Сайттың ескі нұсқасы
Аударым жасауСіздің елдімекеніңіз: Россия, Москва
Шашты қоректендіріп, ылғалдандыруға арналған
Жожоба және бадам майлары қосылған бальзам-кондиционер шашты қарқынды түрде қоректендіріп, ылғалдандырады. Гидролизденген жібек шаштың құрылымын ішінен қалпына келтіріп, едәуір күшейтеді. Манго және бөрітарақ сығындылары шашқа жібектей жұмсақтық пен жылтыр сыйлап, таралуын жеңілдетіп, статикалық кернеуді басады.
200 мл-лік құты
Германияда шығарылған
Бальзам-кондиционердің құрамы белсенді компоненттермен байытылған. Мұнда шаш күтімінің үздік хиттары жиналған:
Жібек протеиндері жұқа қорғаныш қабықшасын түзіп, шашты жақсы ылғалдандыратындықтан, шаш жылтырап, көлемі ұлғая түседі.
Бөрітарақ және манго сығындылары шашты жұмсақ, жылтыр әрі иілгіш етеді, шаштың тез өсуіне ықпал етеді.
Бадам майы мен жожоба майы шаштың ұшталуының алдын алады, шашты құнарландырып, жылтыр әрі жұмсақ етеді.
AFG кешені шашты қалпына келтіріп, айтарлықтай иілгіш әрі созылғыш етеді.
Кімдерге арналған?
AQUA, CETYL ALCOHOL, DISTEARYLDIMONIUM CHLORIDE, CETRIMONIUM CHLORIDE, PRUNUS AMYGDALUS DULCIS OIL, HIBISCUS SABDARIFFA FLOWER EXTRACT, MANGIFERA INDICA FRUIT EXTRACT, HYDROLYZED SILK, GLYCERIN, SODIUM BENZOATE, POTASSIUM SORBATE, HEXYLENE GLYCOL, FRUCTOSE*, GLUCOSE*, SUCROSE, UREA, DEXTRIN, ALANINE*, GLUTAMIC ACID*, ASPARTIC ACID*, HEXYL NICOTINATE, COCAMIDE MEA, SIMMONDSIA CHINENSIS SEED OIL, PHENOXYETHANOL, BENZOIC ACID, DEHYDROACETIC ACID, PARFUM (FRAGRANCE): GERANIOL, D-LIMONENE, LINALOOL; CITRIC ACID.
* AFG-System®.
Белсенді компоненттер
AFG-System® – топтамадағы әр құралдың құрамына кіретін, фруктоза мен глюкозадан және амин қышқылдарынан құралған бірегей кешен. Бұл кешен шашты қалпына келтіріп, оны едәуір созылғыш әрі иілгіш етеді.
PRUNUS AMYGDALUS DULCIS OIL (бадам майы) теріні қоректендіріп, жұмсартатын керемет қасиетке ие. Қарсы көрсетімдері жоқ, аллергияға бейім аса сезімтал теріге де, балалар терісіне де қолдануға болады. Құрамында олеин қышқылының мөлшері мол болғандықтан, майлы іздер қалдырмай тез сіңеді. Белсенді дәрумендер мен қышқыл кешенінің арқасында бадам майы шашқа табиғи қуаты мен жылтырын қайтарып, шашты қарқынды түрде қалпына келтіріп, тез өсуіне септеседі.
HIBISCUS SABDARIFFA FLOWER EXTRACT (бөрітарақ сығындысы) шаштың құрылымын күшейтіп, тегістейді, тез өсуіне ықпал етеді.
MANGIFERA INDICA FRUIT EXTRACT (манго сығындысы) шашқа жағымды әсер етіп, оны қоректендіріп, күшейтеді, қабыршақтарды тегістейді әрі ондағы ылғалды жоғалтпау үшін қорғаныш қабықшасымен қаптап қояды. Манго сығындысы А, С дәрумендері мен бета-каротинге бай, сондай-ақ оның құрамында органикалық қышқылдар мен энзимдер кешені бар. Құрамындағы биологиялық белсенді заттардың арқасында манго регенерация процесін іске қосып, жасушалардың белсенді түрде жаңаруына ықпал етеді.
HYDROLYZED SILK (жібек протеиндері) шашқа еркін еніп, оның өзегін нығайтады, қабыршақтарды тегістеп, қоректендіреді, шашты ылғалдандырып, жылтыратады.
SIMMONDSIA CHINENSIS SEED OIL (жожоба майы) шашты ылғалдандырып, құрылымын жақсартады, шаш түйінінің өміршеңдігін қалпына келтіреді. Шаштың сыртқы келбетін айтарлықтай жақсартады.
Жақсы нәтижеге жету үшін, Occuba топтамасындағы өз шашыңызға сәйкес келетін сусабынмен бірге пайдаланыңыз.
Тауар жөніндегі пікірді
тек авторизация жасағаннан кейін жазуға болады
Назар аударыңыз! Елді ауыстырғанда себеттің құрамы да өзгеруі мүмкін.