Старая версия сайта

Перейти
Occuba Professional

Color сусабыны

боялған шашқа арналған

Сусабын аммиактың зиянды әсерін жойып, боялған шашты қалыпқа келтіреді және ылғалдандырады. Құрамындағы көп коллаген мөлшері қызыл пигменттің тез шайылып кетуіне жол бермейді, ұзақ уақытқа шашыңыздың түсін қанық және ашық күйде сақтайды. 

250 мл-лік құты

690 ₽
!Сыйлық шотынан төлеуге болады

Color сусабыны түстің бастапқы ашықтығын ұзаққа сақтауға көмектесе отырып, боялған шашқа арнайы қалыпқа келтіруші күтімді қамтамасыз етеді.

  • AFG-System® кешені бояу құрамындағы аммиактың зақымдағыш әрекетін бейтараптандырып, шаштың құрылымын қалпына келтіріп, ылғалдандырады. 
  • Коллаген зақымалған шашты ішінен қалыпқа келтіреді: күтім жасайды, ылғалдандырады, кеуектілігін азайтады. Оған қоса, бояушы пигменттің тез шайылуына жол бермей, түсті ұзақ сақтауға көмектеседі.

Кімдерге арналған?

  • Үй күтімінің кәсіби деңгейде болғанын қалайтындарға.
  • Шашының сау әрі күшті болғанын қалайтындарға.
  • Сульфатсыз сусабын іздеп жүргендерге.
  • Өнім құрамының қауіпсіз болғанына мән беретіндерге.  
  • Белсенді компоненттер 5 есе көп 
    Қарапайым  сусабындардың 90%-ға жуығы  судан тұрады және бар болғаны 10% пайдалы заттары бар екенін ескерсек, Occuba Professional 50% белсенді компоненттерден тұрады, сондықтан да қарқынды қалпына келтіру мен көзге анық байқалатын әсерді қамтамасыз етеді.  
  • Қауіпсіздік
    OCCUBA® Professional-дың барлық өнімдерінің құрамында SLS тобының зиянды беткі-белсенді заттары, зиянды консерванттар, формальдегидтер мен парабендер жоқ. OCCUBA® Professional-да қолданылатын жұмсақ жуғыш негіз – кокос пен пальма майларына негізделген ББЗ – бас терісінің қорғаныш қабатын зақымдамай әрі оны тітіркендірмей, шаштағы май мен кірді кетіреді.
  • Айқын нәтиже
    OCCUBA® Professional құралдары шашты ұқыптап тазалап қана қоймай, ылғалдандырып, қоректендіріп, жылтыратады, шаштың құрылымын қалпына келтіріп, бас терісіне күтім жасайды.  Бұл құралдардың жинақтаушы әсері бар, яғни шашыңыз күн сайын жақсара беретін болады. 
  • Неміс сапасы
    OCCUBA® Professional құралдарын сусабынның отаны саналатын Германиядағы JoJo Hairсosmetics компаниясы жасап, әзірлейді. Бұл компания 30 жылдан астам уақыт (1983 жылдан бері) шаш күтіміне арналған кәсіби косметикаларды шығарып келеді, сондай-ақ олардың өз зерттеу орталықтары мен зертханалары бар.
  • Әр шаш түріне арналған дербес шешім
    OCCUBA® Professional коллекциясында кез келген шаш түрін күнделікті күтуге арналған құралдар бар. Шаш пен бас терісінің нақты мәселелерін шешу үшін, өнім құрамына қосымша белсенді компоненттер енгізілген. Оларды таңдаудға арнайы шақыртылған ғылыми қызметкер, м. ғ. д., жоғары санатты дерматолог дәрігер, РҒА СБ клиникалық және эксперименттік лимфология ҒЗИ қызметкері – Свечникова Наталья Николаевна қатысты. ​

AQUA (WATER), DISODIUM LAURETH SULFOSUCCINATE, SODIUM   COCOAMPHOACETATE, POTASSIUM   COCOYL   HYDROLYZED   COLLAGEN, GUAR HYDROXYPROPYLTRIMONIUM   CHLORIDE, CI   16255, HEXYLENE GLYCOL, FRUCTOSE*, GLUCOSE*, ALANINE*, GLUTAMIC   ACID*, ASPARTIC   ACID*, SUCROSE, UREA, DEXTRIN, HEXYL   NICOTINATE, PANTHENOL, PROPYLENE GLYCOL., BENZOIC   ACID, DEHYDROACETIC   ACID, PHENOXYETHANOL, BUTYLPHENYL   METHYLPROPIONAL, d-LIMONENE, PARFUM (FRAGRANCE).

*AFG-System®

Сусабынның негізі

  • Жұмсақ ББЗ
    OCCUBA® Professional сусабындарында негізгі жуғыш зат ретінде Disodium Laureth Sulfosuccinate – теріні тітіркендірмейтін жұмсақ ББЗ қосылады. Бұл бейионогенді ББЗ-ны әдетте ақылды сабын деп атайды, себебі ол терінің қорғаныш қабатын зақымдамай, бас терісінің бетіндегі кір мен майды кетіреді. 
  • Коллагенді негіз
    OCCUBA® Professional сусабынының құрамында шашты қалпына келтіруге пайдасы зор, коллаген негізіндегі Potassium Cocoyl Hydrolyzed Collagen компоненті, және кокос пен пальмоядро майынан жасалған өсімдік майлары бар.
  • Кондициялайтын қоспа
    Өнім құрамында арнайы Guar Hydroxypropyltrimonium Chloride қондициялағыш қоспа бар, соның арқасында OCCUBA® Professional сусабындарын кондиционерсіз-ақ қолдана беруге болады, шаш оңай таралып, реттеледі.

Белсенді компоненттер

  • AFG system®
    Амин қышқылдары, фруктоза мен глюкозадан тұратын бұл бірегей кешен осы топтамадағы әр құралдың құрамына кіреді. Ол шашты қалпына келтіріп, созылғыш әрі икемді етеді.
  • Коллаген
    Жастық қоспасы, тері мен шаштың ақуыздық негізі оның беріктігі мен жұмсақтығын, сондай-ақ ылғалды сақтау қабілетін жақсартады. Шашты УК сәуле және кермек су сияқты сыртқы факторлардың жағымсыз әсерінен қорғайды. Шашқа тереңдеп еніп, оның зақымдалған құрылымын іштен қалыпқа келтіреді.
  • Алақаныңызға кішкене сусабын жағып, көпіртіңіз. 
  • Сусабынды шаштың ұзындығы бойынша біркелкі жағып шығыңыз. 
  • 30 секундтай бас терісін уқалап, массаж жасаңыз. 
  • 2 минуттан соң жуып, шайыңыз. 
  • Қажет болса, процедураны тағы бір қайталаңыз. 

Жақсы нәтижеге қол жеткізу үшін Color сусабынымен бірге пайдаланыңыз:

  • Зақымдалған шашты қосымша ылғалдандыруға және құнарландыруға арналған Rich бальзам-кондиционер.
  • Құрғақ шаштарға арналған, кератин қосылған Restore шайылмайтын спрейі немесе қалыпты шашты жарқыратуға және қосымша ылғалдандыруға арналған Effect Effect екі фазалы спрейі.
  • Қарқынды құнарландыруға арналған Cure қалпына келтіруші маскасы.
Өнім туралы пікірлер

Сіздің тұрғылықты жеріңіз