Сайттың ескі нұсқасы

Аударым жасау
Energy Life

Алма мен жебіршөп қосылған жеміс-қақ

Тыныштық сыйлар дәм

Алмаға жебіршөп қоссаңыз болғаны — ең дәмді тыныштандырғыш құрал дайын! Жебіршөп пен бір кесе түймедақ шайы қосылған жеміс-қақ — күрделі де күйбең күннен кейінгі тамаша үйлесім тапқан жан рахаты. 

Таза салмағы: 30 г

Ресейде шығарылған

55

Energy Life жеміс қақтары — піскен жемістердің табиғи дәміне бөлейтін пайдалы тәтті. Қосымша дәрумендер көзі. Батончик ағзаға қажетті микроэлементтер мен жасуныққа бай. Жұмыста, мектепте немесе саяхаттап жүргенде жүрек жалғап алатын ас немесе десерт ретінде таптырмас дүние.

Кімдерге арналған?

  • Табиғи тәттілерді жақсы көретіндерге.
  • Дәмді әрі пайдалы аспен жүрек жалғап алғанды ұнататындарға.
  • Балаларға, вегетариандарға.

Өте пайдалы. Құрамы таза: әр жеміс қағында — 100 % жаңа терілген таңдаулы жеміс-жидектер.

Табиғи әрі қауіпсіз. Жеміс-жидектер табиғи жолмен пісіп (ГМА мен химикаттарсыз), өсіп-өнген жеріне жақын маңда өңделеді.

Балаларға пайдасы мол. Жасанды бояғыштар мен хош иістендіргіштер қосылмаған табиғи құрам. Қант қосылмаған*.

Жеңілдетілген технология. Жемістер 55 ℃-та баппен кептірілетіндіктен, құрамындағы дәрумендер, бағалы микроэлементтер (кальций, темір, натрий, магний), жасунықтар мен пектиндер сақталып қалады.

Дәмді әрі тез жүрек жалғап алуға арналған ас. Күш-қуатты әп сәтте қалпына келтіріп, кез келген жерде және кез келген уақытта «энергетикалық аштықтан» қорғайды.

* Құрамында табиғи қант бар.

Құрамы: қоюландырылған алма езбесі, жебіршөп.

 

Тағамдық және энергетикалық құндылығы (орташа мән) 

100 г-да

30 г-дық 1 порцияда 

Калориялығы, ккал (кДж)

280 (1 180)

85 (350)

Ақуыз, г

1,5

0,5

Май, г

0,5

0,2

Көмірсу, г

67

20

Өнім пайдалануға дайын күйде берілген. Құрамында табиғи қант бар.

5 °С-25 °С аралығындағы температурада, салыстырмалы ауа ылғалдығын 75 %-дан асырмай сақтаңыз.

Жарамдылық мерзімі: 9 ай.

Өнім туралы пікірлер

Сіздің тұрғылықты жеріңіз