Ерлерге арналған Control сусабыны майлы шаш мәселесін тиімді шешеді, әрі қайызғақ пен оның пайда болу себептерінен арылуға көмектеседі.
- Патенттелген AFG system® кешені бас терісін сауықтырып, оны қоректендіріп, ылғалдандырады.
- Микробқа және қышымаға қарсы Piroctone Olamine компоненті жасушалық деңгейде қайызғақпен белсенді күреседі.
- Қалақай, сәлбен және қырмызыгүл секілді күшті табиғи антисептиктердің үш еселік әрекеті шаштың майлылығын азайтып, бас терісін қабыршақтану, қышу, тітіркену тәрізді жағымсыз әсерлерден қорғайды. Амин қышқылдарына, дәрумендер мен микроэлементтерге бай сығындылар шашты ішінен қалпына келтіріп, оларды күшті, иілгіш етіп, жарқыратады.
Кімдерге арналған?
- Үйде жасалатын күтімнің кәсіби деңгейде болғанын қалайтындарға.
- Шашының сау әрі күшті болғанын қалайтындарға.
- Сульфатсыз сусабын іздеп жүргендерге.
- Өнім құрамының қауіпсіз болғанына мән беретіндерге.
AQUA, DISODIUM LAURETH SULFOSUCCINATE, SODIUM COCOAMPHOACETATE, POTASSIUM COCOYL HYDROLYZED COLLAGEN, GUAR HYDROXYPROPYLTRIMONIUM CHLORIDE, HEXYL NICOTINATE, FRUCTOSE*, GLUCOSE*, ALANINE*, GLUTAMIC ACID*, ASPARTIC ACID*, SUCROSE, UREA, DEXTRIN, HEXYLENE GLYCOL, BENZOIC ACID, DEHYDROACETIC ACID, PHENOXYETHANOL, ZINC PCA, PIROCTONE OLAMINE, CALENDULA OFFICINALIS EXTRAKT, ALCOHOL, URTICA DIOICA EXTRACT, ROSMARINUS OFFICINALIS LEAF EXTRACT, EUCALYPTUS GLOBULUS LEAF OIL, CINNAMOMUM CAMPHORA WOOD OIL, PINUS SPECIES TWIG LEAF OIL, ROSMARINUS OFFICINALIS LEAF OIL, CAMPHOR, d-LIMONENE, LINALOOL, HEXYL CINNAMAL, CITRAL, BUTYLPHENYL METHYLPROPIONAL CI 42051, PARFUM (FRAGRANCE).
*AFG-System®
Сусабынның негізі
- Жұмсақ ББЗ
OCCUBA® Professional сусабындарына негізгі жуғыш зат ретінде Disodium Laureth Sulfosuccinate – теріні тітіркендірмейтін жұмсақ ББЗ қосылады. Бұл бейионогенді ББЗ-ны әдетте ақылды сабын деп атайды, себебі ол терінің қорғаныш қабатын зақымдамай, бас терісінің бетіндегі кір мен майды кетіреді.
- Коллагенді негіз
OCCUBA® Professional сусабынының құрамында шашты қалпына келтіруге пайдасы зор, коллаген негізіндегі Potassium Cocoyl Hydrolyzed Collagen компоненті, және кокос пен пальмоядро майынан жасалған өсімдік майлары бар.
- Кондициялайтын қоспа
Өнім құрамында арнайы қондициялағыш Guar Hydroxypropyltrimonium Chloride қоспасы бар, соның арқасында OCCUBA® Professional сусабындарын кондиционерсіз-ақ қолдана беруге болады, шаш оңай таралып, реттеледі.
Белсенді компоненттер
- AFG system®
Амин қышқылдары, фруктоза мен глюкозадан тұратын бұл бірегей кешен осы топтамадағы әр құралдың құрамына кіреді. Ол шашты қалпына келтіріп, созылғыш әрі икемді етеді.
- Piroctone olamine
Микроб пен қышымаға қарсы бұл ингредиент қайызғақпен жасушалық деңгейде күреседі. Сондай-ақ, Piroctone Olamine май бездерінің қызметін қалпына келтіруге көмектеседі, яғни тері майының шектен тыс бөлінуін қысқартады, сондықтан шаш майланып, жылтырамайды. Оның химиялық құрылымы ДНҚ-мен бірдей. Сол себепті ол қайызғақтың пайда болуына себепші микроорганизмнің ядросына оңай еніп, оның жұмысын бұзады, нәтижесінде микроорганизм өледі. Осылайша, Piroctone Olamine олардың санын азайтып, қайызғақтың пайда болуына, терінің қышып, тітіркенуіне тосқауыл болады.
- Salvia officinalis extract
Сәлбен сығындысы қайызғақтың пайда болу себебін жою арқылы оны қысқа уақыт ішінде жеңуге көмектеседі. Сәлбен май бездерінің жұмысын тез тұрақтандырады, әрі ол майлы шаштарды сауықтыратын тиімді құрал болып табылады. Сонымен қатар, ол шашты нығайтып, оның түсуін азайтып, өсу процесін іске қосады.
- Urtica dioica extract
Қалақай сығындысы қабынуға қарсы әрекет етіп, антисептикалық әсер береді. Ол белсенді илік заттардың есебінен тері майының бөлінуін реттеп, терінің тітіркенуін басады, микробтар мен тері саңырауқұлағымен күресіп, қайызғақтан арылтады. Құрамында С, К дәрумендерінің, В тобының дәрумендерінің, эфир майларының, протеиндер мен минералдардың мөлшері өте көп, соның арқасында жасушалардың регенерациясы жеделдеп, шаш тез өседі. Ол шаштағы статикалық электрді басып, оны күшейтіп, жылтыратады.
- Calendula officinalis extract
Қырмызыгүл сығындысы өзінің тері саңырауқұлағына және қабынуға қарсы әрекет ететін қасиетімен танымал, сондықтан ол қайызғаққа қарсы тиімді құрал болып табылады. Шаштың түбін жақсылап ылғалдандырып, шаш құрылымын нығайтады, зақымдарды жазып, шаштың өсуін жеделдетеді. Қырмызыгүл терінің тітіркенуін басып, қышу, дызылдау және қабыршақтану секілді кез келген жағымсыз әсерді жояды. Шаштың майлылығын азайтады, шашты созылғыш әрі икемді етеді, шашқа табиғи энергия мен жылтыр береді.