Сайттың ескі нұсқасы

Аударым жасау
Occuba Professional

Rich бальзам-кондиционері

Шашты ылғалдандыру және қоректендіру

Белсенді компоненттермен байытылған бальзам-кондиционер шашты түбінен ұшына дейін тиімді қоректендіріп, ылғалдандырады әрі оны бірнеше есе күшейтеді. Шаштың құрылымын ішінен қалпына келтіріп, шашты жұмсартып, жылтыратып, таралуын жеңілдетеді. 

Жаңа формула

200 мл-лік құты

690 ₽
!Сыйлық шотынан төлеуге болады

Бальзам-кондиционердің формуласы белсенді компоненттермен байытылған. 

  • Жібек протеиндері жеңіл қорғаныш қабықшасын түзіп, шашты қарқынды түрде ылғалдандырады, шашты жылтыратып, көлем береді; 
  • Бөрітарақ сығындысы шашты жұмсақ, созылғыш әрі жылтыр етіп, тез өсуіне ықпал етеді; 
  • Бадам майы мен жожоба майы шаштың ұшталуын болдырмай, оны қоректендіріп, жылтыр әрі жұмсақ етеді; 
  • AFG-кешені шашты созылғыш әрі иілгіш етіп қалпына келтіреді. 

Кімдерге арналған?

  • Үйде жасалатын күтімнің кәсіби деңгейде болғанын қалайтындарға.
  • Шашының сау әрі күшті болғанын қалайтындарға.
  • Сульфатсыз сусабын іздеп жүргендерге.
  • Өнім құрамының қауіпсіз болғанына мән беретіндерге.  
  • Белсенді компоненттердің мөлшері 5 есе көп 
    Қарапайым сусабындардың 90%-ға жуығы судан тұрады және бар болғаны 10% пайдалы заттармен қамтылғанын ескерсек, Occuba Professional 50% белсенді компоненттерден тұрады, сондықтан да шашты қарқынды қалпына келтіру мен көзге анық байқалатын әсерді қамтамасыз етеді.  
  • Қауіпсіздік
    Occuba Professional-дың барлық өнімдерінің құрамында SLS тобының зиянды беткі-белсенді заттары, зиянды консерванттар, формальдегидтер мен парабендер жоқ. OCCUBA® Professional-да қолданылатын жұмсақ жуғыш негіз – кокос пен пальма майларына негізделген ББЗ – бас терісінің қорғаныш қабатын зақымдамай әрі оны тітіркендірмей, шаштағы май мен кірді кетіреді.
  • Айқын нәтиже
    Occuba Professional құралдары шашты ұқыптап тазалап қана қоймай, ылғалдандырып, қоректендіріп, жылтыратады, шаштың құрылымын қалпына келтіріп, бас терісіне күтім жасайды. Бұл құралдардың жинақтаушы әсері бар, яғни шашыңыз күн сайын жақсара беретін болады. 
  • Неміс сапасы
    Occuba Professional құралдарын сусабынның отаны саналатын Германиядағы JoJo Hairсosmetics компаниясы жасап, әзірлейді. Бұл компания 30 жылдан астам уақыт (1983 жылдан бері) шаш күтіміне арналған кәсіби косметикаларды шығарып келеді, сондай-ақ олардың өз зерттеу орталықтары мен зертханалары бар.
  • Әр шаш түріне арналған дербес шешім
    Occuba Professional коллекциясында кез келген шаш түрін күнделікті күтуге арналған құралдар бар. Шаш пен бас терісінің нақты мәселелерін шешу үшін, өнім құрамына қосымша белсенді компоненттер енгізілген. Оларды таңдауға арнайы шақыртылған ғылыми қызметкер, м. ғ. д., жоғары санатты дерматолог дәрігер, РҒА СБ клиникалық және эксперименттік лимфология ҒЗИ қызметкері – Свечникова Наталья Николаевна қатысты.

AQUA (WATER), CETEARYL ALCOHOL, CETRIMONIUM   CHLORIDE, COCAMIDE MEA, DISTEARYLDIMONIUM   CHLORIDE, CITRIC   ACID, HEXYL   NICOTINATE, FRUCTOSE*, GLUCOSE*, ALANINE*, GLUTAMIC   ACID*, ASPARTIC   ACID*, SUCROSE, UREA, DEXTRIN, HEXYLENE GLYCOL, BENZOIC   ACID, DEHYDROACETIC   ACID, PHENOXYETHANOL, SIMMONDSIA CHINENSIS SEED   OIL, HYDROLYZED   SILK, GLYCERIN, SODIUM   BENZOATE, POTASSIUM   SORBATE, HIBISCUS SABDARIFFA FLOWER EXTRACT, PRUNUS AMYGDALUS DULCIS OIL, CITRONELLOL, GERANIOL, d-LIMONENE, LINALOOL, PARFUM (FRAGRANCE).

* AFG-System®

Белсенді компоненттер

  • AFG-System – амин қышқылдары, фруктоза мен глюкозадан тұратын бұл бірегей кешен осы топтамадағы әр құралдың құрамына кіреді. Ол шашты қалпына келтіріп, созылғыш әрі икемді етеді.
  • Жібек протеиндері – шашқа оңай еніп, оның өзегін нығайтады, қабыршақтарды тегістеп, шашты қоректендіріп, ылғалдандырады, сау әрі жылтыр етеді. 
  • Жожоба майы – шашты ылғалдандырып, түбінің өміршеңдігін қалпына келтіріп, құрылымын жақсартады. Шаштың сыртқы келбетін айтарлықтай жақсартады. 
  • Бадам майы – шашты қарқынды түрде қоректендіріп, жылтыр және иілгіштік қасиет беріп, тез өсуіне ықпал етеді. 
  • Бөрітарақ сығындысы – шаш құрылымын тегістеп, күшейтеді, тез өсуіне ықпал етеді. 
  • Жуылған, сулы шашқа кондиционердің қажетті мөлшерін жағыңыз. 
  • Шаштың түбінен ұшына дейін біркелкі етіп жағыңыз. 
  • Жақсы нәтижеге жету үшін, оны жаққан соң бас терісін уқалап жіберіңіз. 
  • 3-5 минутқа қалдыра тұрыңыз. 
  • Кем дегенде 2 минут жуып, шайыңыз. 

Жақсы нәтижеге жету үшін, Rich бальзам-кондиционерімен қатар қолданыңыз. 

  • қалыпты және құрғақ шаштарға – Care сусабыны, зақымдалған шаштарға – Repair.
  • зақымдалған шашты қарқынды түрде қоректендіру үшін – шашты қалпына келтіретін Cure маскасы. 

 

Өнім туралы пікірлер

Сіздің тұрғылықты жеріңіз