Repair сусабыны шаш өзегінің құрылымын ылғалдандырып, оны ішінен қалыпқа келтіре отырып, зақымдалған шашқа қарқынды күтім көрсетуді қамтамасыз етеді. Жиі жылу әсеріне ұшырайтын (бұйралау, түзету, фенмен кептіру) шаш үшін таптырмас өнім. Сусабынды тұрақты қолданатын болса, шаш күшті, әдемі және жарқыраған күйге енеді.
- AFG-System® кешенінің амин қышқылдары шаш құрылымына тереңдеп еніп, оны қалыпқа келтіреді.
- Кератин шашты қалпына келтіріп, оның сыртқы келбетін жақсартып, тегістеп, жылтыратады.
- Лайм және лемонграсс сығындылары шаштың түйінін емдеп, сергітеді, шашты күшейтіп, өсуін жеделдетеді, май бездерінің жұмысын тұрақтандырады.
Кімдерге арналған?
- Үйде жасалатын күтімнің кәсіби деңгейде болғанын қалайтындарға.
- Шашының сау әрі күшті болғанын қалайтындарға.
- Сульфатсыз сусабын іздеп жүргендерге.
- Өнім құрамының қауіпсіз болғанына мән беретіндерге.
AQUA, DISODIUM LAURETH SULFOSUCCINATE, SODIUM COCOAMPHOACETATE, POTASSIUM COCOYL HYDROLYZED COLLAGEN, GUAR HYDROXYPROPYLTRIMONIUM CHLORIDE, PANTHENOL, PROPYLENE GLYCOL, HEXYLENE GLYCOL, FRUCTOSE*, GLUCOSE*, SUCROSE, UREA, DEXTRIN, ALANINE*, GLUTAMIC ACID*, ASPARTIC ACID*, HEXYL NICOTINATE, HYDROLYZED VEGETABLE PROTEIN PG-PROPYL SILANETRIOL, MANGIFERA INDICA FRUIT EXTRACT, CITRUS AURANTIFOLIA FRUIT EXTRACT , CYMBOPOGON FLEXUOSUS HERB OIL, HYDROLYZED KERATIN, PHENOXYETHANOL, BENZOIC ACID, DEHYDROACETIC ACID, PARFUM (FRAGRANCE): HEXYL CINNAMAL, CITRONELLOL, BENZYL SALICYLATE, D-LIMONENE, BUTHYLPHENYL METHYLPROPIONAL, CI 16255, CI 19140.
* AFG-System®.
Сусабынның негізі
- Жұмсақ ББЗ
Occuba Professional сусабындарына негізгі жуғыш зат ретінде Disodium Laureth Sulfosuccinate – теріні тітіркендірмейтін жұмсақ ББЗ қосылады. Бұл бейионогенді ББЗ-ны әдетте ақылды сабын деп атайды, себебі ол терінің қорғаныш қабатын зақымдамай, бас терісінің бетіндегі кір мен майды кетіреді.
- Коллагенді негіз
Occuba Professional сусабынының құрамында шашты қалпына келтіруге пайдасы зор, коллаген негізіндегі Potassium Cocoyl Hydrolyzed Collagen компоненті, және кокос пен пальмоядро майынан жасалған өсімдік майлары бар.
- Кондициялайтын қоспа
Өнім құрамында арнайы қондициялағыш Guar Hydroxypropyltrimonium Chloride қоспасы бар, соның арқасында Occuba Professional сусабындарын кондиционерсіз-ақ қолдана беруге болады, шаш оңай таралып, реттеледі.
Белсенді компоненттер
- AFG-System® – топтамадағы әр құралдың құрамына кіретін, фруктоза мен глюкозадан және амин қышқылдарынан құралған бірегей кешен. Бұл кешен шашты қалпына келтіріп, оны едәуір созылғыш әрі иілгіш етеді.
- PANTHENOL (пантенол) ылғал ұстағыш, жұмсартқыш және ылғалдандырғыш қасиеттерге ие тамаша құрал, ылғалдандырғыш әсерді ұзақ уақыт сақтай алады. Сондай-ақ, бұл кумулятивті эффект болып табылады, яғни пантенол қосылған өнімдерді қолданған сайын әсері күшейе түседі. Оның үстіне, бұл компоненттің шаштағы ылғалды сақтау қабілеті шашты фенмен кептіргенде де сақталатынын атап өткен жөн.
- CITRUS AURANTIFOLIA FRUIT EXTRACT (лайм сығындысы) құрамындағы С дәрумені мен флавоноидтердің арқасында терідегі микроциркуляцияны жеделдетіп, май бездерінің жұмысын тұрақтандырады. Сергіткіш жұпар иісі бойға күш-қуат береді. Шаш түйіншесін емдеп, шашты күшейтіп, өсуін жеделдетеді.
- CYMBOPOGON FLEXUOSUS HERB OIL (лемонграсс майы) терідегі ылғалды сақтайды, теріні сергітіп, созылымдық қасиетін арттырады. Ол шаштың шамадан тыс майлануы мәселесін де шешеді, себебі ол майдың бөлінуін теңгерімде ұстауға бейім.
- HYDROLYZED KERATIN (гидролизденген кератин) шашты қалпына келтіріп, сыртқы келбетін жақсартып, тегістеп, жылтыратады. Ылғалды ұстап тұратын қорғаныш қабықшасын түзеді, осылайша шаштың иілгіштігін сақтайды.