Сайттың ескі нұсқасы
Аударым жасауСіздің елдімекеніңіз: Россия, Москва
Зақымдалып, өңі кеткен шашқа арналған регенерациялаушы маска
Кофенің жұпар иісі осы бір сергіткіш сусынды жақсы көретін жандардың көңілінен шығары сөзсіз. Ши және жожоба секілді құнарлы майлар кешені, кофе сығындысы мен бидай протеиндері зақымдалған әлсіз шашты қалпына келтіріп, сау кезіндегі жылтырын қайтарады. Пайдалы элементтер қосылған тиімді формула бас терісін ылғалдандырып, шашты түбінен ұшына дейін қоректендіреді.
200 мл-лік құты
Германияда шығарылған
Кофе сығындысы қосылған Cure маскасы сынғыш, өңсіз шаш мәселесін шешуге, статикалық электрді төмендетуге көмектеседі. Кофе сығындысы мен бидай протеиндері қарқынды түрде шашты ішінен қалпына келтіріп, қалыңдатып, күшейтеді. Қоректік заттарға бай майлар шашты ылғалдандырып, ылғалдың шектен тыс булануына бөгет жасайды.
AFG-System® – шаштың құрылымын қалпына келтіріп, ылғалға қандырады.
AQUA (WATER), CETYL ALCOHOL, CETRIMONIUM CHLORIDE, DISTEARYLDIMONIUM CHLORIDE, SIMMONDSIA CHINENSIS SEED OIL, CITRIC ACID, FRUCTOSE*, GLUCOSE*, ALANINE*, GLUTAMIC ACID*, ASPARTIC ACID*, HEXYLENE GLYCOL, SUCROSE, UREA, DEXTRIN, HEXYL NICOTINATE, HYDROLYZED WHEAT PROTEIN, SODIUM BENZOATE, BENZOIC ACID, DEHYDROACETIC ACID, PHENOXYETHANOL, BUTYROSPERMUM PARKII BUTTER, COFFEA ARABICA SEED EXTRACT, CI 20285, PARFUM (FRAGRANCE).
* AFG-System®
Белсенді компоненттер
AFG-System – амин қышқылдары, фруктоза мен глюкозадан тұратын бұл бірегей кешен осы топтамадағы әр құралдың құрамына кіреді. Ол шашты қалпына келтіріп, созылғыш әрі икемді етеді.
Жожоба майы – шашты ылғалдандырып, оның құрылымын жақсартып, шаштың түбін қалпына келтіреді. Шаштың күйін едәуір жақсартады.
Гидролизделген бидай протеиндері – шаштың ішіне еніп, бос жерлерді толтырып, оны айтарлықтай күшейтеді. Шашты жақсы ылғалдандырады, ылғалдың шектен тыс булануын болдырмайды, статикалық электрді төмендетуге көмектеседі (антистатик).
Кофе сығындысы – шаштың түбін нығайтады, нәтижесінде шаштың түсуі және сынғыштығы азаяды. Шаштың түсі бұрынғыдан қанығырақ әрі жылтыр болып шыға келеді.
Ши майы – шашты керемет қоректендіріп, ылғалдандырады, әлсіз, зақымдалған және құрғақ шашты күшейтеді. Шашты қоршаған ортаның жағымсыз әсерінен және ультракүлгін сәулесінен қорғайды.
1-ші тәсіл
2-ші тәсіл
Аптасына бір рет немесе қажетіңізге қарай қолданыңыз.
Құрамындағы кей компоненттерді көтере алмаған жағдайда қолданбаған жөн.
Тауар жөніндегі пікірді
тек авторизация жасағаннан кейін жазуға болады
Назар аударыңыз! Елді ауыстырғанда себеттің құрамы да өзгеруі мүмкін.