Сайттың ескі нұсқасы

Аударым жасау
Occuba Professional

Екі фазалы Effect кондиционері

әлсіз шашты ылғалдандырып, жылтыратуға арналған

Бұл құралдың екі фазадан тұратын құрылымы әлсіз шашты ауырлатпай, оған барынша күтім жасайды. Құрылымды қайта қалпына келтіретін компоненттер теріге қажетті ылғалдық мөлшерін қамтамасыз етсе, коллаген шашқа тереңнен еніп, оның құрылымын қалпына келтіріп, жылтыратады. Бұл құралды қолданған соң жуып тастаудың қажеті жоқ әрі оны күнделікті қолдануға болады. 

200 мл-лік құты

690 ₽
!Сыйлық шотынан төлеуге болады

Екі фазалы кондиционер шашты қарқынды түрде ылғалдандырып, оны ішінен қоректендіріп, ауырлатпай қалпына келтіреді. Шаштың таралуы мен жиналуын жеңілдетеді, жылу қорғағыш қасиеті бар. Құрамындағы белсенді компоненттер шашты жылтыратып, шаштың бетін тегістейді. Бұл құралды қолданған соң жуып тастаудың қажеті жоқ, сондықтан ол шашқа келесі рет жуғанға дейін күтім жасайды. 

  • Қайта құрылымдаушы AFG-System® компоненттері мен гидролизденген жүгері крахмалы шашқа қажетті ылғал мөлшерін қамтамасыз ететіндіктен, ол шаштың сыртқы келбеті мен күйіне жағымды әсер береді. 
  • Коллаген шашқа тереңнен еніп, оның құрылымын қалпына келтіріп, жылтыратады. 

Кімдерге арналған?

  • Үйде жасалатын күтімнің кәсіби деңгейде болғанын қалайтындарға.
  • Шашының сау әрі күшті болғанын қалайтындарға.
  • Сульфатсыз сусабын іздеп жүргендерге.
  • Өнім құрамының қауіпсіз болғанына мән беретіндерге.  
  • Белсенді компоненттердің мөлшері 5 есе көп 
    Қарапайым сусабындардың 90%-ға жуығы судан тұрады және бар болғаны 10% пайдалы заттармен қамтылғанын ескерсек, Occuba Professional 50% белсенді компоненттерден тұрады, сондықтан да шашты қарқынды қалпына келтіру мен көзге анық байқалатын әсерді қамтамасыз етеді.  
  • Қауіпсіздік
    Occuba Professional-дың барлық өнімдерінің құрамында SLS тобының зиянды беткі-белсенді заттары, зиянды консерванттар, формальдегидтер мен парабендер жоқ. OCCUBA® Professional-да қолданылатын жұмсақ жуғыш негіз – кокос пен пальма майларына негізделген ББЗ – бас терісінің қорғаныш қабатын зақымдамай әрі оны тітіркендірмей, шаштағы май мен кірді кетіреді.
  • Айқын нәтиже
    Occuba Professional құралдары шашты ұқыптап тазалап қана қоймай, ылғалдандырып, қоректендіріп, жылтыратады, шаштың құрылымын қалпына келтіріп, бас терісіне күтім жасайды. Бұл құралдардың жинақтаушы әсері бар, яғни шашыңыз күн сайын жақсара беретін болады. 
  • Неміс сапасы
    Occuba Professional құралдарын сусабынның отаны саналатын Германиядағы JoJo Hairсosmetics компаниясы жасап, әзірлейді. Бұл компания 30 жылдан астам уақыт (1983 жылдан бері) шаш күтіміне арналған кәсіби косметикаларды шығарып келеді, сондай-ақ олардың өз зерттеу орталықтары мен зертханалары бар.
  • Әр шаш түріне арналған дербес шешім
    Occuba Professional коллекциясында кез келген шаш түрін күнделікті күтуге арналған құралдар бар. Шаш пен бас терісінің нақты мәселелерін шешу үшін, өнім құрамына қосымша белсенді компоненттер енгізілген. Оларды таңдауға арнайы шақыртылған ғылыми қызметкер, м. ғ. д., жоғары санатты дерматолог дәрігер, РҒА СБ клиникалық және эксперименттік лимфология ҒЗИ қызметкері – Свечникова Наталья Николаевна қатысты.

AQUA (WATER), DIMETHICONE, PEG/PPG-18/18 DIMETHICONE, DIMETHICONE (AND) DIMETHICONOL, BENZOIC ACID, DEHYDROACETIC ACID, PHENOXYETHANOL, PEG-15 COCOPOLYAMINE, HYDROLYZED COLLAGEN, PEG-40 HYDROGENATED CASTOR OIL, CI 42051, PANTHENOL, PROPYLENE GLYCOL, HEXYL NICOTINATE, FRUCTOSE*, GLUCOSE*, ALANINE*, GLUTAMIC ACID*, ASPARTIC ACID*, SUCROSE, UREA, DEXTRIN, HEXYLENE GLYCOL, HYDROLIZED CORN STARCH, BETA VULGARIS (BEET) ROOT EXTRACT, ETHYLHEXYLGLYCERIN, BENZYL ALCOHOL, HEXYL CINNAMAL, CITRONELLOL, AMYL CINNAMAL, d-LIMONENE, LINALOOL, PARFUM (FRAGRANCE).

* AFG-System®

Белсенді компоненттер

  • AFG-System – амин қышқылдары, фруктоза мен глюкозадан тұратын бұл бірегей кешен осы топтамадағы әр құралдың құрамына кіреді. Ол шашты қалпына келтіріп, созылғыш әрі икемді етеді.
  • Коллаген – шашқа тереңнен еніп, ішінен құрылымын қалпына келтіреді. Зақымдалған шашты ішінен қайта құрылымдайды. 
  • B5 провитамині (пантенол) – шашқа ұзақ мерзімді ылғалдандырғыш әрекет етеді, шаштың жиналуын жеңілдетеді. Шаштың ұшталуын азайтып, қалыңдатады. Зақымдалған шаштың жалпы күйі мен келбетін жақсартады. 
  • Қант қызылшасының сығындысы – бас терісін белсенді түрде ылғалдандырып, тітіркенуді болдырмайды. Шашқа табиғи жылтыр беріп, күшейтеді. Өзге кондициялағыш компоненттердің әсерін күшейтеді. 
  • Гидролизденген жүгері крахмалы – теріні табиғи ылғалдандыру факторларын тиімді сақтап тұрады. 
  • Қолданар алдында құтыны сілкіп жіберіңіз. 
  • Жуылған шашты сүлгімен сәл кептіріңіз де, кондиционерді шаштың ұзындығына түгелдей шашыңыз. 
  • Жуып тастамаңыз.

Жақсы нәтижеге жету үшін, екі фазалы Effect кондиционерімен қатар қолданыңыз. 

  • қалыпты және құрғақ шаштарға – Care сусабыны, боялған шаштарға – Color, зақымдалған шаштарға – Repair, майлануға бейім шаштарға – Balance, жұқа шашқа қосымша көлем беру үшін – Volume,
  • зақымдалған шашты қарқынды түрде қоректендіру үшін – шашты қалпына келтіретін Cure маскасы. 
Өнім туралы пікірлер

Сіздің тұрғылықты жеріңіз