Сайттың ескі нұсқасы

Аударым жасау
Occuba Professional

Color бальзам-кондиционері

Боялған шашқа арналған күтім

Бальзам-кондиционер боялған шаштың түсінің жылтыры мен қанықтығын сақтай отырып, қарқынды түрде қалпына келтіреді. Бұл құрал шашты жүйелі түрде қоректендіріп, оны сыртқы әсерлерден қорғап, жылтыр әрі созылғыш етеді. 

200 мл-лік құты

690 ₽
!Сыйлық шотынан төлеуге болады

Бальзам-кондиционердің арнайы формуласы боялған шашты қорғап, қарқынды түрде қалпына келтіруге арналған. 

  • Гардения сығындысы шашты қоректендіріп, оны қоршаған ортаның жағымсыз әсерлерінен қорғайды. 
  • Анар сығындысы шаш құрылымын күшейтіп, шаштың қанықтығы мен жылтырын ұзақ сақтауға көмектеседі. 
  • AFG-комплекс шаш өзектерінің бос жерлерін толтырып, қалпына келтіріп, қалыңдатады, нәтижесінде шаш тығыз әрі иілгіш болып, өмірлік күшке толады.

Кімдерге арналған?

  • Үйде жасалатын күтімнің кәсіби деңгейде болғанын қалайтындарға.
  • Шашының сау әрі күшті болғанын қалайтындарға.
  • Сульфатсыз сусабын іздеп жүргендерге.
  • Өнім құрамының қауіпсіз болғанына мән беретіндерге.  
  • Белсенді компоненттердің мөлшері 5 есе көп 
    Қарапайым сусабындардың 90%-ға жуығы судан тұрады және бар болғаны 10% пайдалы заттармен қамтылғанын ескерсек, Occuba Professional 50% белсенді компоненттерден тұрады, сондықтан да шашты қарқынды қалпына келтіру мен көзге анық байқалатын әсерді қамтамасыз етеді.  
  • Қауіпсіздік
    Occuba Professional-дың барлық өнімдерінің құрамында SLS тобының зиянды беткі-белсенді заттары, зиянды консерванттар, формальдегидтер мен парабендер жоқ. OCCUBA® Professional-да қолданылатын жұмсақ жуғыш негіз – кокос пен пальма майларына негізделген ББЗ – бас терісінің қорғаныш қабатын зақымдамай әрі оны тітіркендірмей, шаштағы май мен кірді кетіреді.
  • Айқын нәтиже
    Occuba Professional құралдары шашты ұқыптап тазалап қана қоймай, ылғалдандырып, қоректендіріп, жылтыратады, шаштың құрылымын қалпына келтіріп, бас терісіне күтім жасайды. Бұл құралдардың жинақтаушы әсері бар, яғни шашыңыз күн сайын жақсара беретін болады. 
  • Неміс сапасы
    Occuba Professional құралдарын сусабынның отаны саналатын Германиядағы JoJo Hairсosmetics компаниясы жасап, әзірлейді. Бұл компания 30 жылдан астам уақыт (1983 жылдан бері) шаш күтіміне арналған кәсіби косметикаларды шығарып келеді, сондай-ақ олардың өз зерттеу орталықтары мен зертханалары бар.
  • Әр шаш түріне арналған дербес шешім
    Occuba Professional коллекциясында кез келген шаш түрін күнделікті күтуге арналған құралдар бар. Шаш пен бас терісінің нақты мәселелерін шешу үшін, өнім құрамына қосымша белсенді компоненттер енгізілген. Оларды таңдауға арнайы шақыртылған ғылыми қызметкер, м. ғ. д., жоғары санатты дерматолог дәрігер, РҒА СБ клиникалық және эксперименттік лимфология ҒЗИ қызметкері – Свечникова Наталья Николаевна қатысты.

AQUA (WATER), CETEARYL ALCOHOL, CETRIMONIUM CHLORIDE, COCAMIDE MEA, DISTEARYLDIMONIUM CHLORIDE, SIMMONDSIA CHINENSIS SEED OIL, FRUCTOSE*, GLUCOSE*, ALANINE*, GLUTAMIC ACID*, ASPARTIC ACID*, HEXYLENE GLYCOL, SUCROSE, UREA, DEXTRIN, HEXYL NICOTINATE, CITRIC ACID, BENZOIC ACID, DEHYDROACETIC ACID, PHENOXYETHANOL, PUNICA GRANATUM FRUIT EXTRACT, GLYCERIN, SODIUM BENZOATE, POTASSIUM SORBATE, GARDENIA TAITENSIS FLOWER EXTRACT, COCOS NUCIFERA OIL, TOCOPHEROL, HELIANTHUS ANNUUS SEED OIL, CI 16255, CI 19140, HEXYL CINNAMAL, CITRONELLOL, BENZYL SALICYLATE, D-LIMONENE, BUTYLPHENYL METHYLPROPIONAL, PARFUM (FRAGRANCE).

*AFG-System®

Белсенді компоненттер 

  • AFG-System – амин қышқылдары, фруктоза мен глюкозадан тұратын бұл бірегей кешен осы топтамадағы әр құралдың құрамына кіреді. Ол шашты қалпына келтіріп, созылғыш әрі икемді етеді.
  • Гардения сығындысы – шаш пен бас терісін қарқынды түрде қоректендіріп, ылғалдандырады, жағымсыз сыртқы факторлардан қорғайды. 
  • Анар сығындысы – шаштың сынғыштығына қарсы әрекет етеді, боялған шаштың түсін сақтайды. 
  • Жожоба майы – шашты ылғалдандырып, түбінің өміршеңдігін қалпына келтіріп, құрылымын жақсартады. Шаштың сыртқы келбетін айтарлықтай жақсартады.
  • Жуылған, сулы шашқа кондиционердің қажетті мөлшерін жағыңыз. 
  • Шаштың түбінен ұшына дейін біркелкі етіп жағыңыз. 
  • Жақсы нәтижеге жету үшін, оны жаққан соң бас терісін уқалап жіберіңіз. 
  • 3-5 минутқа қалдыра тұрыңыз. 
  • Кем дегенде 2 минут жуып, шайыңыз. 

Жақсы нәтижеге жету үшін, Color бальзам-кондиционерімен қатар қолданыңыз. 

  • боялған шаштарға – Color сусабыны, 
  • зақымдалған шашты қарқынды түрде қоректендіру үшін – шашты қалпына келтіретін Cure маскасы. 

Сіздің тұрғылықты жеріңіз