Сайттың ескі нұсқасы

Аударым жасау
Must Have

Майлы шашқа арналған Must Have сусабыны

Қайызғаққа қарсы

Нағыз must have! Сусабын қайызғақ пен шаштың шектен тыс майлануы мәселесін тиімді шешеді. Арнайы компоненттер шаш фолликуласындағы қанның микроайналымын күшейтеді, күшті және сау шаштың өсуіне септігін тигізеді, май бездерінің жұмысын қалыпқа келтіреді. Бас терісін жақсартады және сауықтырады, қайызғақтың, қышу мен қабыршықтанудың пайда болуына жол бермейді. 

250 мл-лік құты

Ресейде шығарылған

310 ₽
!Сыйлық шотынан төлеуге болады

Таңқурай хош иісі бар сусабын қайызғақпен және шаштың шектен тыс майлылығымен тиімді күресуге арналған. Бактерияға қарсы әсер береді, қабыршықтану мен қышудың алдын алады, түйежапырақ сығындысы май бездерін қалыпқа келтіреді, шай ағашының майы бас терісін тыныштандырады. Пироктин оламин және қырмызыгүл сығындысы жасуша деңгейінде қайызғақпен белсенді күреседі, оның пайда болу себептерін жояды. Шаш сау, күтілген күйге енеді. Тұрақты пайдаланған жағдайда шаш сауығады және табиғи жылтырайды, жұмсарады және серпімділікке ие болады. 

Кімдерге арналған?

  • Үйдегі күтімнің кәсіби деңгейде болғанын қалайтындарға.
  • Шашының сау әрі күшті болғанын қалайтындарға.
  • Сульфатсыз сусабын іздеп жүргендерге.
  • Өнім құрамының қауіпсіз болғанына мән беретіндерге.  
  • Өнім құрамы қауіпсіз. SLS пен парабендерсіз.
  • Ұтымды баға.
  • Үнемді: 10 аптаға дейін таза шаш.
  • Айқын нәтиже: жарқыраған, серпімді және жібектей шаштар*
  • Жылу әсерінен қорғайды.
  • УК сәулелерден қорғайды.
  • Антистатика әсері бар.

*Сусабынды бір айдан аса уақыт MUST HAVE шашты қалпына келтіруге арналған Бальзаммен бірге пайдаланған 35 әйел адамның арасындағы ерікті тестілеу нәтижелері бойынша. 

Белсенді компоненттер:

Қоңыр теңіз балдырларының сығындысы шашты ішінен қалыпқа келтіріп, оларға жұмсақ және жібектей түр береді, ылғал шығынынан және жылу әсерлерінен қорғайды (фен, үтік).

Түйежапырақ сығындысы майлануға бейім шаштарды нығайту үшін таптырмас өнім. Бас терісін тыныштандырады және зақымданған тұстарын қалыпқа келтіреді, шашты ластанудан қорғайды және өсуін жеделдетеді.

Шай ағашының майы май бездерінің жұмысын қалыпқа келтіреді, бас терісін сауықтырады, қабынуды жояды және пайдалы заттарға қанықтырады, шаштың жұмсақтығы мен табиғи жылтырауын қайтарады.

Пироктин оламин және қырмызыгүл сығындысы жасуша деңгейінде қайызғақпен белсенді күресіп, оның пайда болу себептерін жояды, терінің тірікенуі мен қабыршықтануының алдын алады.

Құрамы: AQUA, SODIUM COCO-SULFATE, COCAMIDOPROPYL BETAINE, DISODIUM LAURETH SULFOSUCCINATE, GLYCERINE, POLYQUATERNIUM-7, ZEA MAYS STARCH, CYSTOSEIRA СOMPRESSA EXTRACT, MARIGOLD EXTRACT, BURDOCK EXTRACT, PIROCTONE OLAMINE, GUAR HYDROXYPROPYLTRIMONIUM CHLORIDE, FRAGRANCE, TEA TREE ESSENTIAL OIL, CITRIC ACID, SODIUM CHLORIDE, SODIUM BENZOATE, POTASSIUM SORBATE, CI 19140, CI 14720.

Қолдану тәсілі: 

Сусабынды ылғал шашыңызға уқалап отырып жағыңыз. Жылы сумен шайыңыз. Қажет болған жағдайда процедураны қайталаңыз. Тек сырттай қолдануға арналған. ​

Сіздің тұрғылықты жеріңіз