Старая версия сайта

Перейти
Occuba Professional

Volume сусабыны

Жұқа шашқа қосымша көлем беруге арналған

Сусабын жұқа шашты ауырлатпай, оған қосымша көлем береді. Белсенді компоненттердің екі еселі әсері шаш құрылымын қалпына келтіреді, ішінен және сыртынан нығайтады. В5 провитамині шаштың ұштануына жол ермейді. Тұрақты қолданған жағдайда сусабын шаш күйін айтарлықтай жақсартады, шаш көлемді, жұмсақ және жібектей күйге енеді. 

250 мл-лік құты

Келесі өнімдер жинағына кіреді:
690 ₽
!Сыйлық шотынан төлеуге болады

Volume сусабыны жұқа шашқа қосымша көлем береді, қалыңдатады және түбін нығайтады. Сусабын құрамындағы күтім компоненттері шаш құрылымын қалыпқа келтіреді, күйін айтарлықтай жақсартады және ұштанып кетуіне жол бермейді.

  • AFG-System®  құрамындағы аминқышқылдары шаш өзектеріндегі бос орынды тоолтырып, қалыпқа келтіреді және қалыңдатады.
  • В5 провитамині шашты ішінен қалыңдатып, ұштануына жол бермейді. 

Кімдерге арналған?

  • Үй күтімінің кәсіби деңгейде болғанын қалайтындарға.
  • Шашының сау әрі күшті болғанын қалайтындарға.
  • Сульфатсыз сусабын іздеп жүргендерге.
  • Өнім құрамының қауіпсіз болғанына мән беретіндерге.  
  • Белсенді компоненттер 5 есе көп 
    Қарапайым  сусабындардың 90%-ға жуығы  судан тұрады және бар болғаны 10% пайдалы заттары бар екенін ескерсек, Occuba Professional 50% белсенді компоненттерден тұрады, сондықтан да қарқынды қалпына келтіру мен көзге анық байқалатын әсерді қамтамасыз етеді.  
  • Қауіпсіздік
    OCCUBA® Professional-дың барлық өнімдерінің құрамында SLS тобының зиянды беткі-белсенді заттары, зиянды консерванттар, формальдегидтер мен парабендер жоқ. OCCUBA® Professional-да қолданылатын жұмсақ жуғыш негіз – кокос пен пальма майларына негізделген ББЗ – бас терісінің қорғаныш қабатын зақымдамай әрі оны тітіркендірмей, шаштағы май мен кірді кетіреді.
  • Айқын нәтиже
    OCCUBA® Professional құралдары шашты ұқыптап тазалап қана қоймай, ылғалдандырып, қоректендіріп, жылтыратады, шаштың құрылымын қалпына келтіріп, бас терісіне күтім жасайды.  Бұл құралдардың жинақтаушы әсері бар, яғни шашыңыз күн сайын жақсара беретін болады. 
  • Неміс сапасы
    OCCUBA® Professional құралдарын сусабынның отаны саналатын Германиядағы JoJo Hairсosmetics компаниясы жасап, әзірлейді. Бұл компания 30 жылдан астам уақыт (1983 жылдан бері) шаш күтіміне арналған кәсіби косметикаларды шығарып келеді, сондай-ақ олардың өз зерттеу орталықтары мен зертханалары бар.
  • Әр шаш түріне арналған дербес шешім
    OCCUBA® Professional коллекциясында кез келген шаш түрін күнделікті күтуге арналған құралдар бар. Шаш пен бас терісінің нақты мәселелерін шешу үшін, өнім құрамына қосымша белсенді компоненттер енгізілген. Оларды таңдаудға арнайы шақыртылған ғылыми қызметкер, м. ғ. д., жоғары санатты дерматолог дәрігер, РҒА СБ клиникалық және эксперименттік лимфология ҒЗИ қызметкері – Свечникова Наталья Николаевна қатысты. ​

AQUA (WATER), DISODIUM LAURETH SULFOSUCCINATE, SODIUM COCOAMPHOACETATE, POTASSIUM COCOYL HYDROLIZED COLLAGEN, GUAR HYDROXYPROPYLTRIMONIUM CHLORIDE, HEXYLENE GLYCOL, FRUCTOSE*, GLUCOSE*, ALANINE*, GLUTAMIC ACID*, ASPARTIC ACID*, SUCROSE, UREA, DEXTRIN, HEXYL NICOTINATE, PANTHENOL, PROPYLENE GLYCOL., BENZOIC ACID, DEHYDROACETIC ACID, PHENOXYETHANOL, POLYQUATERNIUM-4/HYDROXYPROPYL STARCH COPOLYMER, DECYL GLUCOSIDE, PANTHENYL ETHYL ETHER, GLYCERYL LAURATE, TOCOPHERYL ACETATE, CHITOSAN, LACTIC ACID, PHYTANTRIOL, d-LIMONENE, LINALOOL, HEXYL CINNAMAL, CI 19140, PARFUM (FRAGRANCE).

*AFG-System®

Сусабынның негізі

  • Жұмсақ ББЗ
    OCCUBA® Professional сусабындарында негізгі жуғыш зат ретінде Disodium Laureth Sulfosuccinate – теріні тітіркендірмейтін жұмсақ ББЗ қосылады. Бұл бейионогенді ББЗ-ны әдетте ақылды сабын деп атайды, себебі ол терінің қорғаныш қабатын зақымдамай, бас терісінің бетіндегі кір мен майды кетіреді. 
  • Коллагенді негіз
    OCCUBA® Professional сусабынының құрамында шашты қалпына келтіруге пайдасы зор, коллаген негізіндегі Potassium Cocoyl Hydrolyzed Collagen компоненті, және кокос пен пальмоядро майынан жасалған өсімдік майлары бар.
  • Кондициялайтын қоспа
    Өнім құрамында арнайы Guar Hydroxypropyltrimonium Chloride қондициялағыш қоспа бар, соның арқасында OCCUBA® Professional сусабындарын кондиционерсіз-ақ қолдана беруге болады, шаш оңай таралып, реттеледі.
  • Хитозан
    Жұқа шашқа көлем беріп, зақымданулардан қорғайды, тарауды жеңілдетеді. 

Белсенді компоненттер

  • AFG system
    Амин қышқылдары, фруктоза мен глюкозадан тұратын бұл бірегей кешен осы топтамадағы әр құралдың құрамына кіреді. Ол шашты қалпына келтіріп, созылғыш әрі икемді етеді.
  • B5 провитамині (пантенол)
    Шашқа ұзақ уақыттық ылғалдандырғыш әсер береді, шаштың таралып, жиналуын жеңілдетеді. Ұшталған шаштарды азайтып, шашты қалыңдатады. Зақымдалған шаштардың жалпы түрі мен күйін жақсартады.
  • Алақаныңызға кішкене сусабын жағып, көпіртіңіз. 
  • Сусабынды шаштың ұзындығы бойынша біркелкі жағып шығыңыз. 
  • 30 секундтай бас терісін уқалап, массаж жасаңыз. 
  • 2 минуттан соң жуып, шайыңыз. 
  • Қажет болса, процедураны тағы бір қайталаңыз. 

Жақсы нәтижеге қол жеткізу үшін Volume сусабынымен бірге қолданыңыз:

  • Шашты жарқыратуға және көлем беруге арналған Volume бальзам-кониционері,
  • Күні бойы шаш көлемін сақтауға арналған шайылмайтын Volume спрейі немесе қосымша жарқырату мен ылғалдандыруға арналған Effect екі фазалы спрейі.
  • Шашты қарқынды құнарландырып, қалпына келтіретін Cure маскасы.
Өнім туралы пікірлер

Сіздің тұрғылықты жеріңіз