Сайттың ескі нұсқасы

Аударым жасау
Occuba Professional

Cure Vanilla Dessert (Ванильді десерт) маскасы

Шаштың түсуі мен сынғыштығына қарсы

Ветивер және арша майлары қосылған бұл маска шашты түбінен ұшына дейін күшейтіп, шаштың сыну мәселесін шешеді. Сандал майы болса, кератин құрылымын қалпына келтіріп, шаштағы негізгі ақуыз – коллагеннің өндірілуін жеделдетеді. Шаштың түсуіне қарсы айқын әсер етеді, ал ванильді десерттің нәзік жұпар иісінің арқасында бұл сіздің ең сүйікті маскаңызға айналары сөзсіз. 

200 мл-лік құты

Германияда шығарылған

960 ₽
!Сыйлық шотынан төлеуге болады

Ванильді десерт иісті Cure маскасы – шашқа қарқынды күтім көрсететін құрал әрі зақымдалған, өңі кеткен шашты қалпына келтіретін жедел жәрдем. Құрамындағы белсенді компоненттер бас терісін сауықтырып, шашты қоректендіріп, қалпына келтіреді. 

  • AFG-System® шаштың құрылымын қалпына келтіріп, ылғалға қандырады. 
  • Ши және жожоба майлары шашты қоректендіріп, жұмсартып, оны жібектей жұмсақ әрі жылтыр етеді. 

Кімдерге арналған?

  • Үйде жасалатын күтімнің кәсіби деңгейде болғанын қалайтындарға.
  • Шашының сау әрі күшті болғанын қалайтындарға.
  • Өнім құрамының қауіпсіз болғанына мән беретіндерге.  
  • Салонда күтім жасалғандай әсер береді
    Табиғи компоненттерге негізделіп жасалған эксклюзивті маска формуласы шашыңызды сұлулық салонындағы спа-процедурадан шыққандай жұмсақ әрі жылтыр етіп жібереді. 
  • Әп сәтте нәтиже береді
    Бірінші қолданғаннан-ақ нәтижесін көрсетеді, сондықтан Occuba Professional өнімдер топтамасымен танысу үшін қолданып көруге таптырмас құрал.
  • Қауіпсіздік
    Occuba Professional құралдарының құрамында бас терісін тітіркендіретін SLS тобының зиянды беткі-белсенді заттары, қауіпті консерванттар, формальдегидтер мен парабендер жоқ.
  • Естен кетпес хош иістер 
    Occuba Professional коллекциясындағы әр масканың естен кетпес әрі қайталанбас жұпар иісі оны әр қолданған сайын сізге ерекше рахат сыйлайтын болады. 
  • Неміс сапасы
    Occuba Professional құралдарын сусабынның отаны саналатын Германиядағы JoJo Hairсosmetics​ компаниясы жасап, әзірлейді. Бұл компания 30 жылдан астам уақыт (1983 жылдан бері) шаш күтіміне арналған кәсіби косметикаларды шығарып келеді, сондай-ақ олардың өз зерттеу орталықтары мен зертханалары бар.
  • Әр шаш түріне арналған дербес шешім
    Occuba Professional коллекциясында кез келген шаш түрін күнделікті күтуге арналған құралдар бар. Шаш пен бас терісінің нақты мәселелерін шешу үшін, өнім құрамына қосымша белсенді компоненттер енгізілген. Оларды таңдауға арнайы шақыртылған ғылыми қызметкер, м. ғ. д., жоғары санатты дерматолог дәрігер, РҒА СБ клиникалық және эксперименттік лимфология ҒЗИ қызметкері – Свечникова Наталья Николаевна қатысты. ​

AQUA (WATER) CETYL ALCOHOL, CETRIMONIUM CHLORIDE, DISTEARYLDIMONIUM CHLORIDE, CITRIC ACID, SIMMONDSIA CHINENSIS SEED OIL, FRUCTOSE, GLUCOSE, ALANINE, GLUTAMIC ACID, ASPARTIC ACID, HEXYLENE GLYCOL, SUCROSE, UREA, DEXTRIN, HEXYL NICOTINATE, HYDROLYZED WHEAT PROTEIN, SODIUM BENZOATE, BENZOIC ACID, DEHYDROACETIC ACID, PHENOXYETHANOL, ALCOHOL. BUTYROSPERMUM PARKII BUTTER, VANILLA PLANIFOLIA FRUIT EXTRACT, CI 19140, CI 20285, PARFUM (FRAGRANCE).

* AFG-System®

Белсенді компоненттер

  • AFG-System – шаштың құрылымын қалпына келтіріп, оны ылғалға қанықтырады.
  • Жожоба майы – зақымдалған шашты қарқынды түрде қоректендіріп, созылғыштық қасиетін қайтарады. 
  • Ши майы – шашты керемет қоректендіріп, ылғалдандырады, әлсіз, зақымдалған және құрғақ шашты күшейтеді. Шашты қоршаған ортаның жағымсыз әсерінен және ультракүлгін сәулесінен қорғайды. 
  • Гидролизделген бидай протеиндері – шаштың ішіне еніп, бос жерлерді толтырып, оны айтарлықтай күшейтеді. Шашты жақсы ылғалдандырады, ылғалдың шектен тыс булануын болдырмайды, статикалық электрді төмендетуге көмектеседі (антистатик). 
  • Ветивер майы шаштың түбін нығайтып, қайызғақты кетіріп, шаштың түсуіне қарсы күреседі; шаштың кератин құрылымын қалпына келтіреді; химиялық және басқа да жағымсыз әсерлерден зақымдалған шашты қалпына келтіреді. 
  • Арша майы шаштың өсуін жеделдетеді, шаштың көркін ашып, жылтыратады, шаштың майлылығын азайтып, кератин қабатының тұтастығын қалпына келтіруге көмектеседі. Бұл май шаштың түсуіне қарсы тиімді құрал ретінде мойындалған. 
  • Сандал майы шашты нығайтып, түсуін тоқтатады. Бас терісі мен шаш жамылғысының қызметінің жақсаруына септеседі. 

1-ші тәсіл 

  • Нәтижесі жақсы болу үшін, масканы құрғақ шашқа жағыңыз. 
  • 20-30 минутқа қалдырыңыз. 
  • Жылы сумен шайып, сосын шашыңызды сусабынмен жуыңыз. 

2-ші тәсіл

  • Масканы жуылған шашқа жағыңыз. 
  • Біркелкі етіп жағыңыз. 
  • 5-10 минутқа қалдырып, сосын мұқият жуып тастаңыз. 

Аптасына бір рет немесе қажетіңізге қарай қолданыңыз. 

Құрамындағы кей компоненттерді көтере алмаған жағдайда қолданбаған жөн. 

Өнім туралы пікірлер

Сіздің тұрғылықты жеріңіз