Старая версия сайта

Перейти
Occuba Professional

Cure Citrus (Цитрус) маскасы

Шашты күшейту

Балғын цитрус хош иісі аңқыған маска шашыңызға күш-қуат береді. Лайм мен аласа пальма жемістерінің сығындылары шаштың өсуін жеделдетіп, оны түбінен ұшына дейін нығайтып, қалпына келтіреді, шашқа өмірлік күш пен қосымша көлем сыйлайды. 

200 мл-лік құты

960 ₽
!Сыйлық шотынан төлеуге болады

Айқын цитрус хош иісі аңқыған маска шашты қарқынды түрде нығайтып, оның өсуін жеделдетеді. Табиғи компоненттер кешенінің арқасында шаштың күші мен жылтырын қайтарады, шаштың таралуын жеңілдетеді, қоршаған ортаның жағымсыз әсерінен қорғайды. 

  • AFG-System® – шаштың құрылымын қалпына келтіріп, ылғалға қандырады. 
  • Лайм мен аласа пальма ағашының жемістерінің сығындылары – шаштың өсуін жеделдетіп, түсуін тоқтатады, май бездерінің жұмысын теңестіреді, шашқа жылтыр мен көлем береді.
  • Жожоба майы – шашты қоректендіріп, жұмсартып, оларды жібектей жұмсақ әрі жылтыр етеді. 
  • Салонда күтім жасалғандай әсер береді
    Табиғи компоненттерге негізделіп жасалған эксклюзивті маска формуласы шашыңызды сұлулық салонындағы спа-процедурадан шыққандай жұмсақ әрі жылтыр етіп жібереді. 
  • Әп сәтте нәтиже береді
    Бірінші қолданғаннан-ақ нәтижесін көрсетеді, сондықтан Occuba Professional өнімдер топтамасымен танысу үшін қолданып көруге таптырмас құрал.
  • Естен кетпес хош иістер 
    Occuba Professional коллекциясындағы әр масканың естен кетпес әрі қайталанбас жұпар иісі оны әр қолданған сайын сізге ерекше рахат сыйлайтын болады. 
  • Неміс сапасы
    Occuba Professional құралдарын сусабынның отаны саналатын Германиядағы JoJo Hairсosmetics​ компаниясы жасап, әзірлейді. Бұл компания 30 жылдан астам уақыт (1983 жылдан бері) шаш күтіміне арналған кәсіби косметикаларды шығарып келеді, сондай-ақ олардың өз зерттеу орталықтары мен зертханалары бар.

AQUA (WATER), CETYL ALCOHOL, CETRIMONIUM CHLORIDE, COCAMIDE MEA, SIMMONDSIA CHINENSIS SEED OIL, DISTEARYLDIMONIUM CHLORIDE, CITRIC ACID, FRUCTOSE*, GLUCOSE*, ALANINE*, GLUTAMIC ACID*, ASPARTIC ACID*, HEXYLENE GLYCOL, SUCROSE, UREA, DEXTRIN, HEXYL NICOTINATE, SERRULATA FRUIT EXTRACT, GLYCERIN, CITRUS AURANTIFOLIA FRUIT EXTRACT, BUTYROSPERMUM PARKII BUTTER, BENZOIC ACID, DEHYDROACETIC ACID, PHENOXYETHANOL, CI 19140, CI 16255, HEXYL CINNAMAL, CITRONELLOL, GERANIOL, AMYL CINNAMAL, D-LIMONENE, LINALOOL, PARFUM (FRAGRANCE).

* AFG-System®

Белсенді компоненттер

AFG-System – амин қышқылдары, фруктоза мен глюкозадан тұратын бұл бірегей кешен осы топтамадағы әр құралдың құрамына кіреді. Ол шашты қалпына келтіріп, созылғыш әрі икемді етеді.

Лайм сығындысы – шаштың түбі мен бас терісін сауықтырып, шаштың өсуін жеделдетеді. Өңсіз, сынғыш шашқа өмірлік күшін қайтарып, күшейтуге көмектеседі. 

Аласа пальма ағашы жемісінің сығындысы – шаштың түсуін тоқтатады, шаштың сыртқы келбетін жақсартып, өсуін жеделдетеді.

Жожоба майы – шашты ылғалдандырып, оның құрылымын жақсартып, шаштың түбін қалпына келтіреді. Шаштың сыртқы келбетін едәуір жақсартады. 

Аптасына бір рет немесе қажетіңізге қарай қолданыңыз. 

1-ші тәсіл 

Нәтижесі жақсы болу үшін, масканы құрғақ шашқа жағыңыз. 

  • 20-30 минутқа қалдырыңыз. 
  • Жылы сумен шайып, сосын шашыңызды сусабынмен жуыңыз. 

2-ші тәсіл

Масканы жуылған шашқа жағыңыз. 

  • Біркелкі етіп жағыңыз. 
  • 5-10 минутқа қалдырып, сосын мұқият жуып тастаңыз. 

Сіздің тұрғылықты жеріңіз