Сайттың ескі нұсқасы
Аударым жасауСіздің елдімекеніңіз: Россия, Москва
Шаштың жібектей жұмсақтығы
Нағыз must have! Бальзам шашты тез қалпына келтіру мақсатында жасалып шығарылған: мақта майы шаштың кератин қабыршақтарына жеңіл әсер етіп, кутикуласын тегістейді, шаштың түбін қарқынды түрде нығайтады. Қоңыр теңіз балдырлары мен жүгері сығындысы шашты қоректендіріп, қалпына келтіреді, шашты жылтыратып, жұмсартады. Шырынды мангоның жұпар иісі шашқа күтім жасау процесін нағыз рахатқа бөлейді!
200 мл-лік құты
Ресейде шығарылған
Белсенді компоненттермен байытылған бальзам формуласы шашты түбінен ұшына дейін тез қалпына келтіреді, липидтік балансты тұрақтандырып, кутикуланы тегістейді, шаштың сынғыштығын болдырмайды. Шаш ылғалдандырылған, сау әрі жібектей жұмсақ, ажарлы көрінеді. Жылудан қорғау қызметін атқарады әрі УК сәулелерден қорғайды.
Кімдерге арналған?
*Сусабынды бір айдан аса уақыт MUST HAVE шашты қалпына келтіруге арналған Бальзаммен бірге пайдаланған 35 әйел адамның арасындағы ерікті тестілеу нәтижелері бойынша.
Белсенді компоненттер:
Қоңыр теңіз балдырларының сығындысы шашты ішінен қалыпқа келтіріп, оларға жұмсақ және жібектей түр береді, ылғал шығынынан және жылу әсерлерінен қорғайды (фен, үтік).
Мақта майы шаштың кератин қабыршақтарын біріктіріп, кутикуласын тегістейді, шаштың түбін қарқынды түрде нығайтады, шаштың сынғыштығына және ұшталуына жол бермейді, ылғалмен қамтамасыз етеді.
Жүгері сығындысы шашты белсенді түрде қоректендіріп, дәруменге байытып, жұмсартады, шашты УК сәулелері мен статикалық кернеуден қорғап, жібектей етіп жұмсартады.
Құрамы: AQUA, CETEARYL ALCOHOL, CETRIMONIUM CHLORIDE, CYCLOPENTASILOXANE, QUATERNIUM-18, TRIDECETH-6, TRIDECETH-12, BEHENTRIMONIUM CHLORIDE, COTTONSEED OIL GLYCERETH-8 ESTERS, ZEA MAYS STARCH, CYSTOSEIRA COMPRESSA EXTRACT, HYDROXYETHYLCELLULOSE, GUAR HYDROXYPROPYLTRIMONIUM CHLORIDE, FRAGRANCE, CITRIC ACID, SODIUM BENZOATE, POTASSIUM SORBATE.
Бальзамды таза, сулы шашқа, ұзындығы бойынша ұшына дейін жағыңыз, 2-3 минутқа қалдырып, сумен жуып жіберіңіз. Тек шашқа жағып қолдануға арналған.
Тауар жөніндегі пікірді
тек авторизация жасағаннан кейін жазуға болады
Назар аударыңыз! Елді ауыстырғанда себеттің құрамы да өзгеруі мүмкін.