Старая версия сайта

Перейти
Occuba Professional

Repair сусабыны

зақымдалған шашқа арналған

Сусабын әлсіреген және зақымдалған шашқа қажетті  заттарды береді, шашты күшейтеді және жарқыратады. Оның формуласы қалыпты, жұмсақ күтімді және ішінен қарқынды қалпына келтіруді қамтамасыз етеді. Keravis™ айрықша компоненті шашты үш есе жақсы нығайтады және сыртқы зиянды әсерлерден қорғайтын қорғаныш қабатын қалыптастырады. 

250 мл-лік құты

690 ₽
!Сыйлық шотынан төлеуге болады

Repair сусабыны  шаш өзегінің құрылымын ылғалдандырып және ішінен қалыпқа келтіре отырып, зақымдалған шашқа қарқынды күтім көрсетуді қамтамасыз етеді. Жиі жылу әсеріне ұшырайтын (бұйралау, түзету, фенмен кептіру) шаш үшін таптырмас өнім. Сусабынды тұрақты қолдану кезінде шаш күшті, әдемі және жарқырайтын күйге енеді.

  • AFG-System® кешенінің  аминқышқылдары шаш құрылымына тереңдеп еніп, оны қалыпқа келтіреді.
  • Фруктоза мен глюкоза сірқабықтың ылғал сақтау қасиеттерін күшейтеді, бұл зақымдалған шаш үшін аса маңызды.
  • Keravis™ теңдессіз компонентті шашты үш есе нығайтады және сыртқы зиянды әсерлерден қорғайтын қорғаныс қабатын қалыптастырады. 

Кімдерге арналған?

  • Үй күтімінің кәсіби деңгейде болғанын қалайтындарға.
  • Шашының сау әрі күшті болғанын қалайтындарға.
  • Сульфатсыз сусабын іздеп жүргендерге.
  • Өнім құрамының қауіпсіз болғанына мән беретіндерге.  
  • Белсенді компоненттер 5 есе көп 
    Қарапайым  сусабындардың 90%-ға жуығы  судан тұрады және бар болғаны 10% пайдалы заттары бар екенін ескерсек, Occuba Professional 50% белсенді компоненттерден тұрады, сондықтан да қарқынды қалпына келтіру мен көзге анық байқалатын әсерді қамтамасыз етеді.  
  • Қауіпсіздік
    OCCUBA® Professional-дың барлық өнімдерінің құрамында SLS тобының зиянды беткі-белсенді заттары, қауіпті консерванттар, формальдегидтер мен парабендер жоқ. OCCUBA® Professional-да қолданылатын жұмсақ жуғыш негіз – кокос пен пальма майларына негізделген ББЗ – бас терісінің қорғаныш қабатын зақымдамай әрі оны тітіркендірмей, шаштағы май мен кірді кетіреді.
  • Айқын нәтиже
    OCCUBA® Professional құралдары шашты ұқыптап тазалап қана қоймай, ылғалдандырып, қоректендіріп, жылтыратады, шаштың құрылымын қалпына келтіріп, бас терісіне күтім жасайды.  Бұл құралдардың жинақтаушы әсері бар, яғни шашыңыз күн сайын жақсара беретін болады. 
  • Неміс сапасы
    OCCUBA® Professional құралдарын сусабынның отаны саналатын Германиядағы JoJo Hairсosmetics компаниясы жасап, әзірлейді. Бұл компания 30 жылдан астам уақыт (1983 жылдан бері) шаш күтіміне арналған кәсіби косметикаларды шығарып келеді, сондай-ақ олардың өз зерттеу орталықтары мен зертханалары бар.
  • Әр шаш түріне арналған дербес шешім
    Occuba Professional коллекциясында кез келген шаш түрін күнделікті күтуге арналған құралдар бар. Шаш пен бас терісінің нақты мәселелерін шешу үшін, өнім құрамына қосымша белсенді компоненттер енгізілген. Оларды таңдаудға арнайы шақыртылған ғылыми қызметкер, м. ғ. д., жоғары санатты дерматолог дәрігер, РҒА СБ клиникалық және эксперименттік лимфология ҒЗИ қызметкері – Свечникова Наталья Николаевна қатысты. ​

AQUA(WATER), DISODIUM LAURETH SULFOSUCCINATE, SODIUM   COCOAMPHOACETATE, POTASSIUM   COCOYL   HYDROLIZED   COLLAGEN, GUAR HYDROXYPROPYLTRIMONIUM   CHLORIDE, HEXYLENE GLYCOL, FRUCTOSE*, GLUCOSE*, ALANINE*, GLUTAMIC   ACID*, ASPARTIC   ACID*, SUCROSE, UREA, DEXTRIN, HEXYL   NICOTINATE, PANTHENOL, PROPYLENE GLYCOL, BENZOIC   ACID, DEHYDROACETIC   ACID, PHENOXYETHANOL, PANTHENOL, PROPYLENE GLYCOL, HYDROLYZED   VEGETABLE PROTEIN PG-PROPYL   SILANETRIOL, HEXYL   CINNAMAL, AMYL   CINNAMAL, D-LIMONENE, LINALOOL, CI   16255, CI   19140, PARFUM (FRAGRANCE).

*AFG-System®

Сусабынның негізі

  • Жұмсақ ББЗ
    OCCUBA® Professional сусабындарында негізгі жуғыш зат ретінде Disodium Laureth Sulfosuccinate – теріні тітіркендірмейтін жұмсақ ББЗ қосылады. Бұл бейионогенді ББЗ-ны әдетте ақылды сабын деп атайды, себебі ол терінің қорғаныш қабатын зақымдамай, бас терісінің бетіндегі кір мен майды кетіреді. 
  • Коллагенді негіз
    OCCUBA® Professional сусабынының құрамында шашты қалпына келтіруге пайдасы зор, коллаген негізіндегі Potassium Cocoyl Hydrolyzed Collagen компоненті, және кокос пен пальмоядро майынан жасалған өсімдік майлары бар.
  • Кондициялайтын қоспа
    Өнім құрамында арнайы Guar Hydroxypropyltrimonium Chloride қондициялағыш қоспа бар, соның арқасында OCCUBA® Professional сусабындарын кондиционерсіз-ақ қолдана беруге болады, шаш оңай таралып, реттеледі.

Белсенді компоненттер

  • AFG system
    Амин қышқылдары, фруктоза мен глюкозадан тұратын бұл бірегей кешен осы топтамадағы әр құралдың құрамына кіреді. Ол шашты қалпына келтіріп, созылғыш әрі икемді етеді.
  • Keravis
    Шаштың ішкі құрылымын нығайтатын тиімді компонент. Шашты қоршаған ортаның жағымсыз әсерлерінен қорғайтын ерекше қабатпен қаптайды. 
  • Алақаныңызға кішкене сусабын жағып, көпіртіңіз. 
  • Сусабынды шаштың ұзындығы бойынша біркелкі жағып шығыңыз. 
  • 30 секундтай бас терісін уқалап, массаж жасаңыз. 
  • 2 минуттан соң жуып, шайыңыз. 
  • Қажет болса, процедураны тағы бір қайталаңыз. 

Жақсы нәтижеге қол жеткізу үшін Repair сусабынымен бірге қолданыңыз:

  • Шашты жарқыратуға және көлем беруге арналған Volume бальзам-кониционері,
  • Күні бойы шаш көлемін сақтауға арналған шайылмайтын Volume спрейі немесе қосымша жарқырату мен ылғалдандыруға арналған Effect екі фазалы спрейі.
  • Шашты қарқынды құнарландырып, қалпына келтіретін Cure маскасы.
Өнім туралы пікірлер

Сіздің тұрғылықты жеріңіз