Сайттың ескі нұсқасы

Аударым жасау
Occuba Professional

Шашқа арналған Repair Filler филлері

Ұшталған және сынғыш шашты қалпына келтіруге арналған

Өсімдік протеиндері қосылған филлер шаштың түбіне еніп, бос орындар мен зақымдалған жерлерді толтырып, әр шашты қоршап тұрады. Бұл құралды жиі қолданатын болса, ол сұлулық салонындағы шашты ламинациялау және кератинмен түзулеу секілді танымал процедураларды алмастыра алады. Авокадо майы мен зәйтүн жапырақтарының сығындысы шашты ылғалдандырып, қоректендіреді. Шаш жібектей жұмсарып, жылтырап, сауығып әрі бапталып шыға келеді.

50 мл

Германияда шығарылған

790

Филлердің өсімдік протеиндері мен пантенол қосылған қанық формуласы зақымдалған шашты жасуша деңгейінде қалпына келтіріп, кеуекті және құрғақ шаштың ішін толтырып, қоректендіріп, құнарландырады. Авокадо мен зәйтүн сығындылары шашты мінсіз жылтыратып, жұмсартады.

 

Кімдерге арналған?

•             Үйде жасалатын күтімнің кәсіби деңгейде болғанын қалайтындарға.

•             Шашының сау әрі күшті болғанын қалайтындарға.

•             Қосымша күтім құралдарын іздеп жүргендерге.

•             Өнім құрамының қауіпсіз болғанына мән беретіндерге.

 

  • Белсенді компоненттерге бай
    Occuba Professional құралдарының құрамының 50 %-ы белсенді компоненттерден тұрады, сондықтан сіз үйде отырып-ақ сұлулық салонындағыдай кәсіби күтімге қол жеткізе аласыз.
  • Неміс сапасы
    Occuba Professional құралдарын сусабынның отаны саналатын Германиядағы JoJo Hairсosmetics компаниясы жасап, әзірлейді. Бұл компания 30 жылдан астам уақыт (1983 жылдан бері) шаш күтіміне арналған кәсіби косметикаларды шығарып келеді, сондай-ақ олардың өз зерттеу орталықтары мен зертханалары бар.
  • Қауіпсіздік
    Occuba Professional-дың барлық өнімдерінің құрамында SLS тобының зиянды беткі-белсенді заттары, зиянды консерванттар, формальдегидтер мен парабендер жоқ. Occuba Professional-да қолданылатын жұмсақ жуғыш негіз – кокос пен пальма майларына негізделген ББЗ – бас терісінің қорғаныш қабатын зақымдамай әрі оны тітіркендірмей, шаштағы май мен кірді кетіреді.
  • Айқын нәтиже
    Occuba Professional құралдары шашты ұқыптап тазалап қана қоймай, ылғалдандырып, қоректендіріп, жылтыратады, шаштың құрылымын қалпына келтіріп, бас терісіне күтім жасайды. Бұл құралдардың жинақтаушы әсері бар, яғни шашыңыз күн сайын жақсара беретін болады. 
  • Әр шаш түріне арналған дербес шешім
    Occuba Professional коллекциясында кез келген шаш түрін күнделікті күтуге арналған құралдар бар. Шаш пен бас терісінің нақты мәселелерін шешу үшін, өнім құрамына қосымша белсенді компоненттер енгізілген. 

AQUA, VP / VA COPOLYMER, TRIETHANOLAMINЕ, ACRYLATES COPOLYMER, PEG-40 HYDROGENATED CASTOR OIL, OLEA EUROPAEA LEAF EXTRACT, HYDROLYZED VEGETABLE PROTEIN PG-PROPYL SILANETRIOL, PANTHENOL, PROPYLENE GLYCOL, PERSEA GRATISSIMA FRUIT EXTRACT, SODIUM BENZOATE, PHENOXYETHANOL, ETHYLHEXYLGLYCERIN, PARFUM (FRAGRANCE): HEXYL CINNAMAL, CITRONELLOL, BENZYL SALICYLATE, D-LIMONENE, BUTYLPHENYL METHYLPROPIONAL.

Белсенді компоненттер

PERSEA GRATISSIMA FRUIT EXTRACT (авокадо майы) — қоректік заттардың қайнар көзі: ол шаштың өсуін жеделдетіп, шаштың түбін нығайтады, шаштың түсуін болдырмайды. Шаштың құрылымын ішінен қалпына келтіріп, шашты түбінен ұшына дейін ылғалдандырады, шашқа жылтырлық, жұмсақтық секілді қасиеттерін қайтарады, шашты тығыздайды, ультракүлгін сәулелерінен және қоршаған ортаның жағымсыз әсерлерінен қорғайды.

OLEA EUROPAEA LEAF EXTRACT (зәйтүн жапырақтарының ағашы) шаштың табиғи жылтырын қалпына келтіреді, шашты қалыңдатып, икемді етеді, шаштың құрылымын тегістеп, түсуіне жол бермей, өсуін жеделдетеді, шаштың қабыршақтарын суарып, шашты барынша сауықтырып, баптайды.

HYDROLYZED VEGETABLE PROTEIN PG-PROPYL SILANETRIOL (гидролизденген өсімдік протеиндері) шаштың құрылымына еніп, бос жерлерді толтыру арқылы шашты жұмсартып, тығыздап, иілгіш етеді, ылғалдың шектен тыс булануына тосқауыл болатын көрінбейтін қабықша түзеді, статикалық электрді басуға көмектеседі.

Қолдану тәсілі: алақанға филлерді аздап сеуіп, шаштың ұзына бойына жағыңыз. Шашты әрлеу алдында сулы шашқа да, құрғақ шашқа да жағуға болады. Жуып тастаудың қажеті жоқ.

Қолдану жөніндегі кеңестер: шаш құрылымын қалпына келтіретін күнделікті күтім құралы ретінде пайдаланыңыз.

Жақсы нәтижеге жету үшін, Occuba топтамасындағы өз шашыңызға сәйкес келетін сусабын және бальзам-кондиционермен бірге пайдаланыңыз.

Өнім туралы пікірлер

Сіздің тұрғылықты жеріңіз