Старая версия сайта

Перейти
LAB for men

Қырынуға арналған гель

Бұл гельмен барынша жайлы әрі қауіпсіз қырынасыз. Оның құрамындағы сорбитол теріні қарқынды түрде ылғалдандырып, ұстараның бетте сырғуын жеңілдетеді. Мөлдір гель теріге тегіс жағылады. Өсімдік сығындылары мен майлар және дәрумендер кешені теріні тыныштандырып, ылғалдандырады, әрі қабынуға қарсы әрекет етіп, жараларды жазады. 

Тері күтімі

200 мл-лік құты

Ресейде шығарылған

290 ₽
!Сыйлық шотынан төлеуге болады

Гель теріге оңай әрі тегіс жағылады, әрі теріні құрғатып, тартып тастамайды. pH 5.5 бейтарап деңгейі терінің гидробалансын бұзбайды. Бұл құрал терінің регенерациясын жеделдетіп, зақымдардың жазылуына септеседі. Гель теріге жанға жайлы салқындық пен ұзаққа дейін жалғасатын балғындық сезімін сыйлайды.

Кімдерге арналған?

  • Жеңіл күтім түрлерін іздеп жүргендерге.
  • Өзін күтетін адамдарға.
  • Ораманың стильді болғанын ұнататындарға.
  • Қауіпсіздікке мән беретіндерге.   
  • Тітіркенбей, жайлы қырыну.
  • Жеңіл жағылады. 
  • Теріге жағымды салқындық береді. 
  • Қарқынды түрде ылғалдандырады.

Құрамы: demineralized water, steareth-10 allyl ether/acrylates copolymer, peg/ppg-15/15 dimethicone, sodium lauroyl oat amino acids, aloe barbadensis leaf extract, quercus extract, sorbitol, peg-12 dimethicone, menthyl lactate and ppg-26-buteth-26 and peg-40 hydrogenated castor oil, d-panthenol, nicotinic acid, tocopherol, ascorbic acid, citric acid and silver citrate, allantoin, parfum, hydroxypropyl guar hydroxypropyltrimonium chloride.

Белсенді компоненттер

  • Беткі-белсенді заттар – барынша жұмсақ, бейтарап pH 5.5 деңгейінде. Теріні құрғатып, тартып тастамайды. Терінің табиғи қорғаныш қабығы – гидролипидтік қабатты бұзбай, тазартады.
  • Сорбитол – айрықша ылғалдандырғыш. Ол бір жағынан жасушадағы ылғалды ұстап тұрады, екінші жағынан ылғалды ауадан тарта алатын қабілеті бар. Терінің үстіңгі қабаттарындағы ылғал мөлшерін бірнеше есе арттырып, қылшықтарды жұмсартып, қырынуды жеңілдетеді. Теріні жұмсақ әрі созылғыш етеді.
  • Аллантоин – теріні қоршаған ортаның жағымсыз әсерлерінен сақтайды. Микрозақымдардың тез жазылып, эпидермис жасушаларының тез жаңаруына септеседі. Жасушаның мүйізді қабатын жұмсартып, теріге күтім жасайтын құралдардың белсенді заттарының терінің терең қабаттарына енуіне көмектеседі. 
  • Covafresh – теріге жанға жайлы салқындық пен балғындық сезімін сыйлайды. Қабынуға қарсы әрекет етеді, тіндердің қанмен қамтамасыз етілуін жақсартады. 

Табиғи сығындылар мен дәрумендер:

  • алоэ, емен сығындылары,
  • C, E, B5, PP дәрумендері.
  • Қырынуға арналған гельді бет терісіне уқалап жағыңыз. 
  • Қырынып алып, бетіңізді жылы сумен мұқият жуып шайыңыз. 

Өнім құрамындағы жеке компоненттерді көтере алмаған жағдайда қолданбаған жөн. 

Өнім туралы пікірлер

Сіздің тұрғылықты жеріңіз