Старая версия сайта

Перейти
Occuba Professional

Care сусабыны

қалыпты және құрғақ шашқа арналған

Сусабын мұқият тазартып қана қоймай, сонымен бірге  шашқа күтім беріп, күйі мен сыртқы түрін едәуір жақсартады. Құрамындағы коллаген шаштың сау құрылымын қалыпқа келтіреді және ылғалдың қажетті деңгейін сақтайды, ал арнайы сергіткіш қоспа шашты тарау мен түзетуді жеңілдетеді.

250 мл-лік құты

690 ₽
!Сыйлық шотынан төлеуге болады

Care сусабыны шашты ұқыпты тазартады және сауықтырады. Белсенді компонеттер шашқа күтім көрсетеді және олардың құрылымын қалыпқа келтіреді. Сусабынді тұрақты пайдалану шашыңызды әлдеқайда күшті және сау күйге келтіреді.

  • AFG system®   аминқышқыл кешені шаш құрылымын қалыпқа келтіреді және ылғалдандырады.
  • Коллаген сірқабықтың қабыршықтарын жабады, шашты жарқыратады және нығайтады.

Кімдерге арналған?

  • Үй күтімінің кәсіби деңгейде болғанын қалайтындарға.
  • Шашының сау әрі күшті болғанын қалайтындарға.
  • Сульфатсыз сусабын іздеп жүргендерге.
  • Өнім құрамының қауіпсіз болғанына мән беретіндерге.  
  • Белсенді компоненттер 5 есе көп 
    Қарапайым  сусабындардың 90%-ға жуығы  судан тұрады және бар болғаны 10% пайдалы заттары бар екенін ескерсек, Occuba Professional 50% белсенді компоненттерден тұрады, сондықтан да қарқынды қалпына келтіру мен көзге анық байқалатын әсерді қамтамасыз етеді.  
  • Қауіпсіздік
    OCCUBA® Professional-дың барлық өнімдерінің құрамында SLS тобының зиянды беткі-белсенді заттары, зиянды консерванттар, формальдегидтер мен парабендер жоқ. OCCUBA® Professional-да қолданылатын жұмсақ жуғыш негіз – кокос пен пальма майларына негізделген ББЗ – бас терісінің қорғаныш қабатын зақымдамай әрі оны тітіркендірмей, шаштағы май мен кірді кетіреді.
  • Айқын нәтиже
    OCCUBA® Professional құралдары шашты ұқыптап тазалап қана қоймай, ылғалдандырып, қоректендіріп, жылтыратады, шаштың құрылымын қалпына келтіріп, бас терісіне күтім жасайды.  Бұл құралдардың жинақтаушы әсері бар, яғни шашыңыз күн сайын жақсара беретін болады. 
  • Неміс сапасы
    OCCUBA® Professional құралдарын сусабынның отаны саналатын Германиядағы JoJo Hairсosmetics компаниясы жасап, әзірлейді. Бұл компания 30 жылдан астам уақыт (1983 жылдан бері) шаш күтіміне арналған кәсіби косметикаларды шығарып келеді, сондай-ақ олардың өз зерттеу орталықтары мен зертханалары бар.
  • Әр шаш түріне арналған дербес шешім
    OCCUBA® Professional коллекциясында кез келген шаш түрін күнделікті күтуге арналған құралдар бар. Шаш пен бас терісінің нақты мәселелерін шешу үшін, өнім құрамына қосымша белсенді компоненттер енгізілген. Оларды таңдаудға арнайы шақыртылған ғылыми қызметкер, м. ғ. д., жоғары санатты дерматолог дәрігер, РҒА СБ клиникалық және эксперименттік лимфология ҒЗИ қызметкері – Свечникова Наталья Николаевна қатысты. ​

     

AQUA(WATER), DISODIUM LAURETH SULFOSUCCINATE, SODIUM   COCOAMPHOACETATE, POTASSIUM   COCOYL   HYDROLYZED   COLLAGEN, GUAR HYDROXYPROPYLTRIMONIUM   CHLORIDE, HEXYLENE GLYCOL, FRUCTOSE*, GLUCOSE*, ALANINE*, GLUTAMIC   ACID*, ASPARTIC   ACID*, SUCROSE, UREA, DEXTRIN, HEXYL   NICOTINATE, PANTHENOL, PROPYLENE GLYCOL, BENZOIC   ACID, DEHYDROACETIC   ACID, PHENOXYETHANOL, BUTYLPHENYL   METHYLPROPIONAL, d-LIMONENE, BENZYL   SALICYLATE, HYDROXYCITRONELLAL, CI   19140, PARFUM (FRAGRANCE).

*AFG-System®

Сусабынның негізі

  • Жұмсақ ББЗ
    OCCUBA® Professional сусабындарында негізгі жуғыш зат ретінде Disodium Laureth Sulfosuccinate – теріні тітіркендірмейтін жұмсақ ББЗ қосылады. Бұл бейионогенді ББЗ-ны әдетте ақылды сабын деп атайды, себебі ол терінің қорғаныш қабатын зақымдамай, бас терісінің бетіндегі кір мен майды кетіреді. 
  • Коллагенді негіз
    OCCUBA® Professional сусабынының құрамында шашты қалпына келтіруге пайдасы зор, коллаген негізіндегі Potassium Cocoyl Hydrolyzed Collagen компоненті, және кокос пен пальмоядро майынан жасалған өсімдік майлары бар.
  • Кондициялайтын қоспа
    Өнім құрамында арнайы Guar Hydroxypropyltrimonium Chloride қондициялағыш қоспа бар, соның арқасында OCCUBA® Professional сусабындарын кондиционерсіз-ақ қолдана беруге болады, шаш оңай таралып, реттеледі.

Белсенді компоненттер

  • AFG system®
    Амин қышқылдары, фруктоза мен глюкозадан тұратын бұл бірегей кешен осы топтамадағы әр құралдың құрамына кіреді. Ол шашты қалпына келтіріп, созылғыш әрі икемді етеді.
  • Алақаныңызға кішкене сусабын жағып, көпіртіңіз. 
  • Сусабынды шаштың ұзындығы бойынша біркелкі жағып шығыңыз. 
  • 30 секундтай бас терісін уқалап, массаж жасаңыз. 
  • 2 минуттан соң жуып, шайыңыз. 
  • Қажет болса, процедураны тағы бір қайталаңыз. 

Жақсы нәтижеге қол жеткізу үшін Care сусабынымен бірге пайдаланыңыз:

  • Зақымдалған шашты қосымша ылғалдандыруға және құнарландыруға арналған Rich бальзам-кондиционер.
  • Құрғақ шаштарға арналған, кератин қосылған Restore шайылмайтын спрейі немесе қалыпты шашты жарқыратуға және қосымша ылғалдандыруға арналған Effect Effect екі фазалы спрейі.
  • Қарқынды құнарландыруға арналған Cure қалпына келтіруші маскасы. 
Өнім туралы пікірлер

Сіздің тұрғылықты жеріңіз