Сайттың ескі нұсқасы

Аударым жасау
Occuba Professional

Сұрғылт-көкшіл Occuba тарағы

Сәнді тарақ сіздің сенімді серігіңізге айналары сөзсіз, себебі Occuba тарағы шашты зақымдамай, ұқыпты тарайды. Ол шашты сырғанап жүріп тарап, жұқа, қалың, бұйра, түзу шашты да оңай тарқатады. Өлшемі ықшам болғандықтан, оны өзіңмен бірге саяхатқа, сапарға алып жүруге немесе күнделікті өмірде қолдануға өте қолайлы.

Өлшемі: 85 мм * 65 мм
Тауар саны шектеулі.

390
!Сыйлық шотынан төлеуге болады

Тығыздығы дәл есептеліп орналастырылған, құрылымы екі деңгейлі қылшықтардың арқасында шашты зақымдамай тарап, тарқататындықтан, ұйысқан шаш тұтамдары мен түйіндерінен құтыласыз. Тарақтың ерекшелігі - оның біркелкі әрі көркем контуры және тұтқасының эргономикалық дизайны, сондықтан оны қолда ұстаған ыңғайлы.

Кімдерге арналған?

Шашының сау әрі сұлу болғанын қалайтындарға.

Тарақтың қолайлы әрі функционалды болғанын қалайтындарға.

Көп саяхаттап, салауатты өмір салтын ұстанатындарға.

  • Сулы шашқа да, құрғаған шашқа да қолдануға болады, ұйысып қалған шашты ұқыпты тарқатады. 
  • Таралған шаш электрленбейді, керісінше жібектей жылтыр әрі жұмсақ болады. 
  • Шаштың ұшталуын болдырмайтындықтан, сынғыш шашқа қолдануға таптырмайтын құрал. 
  • Алақанға қонымды, тұтқасы болмағандықтан шашқа артық салмақ түсірмейді. 

Қақпағын ашып, шашыңызды тараңыз да, қақпағын жабыңыз. 

Қажет болса тарақтың қылшықтары мен корпусын тазалау үшін аз ғана сабын қосып, жылы сумен жуыңыз. Ішіне су кіріп кеткен болса, оны шығару үшін тарақты сәл сілкіп жіберіңіз. Тарақты қылшығын төмен қаратып қойыңыз да, әбден кепкенше күтіңіз. 

Өнім туралы пікірлер

Сіздің тұрғылықты жеріңіз