, PEG / PPG-18 / 18 DIMETHICONE, DIMETHICONE, HYDROLYZED COLLAGEN, PEG-40 HYDROGENATED CASTOR OIL, HEXYLENE GLYCOL, FRUCTOSE*, GLUCOSE*, SUCROSE, UREA, DEXTRIN, ALANINE*, GLUTAMIC ACID*, ASPARTIC ACID*, HEXYL NICOTINATE, PANTHENOL, PROPYLENE GLYCOL, HYDROLYZED CORN STARCH, BETA VULGARIS (BEET) ROOT EXTRACT, PEG-15 COCOPOLYAMINE, PHENOXYETHANOL, ETHYLHEXYLGLYCERIN, COUMARIN, PARFUM (FRAGRANCE): BENZYL ALCOHOL, HEXYL CINNAMAL, CITRONELLOL, D-LIMONENE, LINALOOL, AMYL CINNAMAL; CI 42051.

* AFG-System®.

Белсенді компоненттер 

AFG-System® – топтамадағы әр құралдың құрамына кіретін, фруктоза мен глюкозадан және амин қышқылдарынан құралған бірегей кешен.  Бұл кешен шашты қалпына келтіріп, оны едәуір созылғыш әрі иілгіш етеді.

PANTHENOL (пантенол) ылғал ұстағыш, жұмсартқыш және ылғалдандырғыш қасиеттерге ие тамаша құрал, ылғалдандырғыш әсерді ұзақ уақыт сақтай алады. Сондай-ақ, бұл кумулятивті эффект болып табылады, яғни пантенол қосылған өнімдерді қолданған сайын әсері күшейе түседі. Оның үстіне, бұл компоненттің шаштағы ылғалды сақтау қабілеті шашты фенмен кептіргенде де сақталатынын атап өткен жөн. 

BETA VULGARIS (BEET) ROOT EXTRACT (қызылша сығындысы) асқан қоректік құндылығынан бөлек күшті уытсыздандырғыш қасиетке ие. Шаштың беткі қабатын тегістеп, жылтыратады. 

HYDROLYZED COLLAGEN (коллаген) шашқа тереңнен еніп, оның құрылымын қалпына келтіріп, жылтыратады.

Қолданар алдында құтыны сілкіп жіберіңіз. 

Жуылған шашты сүлгімен сәл кептіріңіз де, кондиционерді шаштың ұзындығына түгелдей шашыңыз. Жуып тастамаңыз. Тек шашқа жағып қолдануға арналған.

Жақсы нәтижеге жету үшін, Occuba топтамасындағы өз шашыңызға сәйкес келетін сусабын және бальзам-кондиционермен бірге пайдаланыңыз.

Өнім туралы пікірлер Шашқа арналған Shine Spray екі фазалы спрейі

Сіздің тұрғылықты жеріңіз

Назар аударыңыз! Елді ауыстырғанда себеттің құрамы да өзгеруі мүмкін.