Сайттың ескі нұсқасы

Аударым жасау
Occuba Professional

Control коллагенді сусабыны

Майланған шашқа арналған

Гүлшетен және эвкалипт майлары мен қалақай сығындысы қосылған Occuba® коллагенді сусабыны қайызғақтың пайда болу себебімен тиімді күрес жүргізеді, сондықтан сіз үйде отырып-ақ сұлулық салонындағыдай кәсіби шаш күтімінің әсеріне қол жеткізе аласыз.

250 мл-лік құты

Германияда шығарылған

790
!Сыйлық шотынан төлеуге болады

Құрамында белсенді компонентері көп сусабын қайызғақтың пайда болу себептерімен тиімді күресіп, бас терісінің қарқынды ылғалдануын қамтамасыз етеді. Майлануға бейім шаш үшін теңдессіз өнім. Шашты ішінен қалпына келтіреді, серпімділік береді және жарқыратады.

Патенттелген AFG system® кешені бас терісін сауықтырып, оны құнарландырып, ылғалдандырады.

Күшті табиғи антисептиктер: қалақай, сәлбен және қырмызыгүлдің үш еселік әсері шаштың майлылығын азайтады және бас терісін қабыршықтану, қышу және тітіркену сияқты жағымсыз әсерлерден қорғайды. Дәрумендерге, амин қышқылдарына және микроэлементтерге бай сығындылар шашты ішінен қалыпқа келтіреді, оларға күш беріп, серпімділік сыйлап, жарқыратады.

Кімдерге арналған?

  • Үйдегі күтімнің кәсіби деңгейде болғанын қалайтындарға.
  • Шашының сау әрі күшті болғанын қалайтындарға.
  • Сульфатсыз сусабын іздеп жүргендерге.
  • Өнім құрамының қауіпсіз болғанына мән беретіндерге.  
  • Белсенді компоненттерге бай
    Occuba Professional құралдарының құрамында 20-ға жуық белсенді компоненттер бар, сондықтан сіз үйде отырып-ақ сұлулық салонындағыдай кәсіби күтімге қол жеткізе аласыз. Occuba сусабындарының негізі судан емес, коллагеннен құралған. Гидролизделген биобелсенді коллаген су секілді ББЗ-ды ерітіп қана қоймай, шашты тазарту сатысында-ақ қарқынды күтім көрсетуді бастап кетеді.
  • Неміс сапасы
    Occuba Professional құралдарын сусабынның отаны саналатын Германиядағы JoJo Hairсosmetics компаниясы жасап, әзірлейді. Бұл компания 30 жылдан астам уақыт (1983 жылдан бері) шаш күтіміне арналған кәсіби косметикаларды шығарып келеді, сондай-ақ олардың өз зерттеу орталықтары мен зертханалары бар.
  • Қауіпсіздік
    Occuba Professional-дың барлық өнімдерінің құрамында SLS тобының зиянды беткі-белсенді заттары, зиянды консерванттар, формальдегидтер мен парабендер жоқ. Occuba Professional-да қолданылатын жұмсақ жуғыш негіз – кокос пен пальма майларына негізделген ББЗ – бас терісінің қорғаныш қабатын зақымдамай әрі оны тітіркендірмей, шаштағы май мен кірді кетіреді.
  • Айқын нәтиже
    Occuba Professional құралдары шашты ұқыптап тазалап қана қоймай, ылғалдандырып, қоректендіріп, жылтыратады, шаштың құрылымын қалпына келтіріп, бас терісіне күтім жасайды. Бұл құралдардың жинақтаушы әсері бар, яғни шашыңыз күн сайын жақсара беретін болады. 
  • Қайталанбас хош иістендіру тәсілі
    Иіссу нарығындағы көшбасшы – «Аржевиль» компаниясы (Франция) әзірлеген танымал хош иістер.
  • Әр шаш түріне арналған дербес шешім
    Occuba Professional коллекциясында кез келген шаш түрін күнделікті күтуге арналған құралдар бар. Шаш пен бас терісінің нақты мәселелерін шешу үшін, өнім құрамына қосымша белсенді компоненттер енгізілген. 

AQUA, DISODIUM LAURETH SULFOSUCCINATE, SODIUM COCOAMPHOACETATE, POTASSIUM COCOYL HYDROLYZED COLLAGEN, GUAR HYDROXYPROPYLTRIMONIUM CHLORIDE, HEXYLENE GLYCOL, FRUCTOSE*, GLUCOSE*, SUCROSE, UREA, DEXTRIN, ALANINE*, GLUTAMIC ACID*, ASPARTIC ACID*, HEXYL NICOTINATE, CALENDULA OFFICINALIS EXTRACT, CITRUS AURANTIFOLIA FRUIT EXTRACT, URTICA DIOICA EXTRACT, ROSMARINUS OFFICINALIS EXTRACT, ALCOHOL, EUCALYPTUS GLOBULUS LEAF OIL, CINNAMOMUM CAMPHORA WOOD OIL, PINUS SPECIES TWIG LEAF OIL, ROSMARINUS OFFICINALIS LEAF OIL, CAMPHOR, PARFUM (FRAGRANCE): HYDROXYCITRONELLAL, BENZYL SALICYLATE, D-LIMONENE, LINALOOL, BUTYLPHENYL METHYLPROPIONAL, PIROCTONE OLAMINE, ZINC PCA, CI 42051, PHENOXYETHANOL, BENZOIC ACID, DEHYDROACETIC ACID.

* AFG-System®.

Сусабынның негізі

  • Жұмсақ ББЗ
    Occuba Professional сусабындарына негізгі жуғыш зат ретінде Disodium Laureth Sulfosuccinate – теріні тітіркендірмейтін жұмсақ ББЗ қосылады. Бұл бейионогенді ББЗ-ны әдетте ақылды сабын деп атайды, себебі ол терінің қорғаныш қабатын зақымдамай, бас терісінің бетіндегі кір мен майды кетіреді. 
  • Коллагенді негіз
    Occuba Professional сусабынының құрамында шашты қалпына келтіруге пайдасы зор, коллаген негізіндегі Potassium Cocoyl Hydrolyzed Collagen компоненті, және кокос пен пальмоядро майынан жасалған өсімдік майлары бар.
  • Кондициялайтын қоспа
    Өнім құрамында арнайы қондициялағыш Guar Hydroxypropyltrimonium Chloride қоспасы бар, соның арқасында Occuba Professional сусабындарын кондиционерсіз-ақ қолдана беруге болады, шаш оңай таралып, реттеледі.

Белсенді компоненттер

AFG-System® – топтамадағы әр құралдың құрамына кіретін, фруктоза мен глюкозадан және амин қышқылдарынан құралған бірегей кешен.  Бұл кешен шашты қалпына келтіріп, оны едәуір созылғыш әрі иілгіш етеді.

URTICA DIOICA EXTRACT (қалақай сығындысы) В, С, К дәрумендеріне, каротиноидтарға, хлорофилге, протеиндерге, қантқа, илік заттарға, сондай-ақ темір, кальций тұздарына, органикалық қышқылдарға бай. Осыншалық бай құрамының арқасында қалақайдың пайдалы қасиеттері де көп: ол шашты түбінен ұзындығына дейін күшейтіп, өсуін жеделдетеді, шашты иілгіш әрі созылғыш етеді, қабынуға қарсы әрекет етіп, теріні тыныштандырады.

EUCALYPTUS GLOBULUS LEAF OIL (эвкалиптінің эфир майы) құрамында пинен, фелландрен, цинеол, лимонен, терпинен-4-ол және т.б. майлар бар. Антисептикалық және қабынуға қарсы әрекет ететін қасиеті бар. 

ROSMARINUS OFFICINALIS LEAF OIL (гүлшетен майы) тері жасушаларының жаңаруына септеседі, теріні сергітеді, қан айналымын жақсартады, терінің өңін біркелкі етеді, терідегі ұсақ тесіктерді тарылтатын және пилинг әсерін беретін қасиеті бар, ересек адамның терісіне және терідегі жас ұлғайған сайын пайда болатын өзгерістерге қолдануға таптырмас құрал, тері мәселелерін шешудегі айнымас көмекші.

  • Алақаныңызға кішкене сусабын жағып, көпіртіңіз. 
  • Сусабынды шаштың ұзындығы бойынша біркелкі жағып шығыңыз. 
  • 30 секундтай бас терісін уқалап, массаж жасаңыз. 
  • 2 минуттан аса жуып, шайыңыз. 
  • Қажет болса, процедураны тағы бір қайталаңыз. 
Өнім туралы пікірлер

Сіздің тұрғылықты жеріңіз