Старая версия сайта

Перейти
Occuba Professional

Cure маскасы

зақымдалған шашты қоректендіру

Маска бірінші қолданғаннан-ақ ең құрғақ және ең қатты зақымдалған шаштың өзін қарқынды түрде қоректендіріп, қалпына келтіріп, анық нәтиже көрсетеді. Оның құрамындағы табиғи майлар шашты жұмсартып, қоректендіріп, жібектей етеді. Белсенді заттарға бай маска шаштың өмірлік күшін қайтарып, сұлулық салонында күтім жасалғандай жылтыратып, созылғыш етеді. 

200 мл-лік құты

1250 ₽
!Сыйлық шотынан төлеуге болады

Cure маскасы – шашқа қарқынды күтім көрсететін құрал әрі зақымдалған, өңі кеткен шашты қалпына келтіретін жедел жәрдем. Құрамындағы белсенді компоненттер бас терісін сауықтырып, шашты қоректендіріп, қалпына келтіреді. 

  • AFG-System® шаштың құрылымын қалпына келтіріп, ылғалға қандырады. 
  • Бидай протеиндері шаштың өзегіне тереңдеп еніп, белсенді түрде олардың құрылымын қалпына келтіреді. 
  • Жалбызтікен және түйежапырақ сығындылары фолликулдарға әсер етіп, шаштың түбін нығайтып, түсудің алдын алады. 
  • Ши және жожоба майлары шашты қоректендіріп, жұмсартып, оларды жібектей жұмсақ әрі жылтыр етеді. 

Кімдерге арналған?

  • Үй күтімінің кәсіби деңгейде болғанын қалайтындарға.
  • Шашының сау әрі күшті болғанын қалайтындарға.
  • Сульфатсыз сусабын іздеп жүргендерге.
  • Өнім құрамының қауіпсіз болғанына мән беретіндерге.  
  • Белсенді компоненттер 5 есе көп
    Жай сусабындардың құрамы 90% судан және 10% ғана пайдалы заттан құралса, Occuba Professional құралдарының 50%-ы белсенді компоненттерді құрайды, сондықтан олар шашты қарқынды түрде қалпына келтіріп, айқын нәтиже береді.
  • Қауіпсіздік
    OCCUBA® Professional-дың барлық өнімдерінің құрамында SLS тобының зиянды беткі-белсенді заттары, зиянды консерванттар, формальдегидтер мен парабендер жоқ. OCCUBA® Professional-да қолданылатын жұмсақ жуғыш негіз – кокос пен пальма майларына негізделген ББЗ – бас терісінің қорғаныш қабатын зақымдамай әрі оны тітіркендірмей, шаштағы май мен кірді кетіреді.
  • Айқын нәтиже
    OCCUBA® Professional құралдары шашты ұқыптап тазалап қана қоймай, ылғалдандырып, қоректендіріп, жылтыратады, шаштың құрылымын қалпына келтіріп, бас терісіне күтім жасайды.  Бұл құралдардың жинақтаушы әсері бар, яғни шашыңыз күн сайын жақсара беретін болады. 
  • Неміс сапасы
    OCCUBA® Professional құралдарын сусабынның отаны саналатын Германиядағы JoJo Haircosmetics компаниясы жасап, әзірлейді. Бұл компания 30 жылдан астам уақыт (1983 жылдан бері) шаш күтіміне арналған кәсіби косметикаларды шығарып келеді, сондай-ақ олардың өз зерттеу орталықтары мен зертханалары бар.
  • Әр шаш түріне арналған дербес шешім
    OCCUBA® Professional коллекциясында кез келген шаш түрін күнделікті күтуге арналған құралдар бар. Шаш пен бас терісінің нақты мәселелерін шешу үшін, өнім құрамына қосымша белсенді компоненттер енгізілген. Оларды таңдаудға арнайы шақыртылған ғылыми қызметкер, м. ғ. д., жоғары санатты дерматолог дәрігер, РҒА СБ клиникалық және эксперименттік лимфология ҒЗИ қызметкері – Свечникова Наталья Николаевна қатысты. 

AQUA (WATER), CETYL ALCOHOL, CETRIMONIUM CHLORIDE, COCAMIDE MEA, SIMMONDSIA CHINENSIS SEED OIL, DISTEARYLDIMONIUM CHLORIDE, BUTYROSPERMUM PARKII BUTTER, CITRIC ACID, FRUCTOSE*, GLUCOSE*, ALANINE*, GLUTAMIC ACID*, ASPARTIC ACID*, HEXYLENE GLYCOL, SUCROSE, UREA, DEXTRIN, HEXYL NICOTINATE, BENZOIC ACID, DEHYDROACETIC ACID, PHENOXYETHANOL, HYDROLYZED WHEAT PROTEIN, SODIUM BENZOATE, ARCTIUM LAPPA ROOT EXTRACT, PROPYLENE GLYCOL, POTASSIUM SORBATE, ALTHEA OFFICINALIS ROOT EXTRACT, ALCOHOL, BENZYL ALCOHOL, AMYL CINNAMAL, LINALOOL, PARFUM (FRAGRANCE).

*AFG-System®

Белсенді компоненттер

  • AFG-System – амин қышқылдары, фруктоза мен глюкозадан тұратын бұл бірегей кешен осы топтамадағы әр құралдың құрамына кіреді. Ол шашты қалпына келтіріп, созылғыш әрі икемді етеді.
  • Бидай протеиндері – кератиннің түзілуіне ықпал етеді, шаштың түбін күшейтеді, антиоксиданттық қасиеті бар. Шаштағы ақуыз мөлшерін толықтырады. Шаштың сынғыштығы мен ұшталуының алдын алуға көмектеседі. 
  • Түйежапырақ сығындысы – шаштың түбіне әсер етіп, оны қоректендіріп, күшейтеді, шаштың табиғи ылғалдығын сақтап, терең әрі мұқият тазартады. Шаштың сыртқы келбетін сау, созылғыш әрі жылтыр етеді. Шаш түсуінің алдын алады. 
  • Жалбызтікен сығындысы – шаш пен бас терісін жұмсартып, қоректендіреді. Шаш пен теріні қарқынды түрде ылғалдандырады. Шаштың таралуы мен жиналуын жеңілдетіп, оған тамаша күтім жасайды.
  • Жожоба майы – шашты ылғалдандырып, құрылымын жақсартады, шаш түбінің қалыпты өміршеңдігін қалпына келтіреді. Шаштың сыртқы келбетін айтарлықтай жақсартады.
  • Ши (карите) майы – кутикуладағы сызаттарды толтырып, шашқа күшін қайтарып, құрылымын қалпына келтіреді. Шашты жеңіл таралатындай етеді. Құрамында дәрумендер май қышқылдарының мөлшері көп болғандықтан, бальзам құрамындағы осы бір бағалы май шашты керемет қоректендіріп, ылғалдандырып, қалпына келтіріп, қорғайды. Әсіресе, химиялық әсер (бояу, бұйралау, шашты жинауға әртүрлі құралдарды пайдалану) мен термиялық өңдеу нәтижесінде әлсіреп, ұшталып, сынғыш болып кеткен шашты күтуде пайдасы зор.

1-ші тәсіл 

  • Нәтижесі жақсы болу үшін, масканы құрғақ шашқа жағыңыз. 
  • 20-30 минутқа қалдырыңыз. 
  • Жылы сумен шайып, сосын шашыңызды сусабынмен жуыңыз. 

2-ші тәсіл

  • Масканы жуылған шашқа жағыңыз. 
  • Біркелкі етіп жағыңыз. 
  • 5-10 минутқа қалдырып, сосын мұқият жуып тастаңыз. 

Аптасына бір рет немесе қажетіңізге қарай қолданыңыз. 

Өнім туралы пікірлер

Сіздің тұрғылықты жеріңіз