Сайттың ескі нұсқасы

Аударым жасау
Energy Life

«Құрма MIX» жемісті батончиктері

3 дәмнен құралған ассорти

Апельсин, мүкжидек және бадам дәмдеріндегі 3 құрма батончиктерінен құралған коллекция. Табиғи жеміс-жидектер мен жаңғақтардың жарқын дәмінің тәтті үйлесімі ыңғайлы пішінде ұсынылған. Бірден бәрінің дәмін тат!

Нетто массасы: әрқайсысы 40 г-нан 3 батончик

Ресейде шығарылған

150
!Сыйлық шотынан төлеуге болады

Energy life құрма батончиктері – кәмпиттер мен дәстүрлі тәттілердің пайдалы баламасы. Құрамында табиғи қанттың мөлшері көп болғандықтан, құрма тәттіқұмарлықты басып, бойыңызға сарқылмас күш-қуат береді. Өнімнің құрамында пайдалы заттардың мөлшері мол, олар: протеиндер, минералдар, дәрумендер, амин қышқылдары, пектиндер мен өсімдік талшықтары, мұның бәрі адамның өзін-өзі жақсы сезініп, иммунитетін нығайтуына аса қажет. Барынша пайдалы болу үшін, күніне 5-7 құрмадан асырмай жеген дұрыс. Бір Energy Life батончигіне дәл осынша мөлшердегі құрма қосылған. Energy life құрма батончиктері – күні бойына сақталатын жемістер қуаты.

Кімдерге арналған?

  • Табиғи тәттілерді жақсы көретіндерге. 
  • Табиғи дәрумендерді іздеп жүргендерге. 
  • Дәмді де пайдалы аспен жүрек жалғап алғысы келетіндерге. 
  • Балаларға, вегетариандарға, вегандарға. 
  • Өте пайдалы. Әр батончиктің 98 %-ы жаңа терілген таңдаулы жеміс-жидектер мен жаңғақтардан тұрады.
  • Табиғи әрі қауіпсіз. Жеміс-жидектер табиғи жолмен пісіп (ГМА мен химикаттарсыз), өсіп-өнген жеріне жақын маңда өңделеді.
  • Балаларға пайдасы мол. Жасанды бояғыштар мен хош иістендіргіштер қосылмаған табиғи құрам. Қант қосылмаған*.
  • Жеңілдетілген технология. Жемістер 55 ℃-та баппен кептірілетіндіктен, құрамындағы дәрумендер, бағалы микроэлементтер (кальций, темір, натрий, магний), жасунықтар мен пектиндер сақталып қалады.
  • Дәмді әрі тез жүрек жалғап алуға арналған ас. Күш-қуатты әп сәтте қалпына келтіріп, кез келген жерде және кез келген уақытта «энергетикалық аштықтан» қорғайды.

* Шоколадты батончиктердің әйнекейіне қант қосылған.

Мүкжидек қосылған құрма батончигі

Құрамы: құрма, кептірілген алма, жаңа мұздатылған мүкжидек, бадам, какао-май.

Тағамдық және энергетикалық құндылығы

100 г-да

 40 г-дық 1 батончикте 

Калориялығы, ккал (кДж)

370 (1 570)

150 (630)

Ақуыздар, г

5

2

Майлар, г

12

5

Көмірсулар, г

61

24

 

Кокос пен жалбыз қосылған құрма батончигі

Құрамы: құрма, кокос үгіндісі, ащы жалбыз сығындысы.

Тағамдық және энергетикалық құндылығы

100 г-да

40 г-дық 1 батончикте 

Калориялығы, ккал (кДж)

400 (1 680)

160 (670)

Ақуыздар, г

3,5

1,5

Майлар, г

14,5

6

Көмірсулар, г

64

26

 

Бадам қосылған құрма батончигі

Құрамы: құрма, қуырылған бадам, кептірілген өрік, какао-май.

Тағамдық және энергетикалық құндылығы

100 г-да

40 г-дық 1 батончикте

Калориялығы, ккал (кДж)

350 (1 450)

140 (580)

Ақуыздар, г

6,5

2,5

Майлар, г

11

4,5

Көмірсулар, г

55

23

 

Өнім толықтай пайдалануға дайын. Өнім құрамындағы компоненттерді көтере алмаған жағдайда қолданбаған жөн. Табиғи өнімдердің құрамында сүйек бөліктері болуы мүмкін.

Өнім туралы пікірлер

Сіздің тұрғылықты жеріңіз