Сайттың ескі нұсқасы

Аударым жасау
LAB for men

Қырынғаннан кейінгі тыныштандырғыш бальзам

Бальзам – терісі сезімтал ерлерге арналған оңтайлы шешім. Қабынуға қарсы әрекет ететін компоненттер микрожарақаттарды жазып, терінің қорғаныш қасиеттерін жақсартады. Майлар кешені қырынғаннан кейінгі теріні жұмсартып, қоректендіреді.

Тері күтімі

200 мл-лік құты

Ресейде шығарылған

295
240

Сезімтал теріге күнделікті күтім жасауға арналған керемет құрал. Қартаю процестерін баяулатып, оңтайлы ылғал деңгейін сақтай отырып, теріні сауықтырады. Қабынуларды басып, теріні тыныштандырып, салқындатады, жаралардың тез жазылуына септеседі. Күн сәулесінің жағымсыз әсерінен қорғайды.

Кімдерге арналған?

  • Жеңіл күтім түрлерін іздеп жүргендерге.
  • Өзін күтетін адамдарға.
  • Ораманың стильді болғанын ұнататындарға.
  • Қауіпсіздікке мән беретіндерге. 
  • Әп сәтте айқын нәтиже береді.
  • Сезімтал теріге де жарайды.
  • Түктердің өсуін баяулатып, сирек қырынуға мүмкіндік береді.
  • Жүйелі түрде қолданатын болса, терінің созылғыштығын 40%-ға арттырады. 
  • Микрозақымдарды жазып, теріні қалпына келтіреді.
  • Қартаю процестерін баяулатады.

Құрамы: demineralized water, CellCode®57, methylene bis-benzotriazolyl ttramethylbutylphenol, ethylhexyl methoxycinnamate hypericum perforatum extract, rosmarinus officinalis extract, green tea extract, isononyl isononanoate, saccharide isomerate, spent grain wax, argania spinosa kernel oil, butyrospermum parkii (shea butter) extract, glycolic acid, lactic acid, citric acid, malic acid, tartaric acid, hydroxyethyl acrylate/sodium acryloyl dimethyl taurate copolymer, ginkgo biloba extract, green tea extract, bambusoideae extract, lotus corniculatus extract, coffea arabica extract, origanum majorana extract, bertholletia excelsa oil, grape seed oil refined, hyaluronic acid, menthyl lactate and ppg-26-buteth-26 and peg-40 hydrogenated castor oil, oxidized corn oil, water and narcissus tazetta bulb extract, niacinamide, calcium pantothenate, sodium ascorbyl phosphate, tocoperyl acetate, pyridoxine hydrochloride, maltodextrin, silica, sodium starch octenylsuccinate, d-pantenol, xanthan gum, citric acid and silver citrate, parfum, vetiveria zizanioides oil, anethum graveolens oil.

Белсенді компоненттер

  • IBR-Dormin® – Тацетта нәркес гүлінің баданасынан алынатын қартаюға қарсы күтім. Терінің жастығын сақтап, ондағы кератиноциттер мен фиброласттар секілді жасушалардың бөліну процесін бәсеңдету арқылы, олардың өміршеңдігін ұзартады. Қосымша уақыт мерзімі жасушалардың қорғаныш ресурстарын жұмылдыруға мүмкіндік береді. Мұндай әсер теріні нығайтып, әжімдерді тегістеуге септеседі. 
  • AHA-кислоты (3 %) – жеміс қышқылдары: гликоль, сүт, лимон, алма, шарап. Қазіргі заманғы косметологиядағы ең әсері күшті ингредиенттердің бірі болып табылады. Теріге қабыршақ түсіргіш, ылғалдандырғыш, қабынуға қарсы және антиоксиданттық әсер етеді.
  • Stimu-Tex® AS – теріні аллергиялық әсерлерден қорғайды, қабынуға қарсы әрекет етеді.
  • Oleoxyne SP – қанның микроциркуляциясы мен жасушалардың бөлінуін үдететін майлы компонент. Басқа белсенді компоненттердің жолсерігі, олардың әрекетін іске қосады. Қабынуға қарсы әрекет ететін қасиеті бар. Терідегі микрожарақаттарды жазады. Теріні қалпына келтіріп, тыныштандырады.
  • Pentavitin® – тиімді ылғал реттегіш ретінде әрекет етеді. Ылғалды ұстап тұрады, терінің созылғыштығын қалпына келтіріп, оның регенерация процестерін жеделдетеді. 
  • Covafresh – айқын салқындатқыш әсер береді әрі қабынуға қарсы әрекет ететін қасиеті бар. Теріге ұзаққа созылатын балғындық сезімін сыйлайды. Тіндердің қанмен қамтамасыз етілуін жақсартады. 
  • CellСode®57 – жасушаның пайда болғанынан бастап одан кейінгі барлық өмірлік кезеңдерінде оған қажетті барлық қорек элементтерін жеткізеді. Жеке жасушаларда да, тұтас тінде де зат алмасудың дұрыс жүруін қамтамасыз етеді. 

Табиғи сығындылар, майлар мен дәрумендер: 

  • гинкго билоба, бамбук, көк шай, кофе, лотоса, майоран сығындылары,
  • ветивер, аскөк, бразиль жаңғағы, жүзім сүйектері майлары,
  • B5, E, B3, B6, B5, C дәрумендері.
  • Бальзамды аздап алып, бет пен мойын терісіне сәл ұрғылап жағыңыз. 
  • Күнделікті қырынған соң немесе бет күтетін негізгі құрал ретінде қолданыңыз. 

Өнім құрамындағы кей компоненттерді көтере алмаған жағдайда қолданбаған жөн.

Өнім туралы пікірлер

Сіздің тұрғылықты жеріңіз