Старая версия сайта

Перейти
Occuba Professional

Occuba Set 3 жинағы

Бұл маусымның жарқын жаңалығы, тек кейс құрамында болатын шашқа арналған Repair филлерін сатып ал!

Шыжыған жаздыкүнгі күн сәулелерінен кейін шашты оңай қалпына келтіріп, оған сау әрі табиғи жарқыл, жұмсақтық пен күтілген түр сыйлайды. Кейс құрамында жинақтың ең үздік өнімдері бар: сатылым хиті – Volume сусабыны, шектеулі жинақтағы хош иісті маска және бұл жаздың көптен күткен жаңалығы – Repair filler.  Өсімдік протеиндері бар филлер шашқа тереңдеп еніп, бос және зақымдалған орындарды толтырады, әр талшықтың сыртына қорғаныш қабатын түзеді. Нәтижесінде шашыңыз салонда күтім көрсетілгендей сау,  жылтыр және көрікті түрге енеді. Филлер құрамындағы авокадо майы мен зәйтүн жапырақтарының сығындысы шашты толықтай ылғалдандырады және құнарландырады, шашқа жұмсақтық пен мінсіз жарқыл сыйлайды.  

Германияда шығарылған

2360 ₽

3 кейстің әрқайсысында шашқа көлем беретін сусабын, хош иісті маска, және маусымның ең басты жарқын жаңалығы –  шашқа арналған филлер бар! Occuba филлері – шаш күтіміне арналған  заманауи құрал, тұрақты пайдаланған жағдайда, ол танымал салон процедураларын алмастыра алады. Ол қысқа уақыт ішінде зақымдалған және әлсіреген шаштарды жасуша деңгейінде қалыпқа келтіріп, оларға тамаша жылтыратып, түзулейді. Бұл кейсті неге сатып алу керек? Бір желідегі заттар әртүрлі марка өнімдерімен салыстырғанда әлдеқайда тиімді. Шаш түріне қарай дұрыс таңдалған сусабын, маска және филлер бір-бірінің әсерін күшейтеді, осылайша көздеген нәтижеге қол жеткізу жеңілдей түседі.

Кімдерге арналған?

  • Үйде кәсіби күтім жасауды ұнататындарға.
  • Сау және күшті шашты қалайтын жандарға.
  • Өнім құрамының қауіпсіз болғанын қалайтындарға.
  • Белсенді компоненттер 5 есе көп 
    Қарапайым  сусабындардың 90%-ға жуығы  судан тұрады және бар болғаны 10% пайдалы заттары бар екенін ескерсек, Occuba Professional 50% белсенді компоненттерден тұрады, сондықтан да қарқынды қалпына келтіру мен көзге анық байқалатын әсерді қамтамасыз етеді.  
  • Қауіпсіздік
    OCCUBA® Professional-дың барлық өнімдерінің құрамында SLS тобының зиянды беткі-белсенді заттары, зиянды консерванттар, формальдегидтер мен парабендер жоқ. OCCUBA® Professional-да қолданылатын жұмсақ жуғыш негіз – кокос пен пальма майларына негізделген ББЗ – бас терісінің қорғаныш қабатын зақымдамай әрі оны тітіркендірмей, шаштағы май мен кірді кетіреді.
  • Айқын нәтиже
    OCCUBA® Professional құралдары шашты ұқыптап тазалап қана қоймай, ылғалдандырып, қоректендіріп, жылтыратады, шаштың құрылымын қалпына келтіріп, бас терісіне күтім жасайды.  Бұл құралдардың жинақтаушы әсері бар, яғни шашыңыз күн сайын жақсара беретін болады. 
  • Неміс сапасы
    OCCUBA® Professional құралдарын сусабынның отаны саналатын Германиядағы JoJo Hairсosmetics компаниясы жасап, әзірлейді. Бұл компания 30 жылдан астам уақыт (1983 жылдан бері) шаш күтіміне арналған кәсіби косметикаларды шығарып келеді, сондай-ақ олардың өз зерттеу орталықтары мен зертханалары бар.
  • Әр шаш түріне арналған дербес шешім
    OCCUBA® Professional коллекциясында кез келген шаш түрін күнделікті күтуге арналған құралдар бар. Шаш пен бас терісінің нақты мәселелерін шешу үшін, өнім құрамына қосымша белсенді компоненттер енгізілген. Оларды таңдаудға арнайы шақыртылған ғылыми қызметкер, м. ғ. д., жоғары санатты дерматолог дәрігер, РҒА СБ клиникалық және эксперименттік лимфология ҒЗИ қызметкері – Свечникова Наталья Николаевна қатысты. ​

Volume сусабыны

Белсенді компоненттер

  • Жұмсақ ББЗ
    OCCUBA® Professional сусабындарында негізгі жуғыш зат ретінде Disodium Laureth Sulfosuccinate – теріні тітіркендірмейтін жұмсақ ББЗ қосылады. Бұл бейионогенді ББЗ-ны әдетте ақылды сабын деп атайды, себебі ол терінің қорғаныш қабатын зақымдамай, бас терісінің бетіндегі кір мен майды кетіреді. 
  • Коллагенді негіз
    OCCUBA® Professional сусабынының құрамында шашты қалпына келтіруге пайдасы зор, коллаген негізіндегі Potassium Cocoyl Hydrolyzed Collagen компоненті, және кокос пен пальмоядро майынан жасалған өсімдік майлары бар.
  • Кондициялайтын қоспа
    Өнім құрамында арнайы Guar Hydroxypropyltrimonium Chloride қондициялағыш қоспа бар, соның арқасында OCCUBA® Professional сусабындарын кондиционерсіз-ақ қолдана беруге болады, шаш оңай таралып, реттеледі.
  • Хитозан
    Жұқа шашқа көлем беріп, зақымданулардан қорғайды, тарауды жеңілдетеді. 
  • AFG system
    Амин қышқылдары, фруктоза мен глюкозадан тұратын бұл бірегей кешен осы топтамадағы әр құралдың құрамына кіреді. Ол шашты қалпына келтіріп, созылғыш әрі икемді етеді.
  • B5 провитамині (пантенол)
    Шашқа ұзақ уақыттық ылғалдандырғыш әсер береді, шаштың таралып, жиналуын жеңілдетеді. Ұшталған шаштарды азайтып, шашты қалыңдатады. Зақымдалған шаштардың жалпы түрі мен күйін жақсартады.

Құрамы: AQUA (WATER), DISODIUM LAURETH SULFOSUCCINATE, SODIUM COCOAMPHOACETATE, POTASSIUM COCOYL HYDROLIZED COLLAGEN, GUAR HYDROXYPROPYLTRIMONIUM CHLORIDE, HEXYLENE GLYCOL, FRUCTOSE*, GLUCOSE*, ALANINE*, GLUTAMIC ACID*, ASPARTIC ACID*, SUCROSE, UREA, DEXTRIN, HEXYL NICOTINATE, PANTHENOL, PROPYLENE GLYCOL., BENZOIC ACID, DEHYDROACETIC ACID, PHENOXYETHANOL, POLYQUATERNIUM-4/HYDROXYPROPYL STARCH COPOLYMER, DECYL GLUCOSIDE, PANTHENYL ETHYL ETHER, GLYCERYL LAURATE, TOCOPHERYL ACETATE, CHITOSAN, LACTIC ACID, PHYTANTRIOL, d-LIMONENE, LINALOOL, HEXYL CINNAMAL, CI 19140, PARFUM (FRAGRANCE).

Шашқа арналған Coffee маскасы

Белсенді компоненттер

 

  • AFG-System – осы топтама құрамындағы әр құралдың ішіне кіретін амин қышқылдары, фруктоза мен глюкозадан тұратын бірегей кешен. Шаштың құрылымын қалпына келтіріп, оны созылғыш әрі серпінді етеді.
  • Жожоба майы – шашты ылғалдандырып, құрылымын жақсартады, осылайша шаш түбінің қалыпты өміршеңдікке алып келеді. Шаштың келбетін едәуір жақсартады.
  • Гидролизделген бидай протеиндері – шаштың ішіне еніп, бос жерлерді толтырып, оны айтарлықтай күшейтеді. Шашты жақсы ылғалдандырады, ылғалдың шектен тас булануын болдырмайды, статикалық электрді төмендетуге көмектеседі (антистатик). 
  • Кофе сығындысы – шаштың түбін нығайтады, соның нәтижесінде шаштың түсу және сыну жиілігі төмендейді. Шаш жылтырап, түсі қанық бола түседі.
  • Ши майы – шашты керемет қоректендіріп, ылғалдандырады, әлсіз, зақымдалған және құрғақ шашты күшейтеді. Шашты қоршаған ортаның жағымсыз әсерінен және ультракүлгін сәулесінен қорғайды. 

Құрамы: AQUA (WATER), CETYL ALCOHOL, CETRIMONIUM CHLORIDE, DISTEARYLDIMONIUM CHLORIDE, SIMMONDSIA CHINENSIS SEED OIL, CITRIC ACID, FRUCTOSE*, GLUCOSE*, ALANINE*, GLUTAMIC ACID*, ASPARTIC ACID*, HEXYLENE GLYCOL, SUCROSE, UREA, DEXTRIN, HEXYL NICOTINATE, HYDROLYZED WHEAT PROTEIN, SODIUM BENZOATE, BENZOIC ACID, DEHYDROACETIC ACID, PHENOXYETHANOL, BUTYROSPERMUM PARKII BUTTER, COFFEA ARABICA SEED EXTRACT, CI 20285, PARFUM (FRAGRANCE).

* AFG-System®

Шашқа арналған Repair филлері

Белсенді компоненттер

  • Авокадо майы – құнарландырғыш заттардың қайнар көзі: шаш өсуін жеделдетеді, шаш түбін нығайтады, шаш түсуінің алдын алады, шаш құрылымын ішінен қалыпқа келтіреді, шашты ылғалдандырады, жарқылын, жібектей жұмсақтығы мен тегістігін қайтарады, шаш тығыздығын арттырады, ультракүлгін сәулелерден және қоршаған ортаның зиянды әсерінен қорғайды.
  • Зәйтүн жапырақтарының сығындысы – шаштың сау жарқылын қалыпқа келтіреді, оларды барынша қалың және көнбіс күйге түсіреді, шаш құрылымын тегістейді, түсуінің алдын алады және өсуін жақсартады, шаш қабыршықтарын жояды, сау, күтілген түр сыйлайды.
  • Гидролизделген өсімдік протеиндері шаш құрылымына енеді, бос орындарды толтырады, осылайша оған тегіс, жұмсақ және жылтырлық береді, ылғалдың шектен тыс булануына жол бермейтін көрінбейтін қабық түзеді және статикалық электр тогын азайтады. 

ҚҰРАМЫ: AQUA, ACRYLAT COPOLYMER, TRIETHANOLAMINЕ, SODIUM BENZOATE, PEG 40 HYDROGENATED CASTOR OIL, VP / VA COPOLYMER, PHENOXYETHANOL, ETHYLHEXYLGLYCERIN, OLEA EUROPAEA LEAF EXTRACT, HYDROLYZED VEGETABLE PROTEIN PG-PROPYL SILANETRIOL, PERSEA GRATISSIMA FRUIT EXTRACT, PANTHENOL, PROPYLENE GLYCOL, HEXYL CINNNAMAL, CITRONELLOL, BENZYL SALICYLATE, D-LIMONENE, BUTHYLPHENYL METHYLPROPIONAL, PARFUM (FRAGRANCE).

1-ші қадам Volume сусабыны

  • Аздаған сусабынды алақаныңызға құйыңыз, ақырын көбіктендіріңіз.
  • Сусабынды шашқа біркелкі жағыңыз.
  • Жеңіл қимылмен бас терісін 30 секунд бойы ұқалаңыз.
  • 2 минуттан кем емес уақыт шайыңыз.
  • Қажет болған жағдайда процедураны қайталаңыз.

2-ші қадам Шашқа арналған Coffee маскасы

1-ші әдіс

Барынша жақсы нәтижеге қол жеткізу үшін масканы құрғақ шашқа жағыңыз.

  • 20-30 минутқа қалдырыңыз.
  • Жылы сумен шайыңыз, сосын шампуньмен шашыңызды жуыңыз.

2-әдіс

Өнімді жуылған шашқа жағыңыз.

  • Біркелкі жағыңыз.
  • 5-10 минутқа қалдырып, мұқият шайып тасаңыз.

Аптасына бір рет немесе қажет болған жағдайда қолданыңыз.

3-ші қадам Шашқа арналған Repair филлері

Қолдану әдісі: Аздаған өнімді алақанға құйыңыз және шашыңызға біркелкі жағыңыз. Сәндеу алдында құрғақ немесе ылғалды шашқа пайдалануға болады. Шаймаңыз.

Қолдану бойынша нұсқаулар: Шаш құрылымын қалыпқа келтіру үшін күнделікті күтім құралы ретінде пайдаланыңыз. 

Сіздің тұрғылықты жеріңіз