Старая версия сайта

Перейти
Occuba Professional

Cure Lavender (Лаванда) маскасы

Түбі майлы және ұшы құрғақ шашқа арналған

Лаванда майы қосылған жұпар иісті маска – аралас типті шашқа (түбі майлы әрі ұшы құрғақ) қолдануға тиімді. Ол бас терісіндегі майлылықты азайтып, оны сауықтырады, әрі оны қарқынды түрде қоректендіріп, ұзына бойына ылғалдандырып, шаштың ұшталып кетуінің алдын алып, сынғыштығын азайтады. 

200 мл-лік құты

960 ₽
!Сыйлық шотынан төлеуге болады

Бұл маска шашты ұзына бойына қоректендіріп, ылғалдандырады, әрі бас терісін сауықтырып, ондағы майлылықты азайтады. Лаванда мен жожоба майларының арқасында шаштың бойына күш жиналып, олардың ажары артып, жылтырай түседі. 

  • AFG-System® шаштың құрылымын қалпына келтіріп, ылғалға қандырады. 
  • Лаванда майы – бас терісін сауықтырып, шаштың ең ұшына дейін қоректендіреді. 
  • Жожоба майы шашты қоректендіріп, жұмсартып, оны жібектей жұмсақ әрі жылтыр етеді. 

Кімдерге арналған?

  • Үйде жасалатын күтімнің кәсіби деңгейде болғанын қалайтындарға.
  • Шашының сау әрі күшті болғанын қалайтындарға.
  • Өнім құрамының қауіпсіз болғанына мән беретіндерге.  
  • Салонда күтім жасалғандай әсер береді
    Табиғи компоненттерге негізделіп жасалған эксклюзивті маска формуласы шашыңызды сұлулық салонындағы спа-процедурадан шыққандай жұмсақ әрі жылтыр етіп жібереді. 
  • Әп сәтте нәтиже береді
    Бірінші қолданғаннан-ақ нәтижесін көрсетеді, сондықтан Occuba Professional өнімдер топтамасымен танысу үшін қолданып көруге таптырмас құрал. 
  • Естен кетпес хош иістер 
    Occuba Professional коллекциясындағы әр масканың естен кетпес әрі қайталанбас жұпар иісі оны әр қолданған сайын сізге ерекше рахат сыйлайтын болады. 
  • Неміс сапасы
    Occuba Professional құралдарын сусабынның отаны саналатын Германиядағы JoJo Hairсosmetics​ компаниясы жасап, әзірлейді. Бұл компания 30 жылдан астам уақыт (1983 жылдан бері) шаш күтіміне арналған кәсіби косметикаларды шығарып келеді, сондай-ақ олардың өз зерттеу орталықтары мен зертханалары бар.

AQUA (WATER), CETYL ALCOHOL, COCAMIDE MEA, CETRIMONIUM   CHLORIDE, DISTEARYLDIMONIUM   CHLORIDE, CITRIC   ACID, SIMMONDSIA CHINENSIS SEED   OIL, FRUCTOSE*, GLUCOSE*, ALANINE*, GLUTAMIC   ACID*, ASPARTIC   ACID*, HEXYLENE GLYCOL, SUCROSE, UREA, DEXTRIN, HEXYL   NICOTINATE, LAVANDULA ANGUSTIFOLIA OIL, LAVANDULA HYBRIDA OIL, LINALYL   ACETATE, BENZOIC   ACID, DEHYDROACETIC   ACID, PHENOXYETHANOL, HEXYL   CINNAMAL, LINALOOL, COUMARIN, D-LIMONENE, CITRONELLO CI   42051, CI   16255, PARFUM (FRAGRANCE).

* AFG-System®

Белсенді компоненттер

  • AFG-System – амин қышқылдары, фруктоза мен глюкозадан тұратын бұл бірегей кешен осы топтамадағы әр құралдың құрамына кіреді. Ол шашты қалпына келтіріп, созылғыш әрі икемді етеді.
  • Лаванда майы – шашты түбінен ұшына дейін қарқынды түрде қоректендіріп, бас терісіндегі майлылықты азайтып, сауықтырады. Шаштың сынғыштығын азайтып, ұшталуының алдын алады. 
  • Жожоба майы – шашты ылғалдандырып, оның құрылымын жақсартып, шаштың түбін қалпына келтіреді. Шаштың күйін едәуір жақсартады.

Аптасына бір рет немесе қажетіңізге қарай қолданыңыз. 

1-ші тәсіл 

Нәтижесі жақсы болу үшін, масканы құрғақ шашқа жағыңыз. 

  • 20-30 минутқа қалдырыңыз. 
  • Жылы сумен шайып, сосын шашыңызды сусабынмен жуыңыз. 

2-ші тәсіл

Масканы жуылған шашқа жағыңыз. 

  • Біркелкі етіп жағыңыз. 
  • 5-10 минутқа қалдырып, сосын мұқият жуып тастаңыз. 
Өнім туралы пікірлер

Сіздің тұрғылықты жеріңіз