Сайттың ескі нұсқасы

Аударым жасау
Occuba Professional

Қайызғаққа қарсы Control тонигі

Бас терісіне кәсіби күтім жасау

Тоник қайызғақ мәселесінің алдын алып, жояды. Қанмен қамтамасыз етуді жеделдетіп, жақсартады, шаш түбінің нығаюына ықпал етеді. Бактерияға қарсы әрекет ететін белсенді компоненттер бас терісін тыныштандырып, май бездерінің жұмысын тұрақтандырады. 

75 ml  2.5 fl.oz

Германияда шығарылған

680 ₽
!Сыйлық шотынан төлеуге болады

Қайызғаққа қарсы әрекет ететін тоник бас терісіндегі қан айналымын жеделдетіп, шаштың түбін нығайтып, тесіктерін ашып, қан мен оттегінің келуін арттырады. Тыныштандырғыш және бактерияға қарсы әрекет ететін қасиеті бар. Кез келген қайызғақ түрі пайда болғанда қолдануға тиімді. 

Кімдерге арналған?

  • Үйде жасалатын күтімнің кәсіби деңгейде болғанын қалайтындарға.
  • Шашының сау әрі күшті болғанын қалайтындарға.
  • Өнім құрамының қауіпсіз болғанына мән беретіндерге.  
  • Белсенді компоненттердің мөлшері 5 есе көп
    Occuba Professional құралдарының 50%-ы шаштың қарқынды түрде қалпына келіп, айқын нәтижеге жетуін қамтамасыз ететін белсенді компоненттерден құралған. 
  • Қауіпсіздік
    Occuba​ Professional-дың барлық өнімдерінің құрамында SLS тобының зиянды беткі-белсенді заттары, зиянды консерванттар, формальдегидтер мен парабендер жоқ. 
  • Айқын нәтиже
    Occuba​ Professional құралдары шашты ұқыптап тазалап қана қоймай, ылғалдандырып, қоректендіріп, жылтыратады, шаштың құрылымын қалпына келтіріп, бас терісіне күтім жасайды.  Бұл құралдардың жинақтаушы әсері бар, яғни шашыңыз күн сайын жақсара беретін болады. 
  • Неміс сапасы
    Occuba​ Professional құралдарын сусабынның отаны саналатын Германиядағы JoJo Haircosmetics компаниясы жасап, әзірлейді. Бұл компания 30 жылдан астам уақыт (1983 жылдан бері) шаш күтіміне арналған кәсіби косметикаларды шығарып келеді, сондай-ақ олардың өз зерттеу орталықтары мен зертханалары бар.
  • Әр шаш түріне арналған дербес шешім
    Occuba​ Professional коллекциясында кез келген шаш түрін күнделікті күтуге арналған құралдар бар. Шаш пен бас терісінің нақты мәселелерін шешу үшін, өнім құрамына қосымша белсенді компоненттер енгізілген. Оларды таңдауға арнайы шақыртылған ғылыми қызметкер, м. ғ. д., жоғары санатты дерматолог дәрігер, РҒА СБ клиникалық және эксперименттік лимфология ҒЗИ қызметкері – Свечникова Наталья Николаевна қатысты. 

Состав/Ingredients: AQUA(WATER), ALCOHOL DENAT., CETRIMONIUM CHLORIDE, PIROCTONE OLAMINE, PEG-40 HYDROGENATED CASTOR OIL, MENTHA PIPERITA OIL, CITRUS BERGAMIA PEEL OIL EXPRESSED, LINALYL ACETATE, LINALOOL, CITRUS LIMON PEEL OIL, CITRUS AURANTIUM DULCIS FRUCHT EXTRAKT, CITRUS AURANTIUM DULCIS PEEL OIL, CITRAL, LIMONENE, ROSMARINUS OFFICINALIS LEAF EXTRACT, EUCALYPTUS GLOBULUS LEAF OIL, CINNAMOMUM CAMPHORA WOOD OIL, PINUS SPECIES TWIG LEAF OIL, ROSMARINUS OFFICINALIS LEAF OIL, CAMPHOR, MELALEUCA ALTERIFOLIA LEAF OIL, CI 42051.

Белсенді компоненттер 

  • PIROCTONE OLAMINE – жасуша деңгейінде қайызғақпен белсенді күреседі, микробқа және тері саңырауқұлағына қарсы ингредиент. Ол май бездерінің жұмысын қалыпқа келтіруге көмектеседі, яғни тері майының шектен тыс бөлінуін азайтады. Оның химиялық құрылымы ДНҚ-ға ұқсас, осының арқасында ол қайызғақтың пайда болуына себеп болатын микроағзаның ядросына жеңіл енеді, оның жұмысын бұзады және микроағзаны жояды. Осылайша, PIROCTONE OLAMINE қайызғақтың, терінің қызаруы мен тітіркенуінің алдын алады.
  • Эфир майларының кешені (цитрустар, эвкалипт, бергамот майы, жалбыз майы) -  сезімталдықты төмендетеді, қызару мен қабыршықтануды жояды, бас терісін тыныштандырады және құнарландырады, шаш түбін нығайтады, шаш түсуінің алдын алады, жасушалардың қалыпқа келуіне септігін тигізеді. Эфир майларының арқасында бас терісі сау, ылғалды және күтілген күйде жетеді, ал шаш жұмсақ, жарқыраған және көнбіс болады. Жалбыз майы жеңіл салқындату сезімін сыйлайды.
  • Гүлшетен сығындысы – бас терісіне антисептикалық әсер береді, май бездерінің секрециясын реттейді, кеуектерді тазартады, терінің тыныс алуын жақсартады, қан айналымын қалыпқа келтіреді, бұл өз кезегінде шаш түйіндерінің белсенді өсуіне алып келеді.
  • Шай ағашының эфир майы – тері жабынын тез қалыпқа келтіріп, кеуектердің ашылуына жағдай жасайды, қызаруды, қабыну мен тітіркенуді жояды. Күшті табиғи антисептик бас терісін қарқынды құнарландырады және қорғайды, қайызғаққа қарсы ең танымал өнімдердің бірі. 

Қолдану тәсілі: басыңызды жуып, шашыңызды сүлгімен кептіріңіз. Шашыңыздың арасын бөліңіз. Тониктің аз ғана мөлшерін бас терісіне жағыңыз. Жайлап уқалап теріге жайып жағыңыз. Дәл осы әрекетті шаштың басқа бөлігінде қайталап жасаңыз. Жуып тастамаңыз. 

Қолдану жөніндегі нұсқаулар: қайызғақ көп шығып кеткенде – аптасына 3-4 рет; қайызғақтың алдын алу үшін – аптасына 1-2 рет. Курсты 3-4 ай үзбей жасауға кеңес береміз. Қажет болса, курсты ұзартуға болады. 

Сіздің тұрғылықты жеріңіз