Сайттың ескі нұсқасы

Аударым жасау
Energy Life

Шоколад пен апельсин қосылған жемісті батончик

Пайдалы тәтті

Шырынды апельсин — жаздың жарқыраған күнінің ықшам түрі секілді. Батончиктің бойды сергітетін қышқылтым реңкті тәтті дәмі мен ғажайып нәзік жұпары ешкімді бей-жай қалдырмайды! Стильді орамада берілген, экзотикалық рахатқа бөлейтін тәтті. Оның әр бөлшегі — табиғи дәрумендердің пайдасы мен қуатына толы. Барлық тәттіқұмарлардың жүрегін жаулайтын мінсіз десерт. Рахаттана жеңіз!

* Тауардың саны мен жарамдылық мерзімі шектеулі.

Нетто массасы: 40 г

Ресейде шығарылған

55
!Сыйлық шотынан төлеуге болады

Шоколадқа малынған апельсин Energy Life жемісті батончигі – қарын ашу сезімін тиімді басып, «ақылды» көмірсулардың арқасында күш-қуатты тез қалпына келтіретін дәмді де пайдалы ас. Бұл қосымша дәрумендер көзі. Батончиктің құрамында ағзаға қажетті микроэлементтер мен жасунық бар. Energy Life — нағыз күннің астында піскен жемістердің табиғи дәмі. Жұмыста, мектепте немесе саяхатта жүрек жалғап алатын ас немесе тәтті ретінде таптырмас өнім.

Кімдерге арналған?

  • Табиғи тәттілерді жақсы көретіндерге. 
  • Табиғи дәрумендерді іздеп жүргендерге. 
  • Дәмді де пайдалы аспен жүрек жалғап алғысы келетіндерге. 
  • Балаларға, вегетариандарға, вегандарға. 
  • Өте пайдалы. Әр батончиктің 98 %-ы жаңа терілген таңдаулы жеміс-жидектер мен жаңғақтардан тұрады.
  • Табиғи әрі қауіпсіз. Жеміс-жидектер табиғи жолмен пісіп (ГМА мен химикаттарсыз), өсіп-өнген жеріне жақын маңда өңделеді.
  • Балаларға пайдасы мол. Жасанды бояғыштар мен хош иістендіргіштер қосылмаған табиғи құрам. Қант қосылмаған*.
  • Жеңілдетілген технология. Жемістер 55 ℃-та баппен кептірілетіндіктен, құрамындағы дәрумендер, бағалы микроэлементтер (кальций, темір, натрий, магний), жасунықтар мен пектиндер сақталып қалады.
  • Дәмді әрі тез жүрек жалғап алуға арналған ас. Күш-қуатты әп сәтте қалпына келтіріп, кез келген жерде және кез келген уақытта «энергетикалық аштықтан» қорғайды.

* Шоколадты батончиктердің әйнекейіне қант қосылған.

Кептірілген өрік, кондитерлік әйнекей (қант, лаурин типті какао-майды алмастырғыш, какао ұнтағы, эмульгаторлар (E322, E476), «Ванилин» тағамдық хош иістендіргіші), кептірілген алма, мейіз, ананас цукаттары (ананас, қант), қоюландырылған апельсин шырыны, қараған шайыры (тұрақтандырғыш), апельсиннің эфир майы.

Тағамдық және энергетикалық құндылығы

100 г-да

40 г-дық 1 батончикте

Калориялығы, ккал (кДж)

320 (1 360)

130 (550)

Ақуыздар, г

3

1

Майлар, г

6,5

2,5

Көмірсулар, г

63

25

 

 

 

 

Өнім толықтай пайдалануға дайын. Тағамның калориясын азайту үшін пайдалануға болады. Өнім құрамындағы компоненттерді көтере алмаған жағдайда қолданбаған жөн. Табиғи өнімдердің құрамында сүйек бөліктері болуы мүмкін.

Өнім туралы пікірлер

Сіздің тұрғылықты жеріңіз