Старая версия сайта

Перейти
Occuba Professional

Active сарысуы

шаштың түсуіне қарсы

Сарысу бас терісіне кешенді әсер ету арқасында шаш түсуі мәселесін тиімді шешеді. Өнімнің тиімділігі клиникалық түрде дәлелденген . Сарысу шаштың мерзімінен бұрын түсуінің алдын алады және шаш өсуін жеделдетеді, бас терісінің қан айналымын жақсартады, түбін нығайтады, ұйықтап жатқан шаш фолликулдарын оятады, сау шаш түптерінің өсуіне септігін тигізеді, бас терісін ылғалдандырады және құнарландырады. 

Әрқайсысы 5 мл-ден 10 ампула

2610 ₽
!Сыйлық шотынан төлеуге болады

Сарысу шашқа дұрыс күтім жасамау, стресс, қан айналымының бұзылуы салдарынан пайда болған, сондай-ақ басқа да мәселелер кезінде туындайтын (маусымдық түсу, авитаминоз, денсаулық мәселелері) шаш түсуімен тиімді күреседі. Белсенді компоненттер шаш түсуін тоқтатады және өсуін жақсартады. Өнім тиімділігі клиникалық түрде дәлелденген: 100% жағдайда шаш әлдеқайда қалыңдап, сау және жарқыраған күйге енеді. Әсері жарты жылға дейін сақталады.

  • Сүт протеиндері шаш түптеріне түсіп, капиллярлардың қабырғаларын нығайтады, шаш өсуі үшін қалыпты құнарландыруды қамтамасыз етеді.
  • Өсімдік сығындылары микроайналымды жақсартады және шаш өсуін жеделдетеді.
  • Дәрумендер мен амин қышқылдары теріні жұмсартады және тыныштандырады. 

Кімдерге арналған?

  • Үй күтімінің кәсіби деңгейде болғанын қалайтындарға.
  • Шашының сау әрі күшті болғанын қалайтындарға.
  • Сульфатсыз шампунь іздеп жүргендерге. 
  • Өнім құрамының қауіпсіз болғанына мән беретіндерге.  
  • Белсенді компоненттердің мөлшері 5 есе көп
    Occuba Professional құралдарының 50%-ы шаштың қарқынды түрде қалпына келіп, айқын нәтижеге жетуін қамтамасыз ететін белсенді компоненттерден құралған. 
  • Қауіпсіздік
    Occuba​ Professional-дың барлық өнімдерінің құрамында SLS тобының зиянды беткі-белсенді заттары, зиянды консерванттар, формальдегидтер мен парабендер жоқ. 
  • Айқын нәтиже
    Occuba​ Professional құралдары шашты ұқыптап тазалап қана қоймай, ылғалдандырып, қоректендіріп, жылтыратады, шаштың құрылымын қалпына келтіріп, бас терісіне күтім жасайды.  Бұл құралдардың жинақтаушы әсері бар, яғни шашыңыз күн сайын жақсара беретін болады. 
  • Неміс сапасы
    Occuba​ Professional құралдарын сусабынның отаны саналатын Германиядағы JoJo Haircosmetics компаниясы жасап, әзірлейді. Бұл компания 30 жылдан астам уақыт (1983 жылдан бері) шаш күтіміне арналған кәсіби косметикаларды шығарып келеді, сондай-ақ олардың өз зерттеу орталықтары мен зертханалары бар.
  • Әр шаш түріне арналған дербес шешім
    Occuba​ Professional коллекциясында кез келген шаш түрін күнделікті күтуге арналған құралдар бар. Шаш пен бас терісінің нақты мәселелерін шешу үшін, өнім құрамына қосымша белсенді компоненттер енгізілген. Оларды таңдаудға арнайы шақыртылған ғылыми қызметкер, м. ғ. д., жоғары санатты дерматолог дәрігер, РҒА СБ клиникалық және эксперименттік лимфология ҒЗИ қызметкері – Свечникова Наталья Николаевна қатысты. 

AQUA(WATER), ALCOHOL DENAT., ISOPROPYL   ALCOHOL, PROPYLENE GLYCOL, PEG-40   HYDROGENATED   CASTOR OIL, GLYCERIN, MENTHOL, CETRIMONIUM   CHLORIDE, INOSITOL, PANTHENYL   ETHYL   ETHER, GLYCINE SOJA (SOYBEAN) OIL, ACETYL   CYSTEINE, ACETYL   METHIONINE, LACTIS PROTEINUM   EXTRACT, LACTOSE, SODIUM   CITRATE, ARNICA MONTANA FLOWER EXTRACT, CITRIC   ACID, TOCOPHEROL, ROSMARINUS OFFICINALIS LEAF EXTRACT, EUCALYPTUS GLOBULUS LEAF OIL, CINNAMOMUM   CAMPHORA WOOD   OIL, PINUS SPECIES TWIG LEAF OIL, ROSMARINUS OFFICINALIS LEAF OIL, CAMPHOR, PEG-35   CASTOR OIL, POLYSORBATE 20, AESCULUS HIPPOCASTANUM (HORSE CHESTNUT) SEED   EXTRACT, RETINYL   PALMITATE, CALCIUM   PANTOTHENATE, BIOTIN, LINOLEIC   ACID.

Белсенді компоненттер

  • Сүт протеиндері – шаштың өсу бөлігіне, шаш түбіне түседі және 2 қызмет атқарады:
    • Шашқа келетін капиллярлардың қабырғаларын нығайтады және қан микроайналымын жақсартудың ұзақ мерзімді әсерін қамтамасыз етеді. Шаш қалыпты нәр алады және қалыпты өсу мүмкіндігіне ие болады​;
    • Шаштың сыртқы қабаты –кутикуланың күйін жақсартады, шашты жұмсартады және жылтыратады.
  • Атбас талшын дәндерінің сығындысы – бас терісіндегі қан айналымын жақсартады, қан тамырлары мен капиллярлардың қабырғасын нығайтады, шаш түсуінің алдын алады.
  • Тау арникасының сығындысы – құрамында қан микроайналымы мен тері құнарлануын жақсартатын, шаш өсуін жеделдететін биологиялық белсенді заттар кешені бар. Қабынуға қарсы, жалпы нығайтқыш әсер береді, зақымдалған терінің қалыпқа келуін жеделдетеді.
  • Инозитол – шаштың түсуіне жол бермейді және өсуін жақсартады. Қанның микроайналымын жақсартады, шаш түптерін нығайтады және құнарландырады, сау шаш түптерінің өсуіне септігін тигізеді. Бас терісін ылғалдандырады және тарауды жеңілдетеді.
  • Дәрумендер мен амин қышқылдарының кешені – бас терісін жұмсартады және тыныштандырады, коллаген түзілуін жақсартады, терінің май балансын қалыпқа келтіруге көмектеседі. 

Қолдану сызбасы

  • Шашты жуыңыз, орамалмен кептіріңіз.
  • Ампуланы абайлап ашыңыз.
  • Шашыңызда айрықтар жасаңыз.
  • Өнімнің аздаған мөлшерін бас терісіне біркелкі жағыңыз.
  • Тері бойымен жұмсақ уқалау қимылдарымен таратыңыз.
  • Процедураны бастың келесі бөлігінде қайталаңыз.
  • Шаймаңыз.

Пайдалану жөніндегі нұсқау

  • Шаштың қарқынды түсу кезеңінде аптасына 3-4  рет.
  • Шаш түсуінің алдын алу үшін  аптасына 1-2  рет қолданыңыз.

Курстың ұсынылатын ұзақтық мерзімі  3-4 апта. Қажет болған жағдайда курсты созуға болады. 

Өнім туралы пікірлер

Сіздің тұрғылықты жеріңіз