Сайттың ескі нұсқасы

Аударым жасау
Occuba Professional

Normal ерлер сусабыны

қалыпты және құрғақ шашқа арналған

Ер адамдар үшін арнайы жасалған бұл сусабын қалыпты және құрғақ шашты тиімді тазартады және күтім жасайды. AFG-System® арнайы кешені шашты қалыпқа келтіреді және нығайтады, шаш түсуінің алдын алады. Коллаген шаш өзегінің құрылымын қалыпқа келтіреді және ылғал шығынын тоқтатады. 

250 мл-лік құты

690 ₽
!Сыйлық шотынан төлеуге болады

Normal сусабыны шашты ұқыпты тазартады және күтім береді, оның құрылымын қалыпқа келтіреді. Теңестірілген формуласының арқасында ол қайызғақтың пайда болуының алдын алып, бас терісін емдейді. Сусабынды тұрақты пайдалану шашыңызды күшті және сау күйге жеткізеді.

  • AFG system®  аминқышқыл кешені шаш құрылымын қалыпқа келтіреді және ылғалдандырады.
  • Коллаген сірқабықтың қабыршықтарын жабады, шашты жарқыратады және нығайтады.

Кімдерге арналған?

  • Үйде жасалатын күтмінің кәсіби деңгейде болғанын қалайтындарға.
  • Шашының сау әрі күшті болғанын қалайтындарға.
  • Сульфатсыз сусабын іздеп жүргендерге.
  • Өнім құрамының қауіпсіз болғанына мән беретіндерге.  
  • Белсенді компоненттер 5 есе көп 
    Қарапайым сусабындардың 90%-ға жуығы судан тұрады және бар болғаны 10% пайдалы заттармен қамтылғанын ескерсек, Occuba Professional 50% белсенді компоненттерден тұрады, сондықтан да қарқынды қалпына келтіру мен көзге анық байқалатын әсерді қамтамасыз етеді.  
  • Қауіпсіздік
    OCCUBA® Professional-дың барлық өнімдерінің құрамында SLS тобының зиянды беткі-белсенді заттары, зиянды консерванттар, формальдегидтер мен парабендер жоқ. OCCUBA® Professional-да қолданылатын жұмсақ жуғыш негіз – кокос пен пальма майларына негізделген ББЗ – бас терісінің қорғаныш қабатын зақымдамай әрі оны тітіркендірмей, шаштағы май мен кірді кетіреді.
  • Айқын нәтиже
    OCCUBA® Professional құралдары шашты ұқыптап тазалап қана қоймай, ылғалдандырып, қоректендіріп, жылтыратады, шаштың құрылымын қалпына келтіріп, бас терісіне күтім жасайды. Бұл құралдардың жинақтаушы әсері бар, яғни шашыңыз күн сайын жақсара беретін болады. 
  • Неміс сапасы
    OCCUBA® Professional құралдарын сусабынның отаны саналатын Германиядағы JoJo Hairсosmetics компаниясы жасап, әзірлейді. Бұл компания 30 жылдан астам уақыт (1983 жылдан бері) шаш күтіміне арналған кәсіби косметикаларды шығарып келеді, сондай-ақ олардың өз зерттеу орталықтары мен зертханалары бар.
  • Әр шаш түріне арналған дербес шешім
    OCCUBA® Professional коллекциясында кез келген шаш түрін күнделікті күтуге арналған құралдар бар. Шаш пен бас терісінің нақты мәселелерін шешу үшін, өнім құрамына қосымша белсенді компоненттер енгізілген. Оларды таңдауға арнайы шақыртылған ғылыми қызметкер, м. ғ. д., жоғары санатты дерматолог дәрігер, РҒА СБ клиникалық және эксперименттік лимфология ҒЗИ қызметкері – Свечникова Наталья Николаевна қатысты. ​

AQUA(WATER), DISODIUM LAURETH SULFOSUCCINATE, SODIUM COCOAMPHOACETATE, POTASSIUM COCOYL HYDROLYZED COLLAGEN, GUAR HYDROXYPROPYLTRIMONIUM CHLORIDE, HEXYL NICOTINATE, FRUCTOSE*, GLUCOSE*, ALANINE*, GLUTAMIC ACID*, ASPARTIC ACID*, SUCROSE, UREA, DEXTRIN, HEXYLENE GLYCOL, BENZOIC ACID, DEHYDROACETIC ACID, PHENOXYETHANOL, PANTHENOL, PROPYLENE GLYCOL, CI 19140, CI 42051, d-LIMONENE, LINALOOL, PARFUM (FRAGRANCE).

*AFG-System®

Сусабынның негізі

  • Жұмсақ ББЗ
    OCCUBA® Professional сусабындарына негізгі жуғыш зат ретінде Disodium Laureth Sulfosuccinate – теріні тітіркендірмейтін жұмсақ ББЗ қосылады. Бұл бейионогенді ББЗ-ны әдетте ақылды сабын деп атайды, себебі ол терінің қорғаныш қабатын зақымдамай, бас терісінің бетіндегі кір мен майды кетіреді. 
  • Коллагенді негіз
    OCCUBA® Professional сусабынының құрамында шашты қалпына келтіруге пайдасы зор, коллаген негізіндегі Potassium Cocoyl Hydrolyzed Collagen компоненті, және кокос пен пальмоядро майынан жасалған өсімдік майлары бар.
  • Кондициялайтын қоспа
    Өнім құрамында арнайы қондициялағыш Guar Hydroxypropyltrimonium Chloride қоспасы бар, соның арқасында OCCUBA® Professional сусабындарын кондиционерсіз-ақ қолдана беруге болады, шаш оңай таралып, реттеледі.

Белсенді компоненттер

  • AFG system
    Амин қышқылдары, фруктоза мен глюкозадан тұратын бұл бірегей кешен осы топтамадағы әр құралдың құрамына кіреді. Ол шашты қалпына келтіріп, созылғыш әрі икемді етеді.
  • Алақаныңызға кішкене сусабын жағып, көпіртіңіз. 
  • Сусабынды шаштың ұзындығы бойынша біркелкі жағып шығыңыз. 
  • 30 секундтай бас терісін уқалап, массаж жасаңыз. 
  • 2 минуттан соң жуып, шайыңыз. 
  • Қажет болса, процедураны тағы бір қайталаңыз. 

Жақсы нәтижеге қол жеткізу үшін Normal сусабынымен бірге қолданыңыз:

  • Зақымдалған шашты қосымша жарқыратып, көлем беруге арналған Rich бальзам-кондиционері.
Өнім туралы пікірлер

Сіздің тұрғылықты жеріңіз