Старая версия сайта

Перейти
Occuba Professional

Cure Apple & Cinnamon (Алма мен Даршын) маскасы

Зақымдалған, жансыз шашқа арналған

Алма мен даршын аңқыған рождество көңіл күйіндегі жұпар иістің арқасында бұл маска керемет сыйлық болары сөзсіз. Тәтті апельсин, ши және жожоба майлары қосылған бірегей формула зақымдалған шашты ылғалдандырып, жұмсартып, қалпына келтіреді де, сау әрі жылтыр күйін қайтарады. Масканы бірінші қолданғаннан-ақ ұшталған шаштар жоғалып, шаш күшті әрі созылғыш бола бастайды. 

200 мл-лік құты

Германияда шығарылған 

Келесі өнімдер жинағына кіреді:
960 ₽
!Сыйлық шотынан төлеуге болады

Алма мен даршын қосылған Cure маскасы – шашқа қарқынды күтім көрсететін құрал әрі зақымдалған, өңі кеткен шашты қалпына келтіретін жедел жәрдем. Құрамындағы белсенді компоненттер бас терісін сауықтырып, шашты қоректендіріп, қалпына келтіреді. 

  • AFG-System® шаштың құрылымын қалпына келтіріп, ылғалға қандырады. 
  • Ши және жожоба майлары шашты қоректендіріп, жұмсартып, оларды жібектей жұмсақ әрі жылтыр етеді. 
  • Тәтті апельсин майы зақымдалған шаштың қалпына келуіне көмектесіп, шаштың өсуін жылдамдатады.

Кімдерге арналған?

  • Үй күтімінің кәсіби деңгейде болғанын қалайтындарға.
  • Шашының сау әрі күшті болғанын қалайтындарға.
  • Өнім құрамының қауіпсіз болғанына мән беретіндерге.  
  • Салонда күтім жасалғандай әсер береді
    Табиғи компоненттерге негізделіп жасалған эксклюзивті маска формуласы шашыңызды сұлулық салонындағы спа-процедурадан шыққандай жұмсақ әрі жылтыр етіп жібереді. 
  • Әп сәтте нәтиже береді
    Бірінші қолданғаннан-ақ нәтижесін көрсетеді, сондықтан Occuba Professional өнімдер топтамасымен танысу үшін қолданып көруге таптырмас құрал.
  • Безопасность
    Occuba Professional құралдарының құрамында бас терісін тітіркендіретін SLS тобының зиянды беткі-белсенді заттары, қауіпті консерванттар, формальдегидтер мен парабендер жоқ.
  • Естен кетпес хош иістер 
    Occuba Professional коллекциясындағы әр масканың естен кетпес әрі қайталанбас жұпар иісі оны әр қолданған сайын сізге ерекше рахат сыйлайтын болады. 
  • Неміс сапасы
    Occuba Professional құралдарын сусабынның отаны саналатын Германиядағы JoJo Hairсosmetics​ компаниясы жасап, әзірлейді. Бұл компания 30 жылдан астам уақыт (1983 жылдан бері) шаш күтіміне арналған кәсіби косметикаларды шығарып келеді, сондай-ақ олардың өз зерттеу орталықтары мен зертханалары бар.
  • Әр шаш түріне арналған дербес шешім
    Occuba Professional коллекциясында кез келген шаш түрін күнделікті күтуге арналған құралдар бар. Шаш пен бас терісінің нақты мәселелерін шешу үшін, өнім құрамына қосымша белсенді компоненттер енгізілген. Оларды таңдаудға арнайы шақыртылған ғылыми қызметкер, м. ғ. д., жоғары санатты дерматолог дәрігер, РҒА СБ клиникалық және эксперименттік лимфология ҒЗИ қызметкері – Свечникова Наталья Николаевна қатысты. ​

AQUA (WATER), CETYL ALCOHOL, CETRIMONIUM CHLORIDE, DISTEARYLDIMONIUM CHLORIDE, CITRIC ACID, SIMMONDSIA CHINENSIS SEED OIL, FRUCTOSE*, GLUCOSE*, ALANINE*, GLUTAMIC ACID*, ASPARTIC ACID*, HEXYLENE GLYCOL, SUCROSE, UREA, DEXTRIN, HEXYL NICOTINATE, HYDROLYZED WHEAT PROTEIN, SODIUM BENZOATE, BENZOIC ACID, DEHYDROACETIC ACID, PHENOXYETHANOL, BUTYROSPERMUM PARKII BUTTER, CI 20285, CI 16255, BENZYL BENZOATE, d-LIMONENE, GLYCERIN, POTASSIUM SORBATE, CITRUS AURANTIFOLIA FRUIT EXTRACT, PARFUM (FRAGRANCE).

* AFG-System®

Белсенді компоненттер

  • AFG-System – шаштың құрылымын қалпына келтіріп, оны ылғалға қанықтырады.
  • Жожоба майы – зақымдалған шашты қарқынды түрде қоректендіріп, созылғыштық қасиетін қайтарады. 
  • Ши майы – шашты керемет қоректендіріп, ылғалдандырады, әлсіз, зақымдалған және құрғақ шашты күшейтеді. Шашты қоршаған ортаның жағымсыз әсерінен және ультракүлгін сәулесінен қорғайды. 
  • Гидролизделген бидай протеиндері – шаштың ішіне еніп, бос жерлерді толтырып, оны айтарлықтай күшейтеді. Шашты жақсы ылғалдандырады, ылғалдың шектен тас булануын болдырмайды, статикалық электрді төмендетуге көмектеседі (антистатик). 
  • Тәтті апельсин майы – химиялық құралдар, күн және тұзды судың әсерінен зақымдалған шашты қалпына келтіруге көмектеседі, шаштың өсуін жеделдетеді.

1-ші тәсіл 

  • Нәтижесі жақсы болу үшін, масканы құрғақ шашқа жағыңыз. 
  • 20-30 минутқа қалдырыңыз. 
  • Жылы сумен шайып, сосын шашыңызды сусабынмен жуыңыз. 

2-ші тәсіл

  • Масканы жуылған шашқа жағыңыз. 
  • Біркелкі етіп жағыңыз. 
  • 5-10 минутқа қалдырып, сосын мұқият жуып тастаңыз. 

Аптасына бір рет немесе қажетіңізге қарай қолданыңыз. 

Құрамындағы жеке компоненттерді көтере алмаған жағдайда қолданбаған жөн. 

Сіздің тұрғылықты жеріңіз