Старая версия сайта

Перейти
Occuba Professional

Шаштың ұшына жағатын Silk майы

Ұшталған және сынғыш шашты қалпына келтіру

Шашқа теңдессіз ылғал мен жылтыр беретін тамаша май. Шаштың құрғақтығы мен ұшталуын әп сәтте жойып, шаштың құрылымын ауырлатпай қалпына келтіреді. Шаш бірінші қолданғаннан-ақ әдемі, ылғалданған, жылтыр болып шыға келеді. 

75 ml  2.5 fl.oz

Германияда шығарылған

680 ₽
!Сыйлық шотынан төлеуге болады

Өнімнің қанық формуласы шашты қарқынды түрде ылғалдандырып, қоректендіріп, ішінен нығайтып, шаштың ұшталған ұштарын жұмсақ әрі тегіс етіп түзейді. Өнімнің қайталанбас формуласы шашты жібектей жұмсартып, қарқынды түрде жылтыратады. Термиялық әсерден (фен, шашты түзеткіш) қорғайды. 

Кімдерге арналған?

  • Үйде жасалатын күтімнің кәсіби деңгейде болғанын қалайтындарға.
  • Шашының сау әрі күшті болғанын қалайтындарға.
  • Өнім құрамының қауіпсіз болғанына мән беретіндерге.  
  • Белсенді компоненттердің мөлшері 5 есе көп
    Occuba Professional құралдарының 50%-ы шаштың қарқынды түрде қалпына келіп, айқын нәтижеге жетуін қамтамасыз ететін белсенді компоненттерден құралған. 
  • Қауіпсіздік
    Occuba​ Professional-дың барлық өнімдерінің құрамында SLS тобының зиянды беткі-белсенді заттары, зиянды консерванттар, формальдегидтер мен парабендер жоқ. 
  • Айқын нәтиже
    Occuba​ Professional құралдары шашты ұқыптап тазалап қана қоймай, ылғалдандырып, қоректендіріп, жылтыратады, шаштың құрылымын қалпына келтіріп, бас терісіне күтім жасайды.  Бұл құралдардың жинақтаушы әсері бар, яғни шашыңыз күн сайын жақсара беретін болады. 
  • Неміс сапасы
    Occuba​ Professional құралдарын сусабынның отаны саналатын Германиядағы JoJo Haircosmetics компаниясы жасап, әзірлейді. Бұл компания 30 жылдан астам уақыт (1983 жылдан бері) шаш күтіміне арналған кәсіби косметикаларды шығарып келеді, сондай-ақ олардың өз зерттеу орталықтары мен зертханалары бар.
  • Әр шаш түріне арналған дербес шешім
    Occuba Professional коллекциясында кез келген шаш түрін күнделікті күтуге арналған құралдар бар. Шаш пен бас терісінің нақты мәселелерін шешу үшін, өнім құрамына қосымша белсенді компоненттер енгізілген. Оларды таңдауға арнайы шақыртылған ғылыми қызметкер, м. ғ. д., жоғары санатты дерматолог дәрігер, РҒА СБ клиникалық және эксперименттік лимфология ҒЗИ қызметкері – Свечникова Наталья Николаевна қатысты. 

CYCLOMETHICONE & DIMETHICONOL, CYCLOPENTASILOXANE, PRUNUS AMYGDALUS DULCIS, PEG-40 HYDROGENATED CASTOR OIL,PRUNUS AMYGDALUS DULCIS OIL, ARGANIA SPINOSA OIL, LAVANDULA ANGUSTIFOLIA OIL, LAVANDULA HYBRIDA OIL, LINALOOL, LINALYL ACETATE, COUMARIN, CITRONELLOL, LIMONENE, PARFUM(Fragrance)

Белсенді компоненттер

  • Тәтті бадам майы – шаштың құрылымын ішінен қалпына келтіріп, қарқынды түрде қоректендіріп, тереңнен ылғалдандырады, шашты жылтыратып, жібектей жұмсартып, тегістейді, шашты ультракүлгін сәулелері мен қоршаған ортаның зиянды әсерінен қорғайды, шаштың құрғап, сынуының алдын алады. Шашыңыз әп сәтте сау әрі әдемі болып шыға келеді. 
  • Арган майы – шашқа қоректік элементтер береді, ұшталған ұштарды тегістеп, түзейді, шаштың құрылымына жақсы енеді, табиғи ламинат іспеттес қорғаныш қабықшасын түзеді, шаштың ұшталуын болдырмайды, шашты тереңнен ылғалдандырып, жұмсақ, жылтыр әрі икемге көнетіндей етеді. 
  • Лаванда майы – шашқа күш, созылғыштық және табиғи жылтыр секілді қасиеттерін қайтарады, зақымдалған бөліктерді тез қалпына келтіріп, шаштың ұшталуының алдын алады. 

Қолдану тәсілі: алақаныңызға майдан азғантай құйып, қыздырыңыз. Құрғақ шашқа ұшынан жоғары қарай шаш ұзындығының ортасына дейін жағыңыз. Жуып тастамаңыз. 

Қолдану жөніндегі нұсқаулар: аптасына 3–4 рет жағу керек. Тек шашқа жағып қолдануға арналған.

Өнім туралы пікірлер

Сіздің тұрғылықты жеріңіз