Старая версия сайта

Перейти
LAB for men

Қырынғаннан кейін жағатын гель-комфорт

Гель-комфорт қырынғаннан кейінгі тітіркенуді басып, теріні оған қажетті қорғанышпен күні бойы қамтамасыз етеді. Оның құрамындағы жоғары технологиялық компоненттер қабыршақтану мен қызаруды басуға көмектесіп, жараларды жазады. Гиалурон қышқылы теріге ылғалды толтырса, табиғи майлар оларды жоғалып кетуден қорғайды. 

Тері күтімі

150 мл-лік құты

Ресейде шығарылған

290 ₽
!Сыйлық шотынан төлеуге болады

Бұл құрал терінің жағдайын айтарлықтай жақсартып, микрозақымдарды жазады, әрі қабынуды басып, теріні тыныштандырады. Терінің оңтайлы гидробалансын сақтап, коллаген синтезін жеделдетеді. Теріні қоршаған ортаның жағымсыз әсерлерінен қорғап, қарқынды түрде ылғалдандырады, сондай-ақ оның құрылымы мен сыртқы түрін жақсартады. 

Кімдерге арналған?

  • Жеңіл күтім түрлерін іздеп жүргендерге.
  • Өзін күтетін адамдарға.
  • Ораманың стильді болғанын ұнататындарға.
  • Қауіпсіздікке мән беретіндерге.   
  • Терінің тітіркенуін басады, микрозақымдарды жазады. 
  • Терінің оңтайлы гидробалансын сақтайды. 
  • Күні бойы өзіңізді жайлы сезініп жүресіз. 
  • Майлы не жабысқақ әсер қалдырмай, теріге тез сіңеді. 
  • Терінің сыртқы келбетін едәуір жақсартады. 

Құрамы: demineralized water, CellCode®57, methylene bis-benzotriazolyl tetramethylbutylphenol, ethylhexyl methoxycinnamate hypericum perforatum extract, rosmarinus officinalis extract, green tea extract, ginkgo biloba extract, iris pseudacorus extract, achillea millefolium extract, bambusoideae extract, farnesyl acetate (and) panthenyl triacetate (and) tocopheryl acetate, hypericum perforatum extract, vaccinium vitis-idaea seed oil, ledum palustre extract, polygonum aviculare extract , hydroxyethyl acrylate/sodium acryloyl dimethyl taurate copolymer, oxidized corn oil, cannabis sativa oil, hyaluronic acid, menthyl lactate and ppg-26-buteth-26 and peg-40 hydrogenated castor oil, meadowfoam delta-lactone, xantan gum, citric acid and silver citrate, tocopherol, ascorbic acid, parfum, thymus extract oil, hyssopus officinalis oil, pinus silvestris oil, allantoin, retinol, nicotinic acid.

Белсенді компоненттер

  • Oleoxyne SP – қанның микроциркуляциясы мен жасушалардың бөлінуін үдететін майлы компонент. Басқа белсенді компоненттердің жолсерігі, олардың әрекетін іске қосады. Қабынуға қарсы әрекет ететін қасиеті бар. Терідегі микрожарақаттарды жазады. Теріні қалпына келтіріп, тыныштандырады.
  • Unireduce R-35™ – тері майының секрециясын төмендетіп, жасушалар жарғағын нығайтады, әрі терінің тітіркенуін азайтады. 
  • Гиалуроновая кислота – табиғи ылғал тартқыш. Оның бір молекуласы өз өлшемінен 100 есе үлкен су көлемін ұстап тұра алады. Ол терідегі су балансын тұрақтандырып, коллаген синтезін жеделдетеді. 
  • Meadowlactone™ – теріні қоршаған ортаның жағымсыз әсерлерінен қорғап, оны қарқынды түрде ылғалдандырып, құрылымы мен сыртқы келбетін жақсартады. 
  • Фитомелатонин – альпілік өсімдіктер сығындыларының кешені. Косметологиядағы маңызды жаңалықтардың бірі. Теріні тиімді ылғалдандырады. Айқын бейнеленген антиоксиданттық қасиетке ие. Табиғи SPF-сүзгісі бар, әрі ол терінің сыртқы ортаның жағымсыз факторларынан қорғайды.
  • Covafresh – айқын салқындатқыш әсер береді әрі қабынуға қарсы әрекет ететін қасиеті бар. Теріге ұзаққа созылатын балғындық сезімін сыйлайды. Тіндердің қанмен қамтамасыз етілуін жақсартады. 

Табиғи сығындылар, майлар мен дәрумендер:

  • гинкго билоба, жыланқияқ, мыңжапырақ, бамбук сығындылары
  • кендір, жебіршөп, сайсағыз және қарағай майлары
  • E, A, PP, С дәрумендері.
  • Гельді аздап алып, бет пен мойын терісіне сәл ұрғылап жағыңыз. 
  • Күнделікті қырынған соң қолданыңыз. 

Өнім құрамындағы жеке компоненттерді көтере алмаған жағдайда қолданбаған жөн.

Өнім туралы пікірлер

Сіздің тұрғылықты жеріңіз