Старая версия сайта

Перейти
Must Have

Майлы шашқа арналған Must Have ерлер сусабыны

Қайызғаққа қарсы

Нағыз must-have! Ерлер сусабыны майлануға бейім шаштар үшін таптырмас өнім, ол бас терісін сауықтырады, тыныштандырады және жақсартады, май бездерінің жұмысын қалыпқа келтіреді, шаштың табиғи жұмсақтығы мен жылтыр түрін қайтарады. Пироктин оламин мен қырмызыгүл сығындысы бактерияға қарсы әсер етеді, жасуша деңгейінде қайызғақпен күреседі, оның пайда болу себептерін жояды.

250 мл-лік құты

Ресейде шығарылған

310 ₽
!Сыйлық шотынан төлеуге болады

Қайызғақ пен шаштың майлануынан арылу үшін таптырмас өнім. Сусабын бас терісін сауықтырады, тыныштандырады, қайызғақ пайда болуының алдын алады, шаш түбін нығайтады, бактерияға қарсы әсер береді, шашты жұмсақ және жібектей күйге келтіреді. Кез-келген қайызғақ түрінде тиімді әсер береді, жағымды теңіз хош иісіне ие.

Кімдерге арналған?

  • Үйде жасалатын күтімнің кәсіби деңгейде болғанын қалайтындарға.
  • Шашының сау әрі күшті болғанын қалайтындарға.
  • Сульфатсыз сусабын іздеп жүргендерге.
  • Өнім құрамының қауіпсіз болғанына мән беретіндерге.  
  • Өнім құрамы қауіпсіз. SLS пен парабендерсіз.
  • Ұтымды баға.
  • Үнемді: 10 аптаға дейін таза шаш.
  • Айқын нәтиже: жарқыраған, серпімді және жібектей шаштар*
  • Жылу әсерінен қорғайы.
  • УК сәулелерден қорғайды.
  • Антистатика әсері бар.

*Сусабынды бір айдан аса уақыт MUST HAVE шашты қалпына келтіруге арналған Бальзаммен бірге пайдаланған 35 ер адамның арасындағы ерікті тестілеу нәтижелері бойынша. 

Белсенді компоненттер:

Қоңыр теңіз балдырларының сығындысы – құнарлы заттардың құнды көзі –​ шашты ішінен қалыпқа келтіріп, оларға жұмсақ және жібектей түр береді, ылғал шығынынан және жылу әсерлерінен қорғайды.

Түйежапырақ сығындысы майлануға бейім шаштарды нығайту үшін таптырмас өнім. Бас терісін тыныштандырады және зақымданған тұстарын қалыпқа келтіреді, шашты ластанудан қорғайды және өсуін жеделдетеді.

Шай ағашының майы май бездерінің жұмысын қалыпқа келтіреді, бас терісін сауықтырады, қабынуды жояды және пайдалы заттармен қанықтырады, шаштың жұмсақтығы мен табиғи жылтырауын қайтарады.

Пироктин оламин және қырмызыгүл сығындысы жасуша деңгейінде қайызғақпен белсенді күресіп, оның пайда болу себептерін жояды, терінің тірікенуі мен қабыршықтануының алдын алады.

Құрамы: AQUA, SODIUM COCO-SULFATE, COCAMIDOPROPYL BETAINE, DISODIUM LAURETH SULFOSUCCINATE, GLYCERINE, POLYQUATERNIUM-7, ZEA MAYS STARCH, CYSTOSEIRA COMPRESSA EXTRACT, MARIGOLD EXTRACT, BURDOCK EXTRACT, PIROCTONE OLAMINE, GUAR HYDROXYPROPYLTRIMONIUM CHLORIDE, FRAGRANCE, TEA TREE ESSENTIAL OIL, CITRIC ACID, SODIUM CHLORIDE, SODIUM BENZOATE, POTASSIUM SORBATE, CI 19140, CI 42090.

Сусабынды ылғал шашыңызға уқалап отырып жағыңыз. Жылы сумен шайыңыз. Қажет болған жағдайда процедураны қайталаңыз. Тек сырттай қолдануға арналған. ​

Сіздің тұрғылықты жеріңіз