Сайттың ескі нұсқасы

Аударым жасау
Occuba Professional

Жиналмалы сарғылт-күлгін тарақ

Өзіңмен бірге алып жүргенге ыңғайлы ықшам тарақ. Айнасы бар, ұстағанға жағымды жабынмен қапталған, екі ашық түсте жасалған тарақ. Тарақ қылшықтарының арнайы иілген пішіні шашты тарқатып, бас терісіне жеңіл массаж жасайды.

Өлшемі: диаметрі 65 мм
Тауар саны шектеулі.

190
!Сыйлық шотынан төлеуге болады
!Тауар қоймада жоқ

Шағын тарақ кішкентай сөмкенің ішіне де сыйып кетеді, ал тығыз жабылатын айналы қақпағы тарақты шаң-тозаңнан қорғайды. Бұл тарақ шашты зақымдамай әрі жарақаттамай, сырғанап жүріп тарайды, антистатикалық әсері бар. 

Кімдерге арналған?

Шашының сау әрі сұлу болғанын қалайтындарға.

Тарақтың қолайлы әрі функционалды болғанын қалайтындарға.

Көп саяхаттап, салауатты өмір салтын ұстанатындарға.

  • Жиналмалы тарақтың көлемі опадан да кіші, сондықтан сөмкеңізден аз ғана орын алады. 
  • Оның массаж жасайтын қылшықтары бас терісінің қанайналымын жақсартып, сау шаштардың өсіп шығуына септеседі. 
  • Таралған шаш электрленбейді, керісінше жібектей жылтыр әрі жұмсақ болады. 

Тарақты ашып, қылшықты жастығын басып шығарыңыз да, шашыңызды тарап, айнасынан нәтижесін көріңіз. 

Қажет болса тарақтың қылшықтары мен корпусын тазалау үшін аз ғана сабын қосып, жылы сумен жуыңыз. Ішіне су кіріп кеткен болса, оны шығару үшін тарақты сәл сілкіп жіберіңіз. Тарақты қылшығын төмен қаратып қойыңыз да, әбден кепкенше күтіңіз. 

Өнім туралы пікірлер

Сіздің тұрғылықты жеріңіз